Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Баланың өзіне және айналасындағыларына эмоционалдыққұндылық қарым-қатынас тәжірибесі



бет47/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
Баланың өзіне және айналасындағыларына эмоционалдыққұндылық қарым-қатынас тәжірибесі. Мектепке дейінгі жас - тәртіп пен өзара ықпалдастық нормалары мен ережелерін меңгерудің сензитивтік кезеңі. Бұл кезеңде тәртіп негізі қаланады, қоғамда өзін
қалай ұстауы керек, нені істеуге болады және нені болмайды дегендер ге алғашқы тұрақты сенімдері қалыптасады. Бұл дәрежеде жыныстық тәртіп негіздері қаланады, белгілі бір жыныспен салыстыру жағдайы болады.
Білім беру мазмұнының бұл элементі ерекше. Оның мазмұны – білім мен білік емес, айналасындағылардың барлығына және өзінеөзінің қарым-қатынасы.
Білім мен қарым-қатынас арасында үш түрлі өзара байланыс бар:

  • толық үйлесім (тұлғаның нормативті білімі мен қарымқатынасының үйлесуінің тамаша нұсқасы);

  • толық үйлеспеушілік (әлеуметтік нормалар мен тұлғаның қарым-қатынасының үйлеспеуі – әлеуметтік келіспеушілік);

  • ішінара үйлеспеушілік – тұлғаның білімі мен қарым-қатынасы кейбір жағдайларда қайшылыққа келіп қалады.

Баланың білімі мен өзара ықпалдастық қарым-қатынастары бала үшін оның айналасындағылар мен өзіне қарым-қатынас жүйесін жүргізгендігінен байқалады, ол ең алдымен ата-аналар, педагогтар және басқа үлкен адамдар. Орта және ересек мектеп жасында құрбылары басым рөл атқарады. Үлкен адам бала үшін тәртіп және қарым-қатынас үлгісі болып табылады, бағалау әркетіне үйретеді, адамгершілік нормалары туралы ұғым береді, бала тұлғасының адамгершілік сапасын тәрбиелейді. Тәртіптің көп бағыттарын қалыптастыру үлкендерге еліктеу негізінде жүреді, ал оны мақұл көру мектеп жасына дейінгі бала тәртібін жөнге салатын күшті фактор болып табылады. Мектеп жасына дейін қалыптасқан қарым-қатынас негізінде тұрақты наным, құндылықтар жүйесі, істері мен қылықтарының жағымды және жағымсыз жақтарын айыра білу қасиеттері дамиды. Баланың болашағы көбінесе бұл компоненттің дамығандығына және оның әлеуметтік нормаларға сәйкес болуына байланысты.
Сонымен, біз білім беру мазмұнының элементтерін және оның ерекшеліктерін қарастырдық. Қорытынды жасасақ, мектепке дейін білім беру мазмұны өзара байланысты төрт элементтен тұрады. Бұл элементтер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде сабақта және уақытпен шектелмеген іс-әрекет үстінде көрінеді. Білім беру мазмұнының элементтері барлық әдістемелік сабақтар арқылы олардың нақтылы мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Олар балалармен кез келген тақырыпты оқу аясында оқытудың, балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттарында (дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары) көрініс табулары тиіс. Мектепке дейін білім беру мазмұнының басты қозғаушысы үлкен адамдар, ал оның қайнар көзі – әлеуметтік тәжірибе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет