Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Сұрақтарға жауап беріңіз?



бет12/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119
Сұрақтарға жауап беріңіз?
Осы байланыстарды табыңыздар да, кестеде көрсетіңіздер және ол байланыстарды сипаттаңыздар.
Бұл сұрақты әрқайсысыңыз өз бетіңізше ашып көрсетіңіздер, ол үшін бұл тақырыптың 3 тапсырмасын орындаңыздар. Кестені лекция конспектісінің материалдарына орналастырыңыздар.

1.5 Мектепке дейінгі педагогика оқу пәні ретінде


Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде қарастыру арқылы оның білімгерлер оқитын пән ретіндегі педагогикадан қандай айырмашылығы бар екендігін анықтаймыз. Салыстырмалы талдау жүргізейік.

МДП ғылым ретінде

МДП оқу пәні ретінде

1. Педагогикалық процестер мен құбылыстарды анықтайды, түсіндіреді, болжам жасайды, тәрбиелеу, оқыту, білім беру заңдылықтарын қарастырады.

1. Ғылым ретіндегі МДП негіздерін (заңдылықтарын, принциптерін, теорияларын, технологияларын), яғни МДП-ның ғылым ретіндегі негіздерінің дидактикалық тұрғыдан бейімделген мазмұнын қамтиды.

2.Түсіндірушілік, суреттеп баяндаушылық, болжаушылық, құраушытехникалық, дүние-танымдық функцияларды жүзеге асырады.

2.Білім алушылар үшін оқытушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық функцияларын атқарады.

3.Ғылым адамзат мәдениетінің элементі болатын тың жаңа білімді объективті түрде ашу деңгейінде жұмыс істейді.

3. Білімгер пәнді оқып үйренгенде субъективті жаңалық - өзі үшін бір тың жаңалық ашады.

Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де білімгерлер үшін әртүрлі педагогикалық құбылыстарды көрсетеді. Олардың негізгі айырмашылықтары мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі және оқу пәні ретіндегі педагогикалық білімнің, олардың функцияларының көлемінде, күрделілігінде, объективтілігінде (субъективтілігінде), жаңалығында.
Біз мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде қарастырып, оның жетекші ұғымдары мен санаттарын айқындадық, пәнін, міндеттерін, функцияларын, теориялық негіздерін, басқа ғылымдармен байланысын ашып, педагогикалық құбылыстар – ғылым мен оқу пәнін өзара салыстырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет