мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мектептегі сияқты сабақта емес, әртүрлі формада жүзеге асырылады (саяхаттарда, ойындарда, әртүрлі іс-әрекет барысында, күнделікті өмірде, күнделікті режимдік процестерде және т.с.с.);
мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде балалар ғылым негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен оқу туралы дағдылар алады (тәрбиешіні тыңдау, сұрақтарға жауап беру, сұрақ сұрай білу, нұсқау бойынша әрекет жасау, ересек мектеп жасында – оқу-танымдық міндеттерді қою және оларды шешу, оның жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен салыстыру);
оқыту іс-әрекеттің барлық формаларында және түрлерінде өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың жетекшілігімен жүреді;
мектепке дейінгі жаста балалар басты нәрсе мен қосалқы нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасында болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін дұрыс қабылдауын қамтамасыз етудің қажеттілігі;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық, үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі, процестің жоғары эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал сияқты факторлар ерекше маңызды;
зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын, әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын анықтайды;
психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды: