Интеллектуалды дайын болу деп баланың оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін іштей ойлауының сәйкес деңгейін айтамыз.
Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын оқушының жетекші іс-әрекеті – балалардан ой еңбегін, қабілетін және таным әрекетін белсенділендіруді талап ететін оқу. Баланың мектепке интеллектуалдық дайын болуы бірнеше өзара байланысты компоненттерден тұрады, оларға мыналар жатады:
қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, сауаттың алғашқы негіздерін меңгеруде білім, білік, дағдылардың аясының кең болуы.
Е. Н. Ращикулина ойлау процесінің тұтастық идеясын және ойлаудың вербалдық компоненттерін (Р. Арнхейм, Л. М. Веккер, Л. А. Венгер және т.б.), сол сияқты ойлау принциптері – табиғатбейнелеушілік, мәдениетбейнелеушілік және толықтырушылық принциптерін негізге алып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап көрсетті.
Одан басқа, мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін жасағанда ол Н. Н. Поддьяковтың бала ойлауының өзіндік даму идеясын ескерді. Бала ойлауының өзіндік даму идеясы, біріншіден, әрбір ойлау қадамы қандай да бір нәрсені түсіндіргенде, жаңа, тиянақты нақты білім берген жағдайда, екіншіден, білім жаңа диффуздық, «анық емес», танылатын объектінің аса белгілі емес жақтарын көрсететін интуитивтік білімнің туу негіздері болған жағдайда болады.