Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Хекшер-Олин-Самуэльсон үлгісі



Pdf көрінісі
бет403/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Хекшер-Олин-Самуэльсон үлгісі деп те атайды.

Хекшер-Олин үлгісін сыртқы сауданың факторлық тео-



риясы деп атайды. Хекшер 1919 жылғы жəне Олин 1933 жылғы 

өздерінің жеке дара зерттеулерінде мына мəселені алға тартады: 



«əр елде тарихи жəне географиялық ерекшеліктеріне байланыс-

ты өндіріс факторлары – еңбек, капитал жəне жер ресурс-

тары əркелкі орналасқан. Соған байланысты, жұмыс күшінің 

артықшылығы бар елдерге көп еңбек жұмсалатын тауарларды 

өндіруге маманданған тиімді, ал капитал артықшылығы бар 

елдер капиталды көп қажет ететін тауарларды экспорттаға-

ны дұрыс». Олай болса, тауарлардың мынадай түрлерін бөліп 

көрсетуге болады:

− 

еңбекті көп қажет ететін (еңбек сиымдылығын) тауар-




340

лар (мысалы, сигарлар, киім-кешек, қол жұмысымен жасалған 

кілемдер);

− 

капиталды көп қажет ететін (капитал сиымдылығын) тауар-



лар (автомобильдер, ұшақтар, кемелер);

− 

жерді көп қажет ететін тауарлар (дəнді-дақылдар, ағаш 



өнімдері).

Сонымен, біз қазіргі уақытта, еңбек артықшылығы бар елдер, 

капитал артықшылығы бар елдер жəне жер артықшылығы бар ел-

дер туралы айта аламыз. Мəселен, АҚШ пен Жапония капитал 

факторының үлкен дəрежесіне, Ресей мен Бразилия жер (орман) 

факторының бай қорына ие болса, ал Қытай мен Үндістанда еңбек 

факторы жəне жұмыс күшінің аса үлкен армиясы шоғырланған.

Егер елдер əртүрлі өндіріс факторларымен əркелкі қамтыл-

ған болса, онда сол факторлардың бағалары да салыстырма-

лы түрде əртүрлі деңгейде болады. Мысалы, А мемлекетінде 

еңбек факторы көп болса, онда сол фактордың бағасы – жалақы 

мөлшері салыстырмалы төмен болады. Ал В мемлекетінде 

капи 

талдың көп бөлігі шоғырланса, онда капиталдың бағасы 



– пайыз мөлшерлемесі де салыстырмалы төмен болады. Елдер 

өндіріс шығындарының құрамында салыстырмалы арзан фактор 

көптеп қолданылатын жəне салыстырмалы қымбат фактор аздап 

қолданылатын салаларға маманданады. Осыған орай, елдердің 

өндіріс факторларымен əркелкі қамтылуынан салыстырмалы 

артықшылықтар туындайды, ал сыртқы сауданың бағыты əртүрлі 

елдердің өндіріс факторымен қаншалықты қамтылғандығына сай 

жүріп отырады. 

Хекшер-Олин теориясына сəйкес, халықаралық айырбастың 

мынандай дəлелдемесі сипатталады, яғни артылған факторлар-

ды тапшы факторларға айырбастау. Хекшер-Олин теорема-

сы – бұл егер халықаралық сауданың кез келген қатысушысы өз 

əріптестеріне қарағанда, қандай да бір фактордың үлкен көле -

міне ие бола отырып сол факторды тауарлар өндірісінде интен-

сивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға 

тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме. 

Хекшер-Олин үлгісі бірнеше рет тəжірибеде тексеріліп бір-

қатар өзгерістерге ұшырады. Американ экономисі (тегі орыс), 

Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьев 1954 жылы 




341

өзінің мақаласында: «1947 жылы капитал артықшылығына ие 

АҚШ елі еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарды» 

деп жазды. Бұл əрине Хекшер-Олин теориясына қайшы келді. 

Аталмыш сəйкессіздік «Леонтьев оғаштығы» (парадоксы) деген 

атқа ие болды. Оның анықтамасы былай сипатталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет