299
ғасырдың 60-жылдары жасаған «экономикалық өсудің стадия-
лары» атты концепцияның авторы, өзінің осы теориясында қоғам-
ның экономикалық өсу тарихын бес фазаға бөледі:
1) дəстүрлі (таптық) қоғам – бұған қол еңбегін қолдану,
экономиканың негізі ретіндегі ауыл шаруашылығының дамуы,
төменгі еңбек өнімділігі, техникалық-экономикалық өзгерістердің
баяу қарқыны сияқты белгілер тəн;
2) қоғамның алға жылжуы үшін экономикалық жағдайлар
жасау кезеңі – мұнда қоғамның алға жылжуы үшін басты қоз-
ғаушы күштер ретінде ғылымның, нарықтық қатынастар мен
ер кін бəсекелестіктің дамуы, халық шаруашылығында капитал-
дың жинақталуы мен капитал салымдарының өсуі деген фактор-
лар қарастырылады;
3) қоғамның алға жылжуы немесе өнеркəсіптік төңкеріс
кезеңі – мұнда ҒТП-нің жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік
туады, даму үшін үкімет институттарының жəне əдет-ғұрыптар-
дың жасайтын кедергілері жойылады, өнеркəсіптің жекелеген
салалары тез қарқынмен дамиды, қол еңбегі машиналы еңбекке
ауысады;
4) қоғамның кемелдену кезеңі – мұнда экономикалық дамудың
қарқыны өседі, өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен ар-
тады, адамдардың тұрмыс жағдайы өсе түседі, нəтижесінде халық
шаруашылығының барлық салаларында жылдам əрі тұрақты
даму үрдістеріне қол жеткізіледі;
5) қоғамның жаппай тұтынуының жоғарғы деңгейін қам-
тамасыз ететін кезең – мұнда өндіріс көлеміне шектелген ре-
сурстар кедергі келтіреді мəселе жойылады, керісінше, сұраныс
пен экология тарапынан шектелудің туа бастауы өсе түседі, ұзақ
мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы
күшейе түседі. Бірақ Ростоу 70-жылдары өзінің концепциясын
алтыншы кезеңмен толықтырды, яғни бұл кезеңде қоғам адам-
зат үшін өмір сүрудің аса қолайлы жəне сапалы жағдайларын
жасаудың жаңа жолдарын іздеумен айналысады. Сондықтан да
ғалымның көрсеткен қосымша алтыншы кезеңін – қоғамның
сапалы өмір сүруі үшін жаңа жолдарды іздестіру кезеңі деп
атайды.