Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде



бет63/119
Дата11.12.2022
өлшемі406,94 Kb.
#56481
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
6.7 Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде
Мектепке дейінгі ересек жасқа келе бастағанда бала көп нәрсені біледі және істей алады. Бұл кезеңде балалар жаңа жас кезеңіне көшуге дайындалады (кіші мектеп жасы), оларда жаңа әлеуметтік көзқарас – мектеп оқушысы көзқарасы пайда бола бастайды. Мектеп жасына дейінгі баланың оқыту процесінде алған ең маңызды нәрсесі оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі болады (танымдық мотивация, мақсат қою, жоспарлау, оқу білігі мен дағдылары, оқу-танымдық белсенділік нәтижелерін бағалау қабілеті). Бұл компоненттердің кіші мектеп жасында қалыптастырылуы жалғасады. Олардың қалыптастырылғандық нәтижесі мектепте оқудың жаңа жағдайына балалардың бейімделгендігінің көрсеткіші және маңызды шарты болып саналады.
П. И. Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөзді-гінде оқу іс-әрекеті - белгілі бір білім көлемін меңгеру, жалпы оқу білігі мен дағдыларын алу, өздігінен білім алу (тану) қабілеті және оны алынған білімді практикада қолдану іс-әрекеттерінің бір түрі ретінде көрсетіледі.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың іс-әрекеттерінің негізгі түрі - ойын. Оқу іс-әрекеті кіші мектеп жасында жетекші рөл атқарады. Сонымен бірге мыналарды түсіну керек: егер мектепте алдыңғы жас кезеңінде іс-әрекет компоненттерін қалыптастыру үшін жағдай жасалмаса, ол қайдан пайда болды. Оқу-танымдық іс-әрекет тікелей балалар ойынынан тумайды. Ол мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық процесінде орын алуы тиіс. Тәрбиеші балаларды оқытқанда мақсатты бағытты түрде оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыру және көрсету үшін алғышарт жасайды.
Әрине, мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде уақытпен мөлшерленген сабақтарда балалар оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі. Балабақшада педагог еркіндікті дамытады, тыңдауды, жауап беруді, сұрақ қоюды, оқу тапсырмасын қабылдау және орындауды, өз жұмысын жоспарлауды, жұмыс орнын дайындауды және жинауды, нұсқау бойынша және жоспар бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Бұл білік біртіндеп күделікті сабақтарда қолдану процесінде жинақталады. Бұл сабақ – балаларды оқытудың мектепте оқытатын сабаққа жақын түрі. Сабақтың бұл түрі педагогтарға оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыруға, ал балаларға – таным процесі барысында өздерін көрсете алуына мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындайды. Педагогикалық практика көрсеткеніндей, мектепке дейінгі мекемеде балаларды жасына сай ұйымдастырылған, мақсатты, бағытты оқыту қажет. Бұл бірінші жағынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруға, балалардың тұлғалық жеке тәжірибесін байытуға жағдай жасаса, екінші жағынан – оқыту мектепке, «мұғалім – оқушы» жүйесінде өзара әрекеттестіктің жаңа типіне дайындайды.
Үйрету – ұйымдастырылған сабақтарда қалыптастырылатын ерекше іс-әрекет. Барлық оқу міндеттерін ойын түрінде шешуге болмайды, өйткені оқыту мазмұны мен меңгеру түрінің арасында қайшылық туады. К. Д. Ушинский ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын көрсеткен. Оқу іс-әрекеті баланың ерекше психологиялық ұстанымын, шынайы өмірге танымдық қатынасын талап етеді. Оқу іс-әрекетінде бала қоршаған орта туралы білім негіздерін меңгереді, білім, білік, дағды, тәжірибе алудың жалпы тәсілдеріне үйренеді, осылайша бала тұлғасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу-танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалай қалыптасатындығын, мектепте оқыту аяғында педагогтар қандай нәтижеге келуі тиіс екендігін қарастырайық.
Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше құрылымы болады (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн және т.б.). Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компо-ненттерді қамтиды: мотивация, оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.
Мотивация – іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы (сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде - танымдық мотивация (жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын), жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив (мектепте оқудың сыртқы атрибутикасының тартымдылығы) болады.
Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу ситуациясында – белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену.
Оқу амалдары – оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу амалдары, эксперимент жүргізу, классификация.
Өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау – оқу амалдары нәтижелерін қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салыстыру. Компонент функциясы – меңгеру нәтижелерін бақылау.
Өзін-өзі бағалауға ауысатын бағалау. Бағалау амалдары білімді меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін тіркейді. Бағалау функциясы – іс-әрекет қорытындысын шығару.
Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін (кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру – оқу, санау, міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с.
Мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті таза күйінде көрінбейді. Біз оқу танымдық іс-әрекет туралы айтып тұрмыз. Оның өзіндік даму және көріну ерекшелігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет