Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ



бет56/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
6-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ
ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жоспар


6.1 «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері.
6.2 Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері.
6.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары, қозғаушы күштері.
6.4 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.
6.5 Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары.
6.6 Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері туралы ұғым.
6.7 Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.
6.8 Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.

6.1 «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері


Ю. К. Бабанскийдің анықтамасы бойынша, «оқыту – мақсатты бағытталған, ретті, педагог пен балалардың өзгеріп отыратын өзара әрекеті, оның барысында оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері шешіледі». Бұл анықтама оқыту процесінде өзара әрекет белгілерін (мақсаттылық, бағыттылық, реттілік, динамикалық) және оның функцияларын (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық) көрсетеді.
И. Я. Лернер берген түсініктемеге сүйенсек, «оқыту – бұл педагог пен баланың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір үзігін меңгеру мақсатындағы өзара әрекеті». Бұл анықтама оқытуды өзара әрекеттестік ретінде сипаттайды, бұл процестің мақсаты мен мазмұнын көрсетеді.
Оқыту - біртұтас педагогикалық процестің ажыратылмайтын бөлігі. Мектепке дейінгі мекемеде оқыту көптеген оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталған, бұл мектепке дейін білім берудің басты мақсаты – мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын жан-жақты, үйлесімді дамуына қол жеткізуге, жақындатуға жағдай туғызады.
Балаларды оқыту үлкендер (педагогтар) мен балалардың түрлі жағдайлардағы, уақытпен шектелген, еркін және білім беру процесіне қатысушылардың өзіндік іс-әрекет жасау процесінде жүреді.
Мектепке дейінгі педагогика бойынша эаманауи сөздіктерде мынадай анықтама кездеседі: «Оқыту – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға білімді, білікті мақсатты, бағытты түрде жеткізу, сол сияқты белгілі бір білім беру бағдарламасы бойынша дағдыларды, пайдалы әдеттерді қалыптастыру».
Біздің міндетіміз – осы анықтамаларды талдау және мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың қолданбалы тіректі анықтамасын бөліп көрсету. Педагогика курсынан біз И. Я. Лернердің анықтамасы толығымен оқыту процесінің мәні мен маңызын жан-жақты көрсететінін білдік. Бұл білім мен білікті ұрпақтан ұрпаққа беру ғана емес, бұл балалардың тиісті жас кезеңінде оның үйлесімді дамуына қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі (яғни, меңгеру тек білім, білік және дағды деңгейінде ғана емес, оның құндылығын, тұлғалылығын түсіну деңгейінде және осының негізінде шығармашылық әрекетін қалыптастыру деңгейінде) жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет