Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



бет45/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119
Білім – білім беру мазмұнының негізгі компоненті. Жинақталған білім көп, оны білім берудің әрбір сатысына тиісті қолданатындай етіп педагогикалық бейімдеу қажет (оның ішінде мектепке дейін білім беруді). Жинақталған білім әрқашан нақты практиканың алдында болады, сондықтан білім – мектепке дейінгі білім берудің бірінші элементі болады.
Білімнің әр түрі болады, олардың барлығы бірдей мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ене бермейді. Білім мынадай болып бөлінеді:

  • ары қарай мектепте оқу үшін база бола алатындай негізгі ұғымдар мен терминдер;

  • айналасындағыларды байқау, заттармен жұмыс істеу, ісәрекеттің әр түрі, қорытындылар жасау арқылы жинақталатын фактілер;

  • заңдар, теориялар, тұжырымдамалар (мектепке дейінгі білім беру мазмұнында жоқтың қасы);

  • іс-әрекет тәсілдері және таным туралы білім, балаларға ісәрекеттің негізгі түрлерін жүзеге асыру тәсілдері – қозғалыс, көркем өнер, еңбек, ойын, сөз сөйлеу, коммуникативтік тәсілдер жөнінде білім беріледі;

  • қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы білім беру, балалардағы қарым-қатынас нормалары, өзін ұстау және қарымқатынас жасау ережелері жөнінде білім алады;

  • бағалаушылық білімі, балалар жақсы деген не және жаман деген не екендігін, өзін, іс-әрекетін және тәртібін, басқа адамдардың істері мен қылықтарын бағалау туралы білетін болады.

Мектепке дейінгі бала білімнің қандай түрлерін меңгереді?
Мектепке дейінгі мекемеде теория, заңдар, тұжырымдамалардан басқа білімнің барлық түрі беріледі. Балалардың тікелей байқау арқылы алған табиғат заңдарының орны бөлек (уақыттың өтуі, жыл мезгілдері, олардың заңдылықпен ауысуы). Бұл білімдер өзара байланысты, оларды кешенді түрде үйрету қажет.
Сонымен, мектепке дейін білім беру жүйесіндегі білім айналасындағылар, өзі және басқалар жөнінде балалардың түсінік жүйесін қалыптастырады. Олар балалардың ары қарай оқуы үшін іргетас және тұлғаны дамыту құралы болады.
Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру
Іс-әрекет тәсілдері туралы білім оны іс жүзіне асыру үшін жеткіліксіз. Іс-әрекет тәсілдерін іс жүзіне асыру үшін тұлғаның нақты тәжірибесі қажет. Бұл тәжірибенің негізін практикалық сипатта да, интеллектуалды сипатта да бола алатын білік пен дағды құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың осындай білігі мен дағдыларына мысал келтіріңіздер.
Білік пен білімді жалпы және арнайы деп бөледі. Жалпыға өмірдегі іс-әрекеттің кез келген ситуацияларына қажетті білік жатады: сөз сөйлеу дағдылары, дағдылар және адамгершілік істерінің дағдылары, оқи білу, айтып беру, сұрақтар беру және оларға жауап беру, жүру, жүгіру және т.с.с. арнайы білік пен дағдыға іс-әрекеттің нақты түрлеріндегі білік жатады: музыкалық, сурет салу, конструктивтік және т.б.
Біліктің дамығандығын бағалау мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асады: шапшаңдық, автоматизм, назар қою жылдамдығы, амалды орындауға берілген уақыт, артық қимылдардың болуы немесе болмауы, білім мен дағдыларды практикалык істе қолдану білігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет