Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


5.2. Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың



Pdf көрінісі
бет125/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   292
205
5.2. Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың 
дəстүрлі жəне заманауи технологиялары
Ұсақ масштабты карталарды құру мен жасаудың дəстүрлі 
технологияларының негізгі кезеңдері. 
Картаны құру– еңбекті 
көп қажет ететін, мазмұндық, дизайнерлік жəне технологиялық 
мұқият өңдеуді талап ететін ұзақ үдеріс. 
Қазіргі кезеңде картаны жасаудың негізгі екі əдісі бар. Бірін-
шісіне картаны қағазда құрып жасайтын 
дəстүрлі əдіс
, екін шісі не 
электронды карталар құратын
компьютерлік технология
жа т а ды.
Картаны жасаудың дəстүрлі технологиясының
өндірістік 
тізбектері саралау-дайындау, картаны құру, баспаға дайындау 
жəне картаны басып шығару кезеңдерінен тұрады.
1. Саралау-дайындау жұмыстары
болашақта жасала-
тын карталардың тақырыбын, мазмұнын, картаға түсірілетін 
аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену, бастапқы материалдарды 
жинауды қамтиды. Негізінен бастапқы картографиялық матери-
ялды жинауға баса назар аударылады. 
Картаны құру барысында қолданылатын барлық матери-
алдарды картографиялық материал немесе 
картографиялық 
дерек көздері
дейміз. Оларға бірінші кезекте жаңа картаның 
географиялық негізін құруға қолданған болатын бұрын басы-
лып шығарылған карталар жатады. Оған көбінесе құрылатын 
картадағыдан масштабы біршама ірі жалпы географиялық карта-
лар қолданылады. 
Тақырыптық карталар негізінен жаңа картаның тақырыптық 
мазмұнының элементтерін құру үшін дерек көзі ретінде 
қолданылады. Ол алуан түрлі болады. Мазмұнының біраз бөлігі 
басқа картадан көшірілуі мүмкін (мысалы, кешенді экономикалық 
картаны құру үшін бастапқы материал ретінде өнеркəсіп, көлік, 
ауыл шаруашылығы тағы басқа карталар тартылады). Мате-
риктер мен дүние жүзі карталарын құру үшін жеке елдер мен 
аймақтардың карталары қолданылуы мүмкін.
Дерек көздері ретінде карталардан басқа төменде көрсетіл-
гендер материалдар қолданылады:
– тірек нүктелерінің координаттарының тізбесі;
– картаның тақырыбына, сонымен қатар, əкімшілік-


206
аумақтық бөлінуіне, географиялық атауларға тікелей қатысы бар 
анықтамалар мен статистикалық деректер;
– əдеби-сипаттау материалдары, ғылыми-техникалық есеп-
тер, кітаптар, журналдар т.б. 
Бастапқы карталар мен тірек нүктелерінің тізбелері негізінен 
картографиялық материалдарға, қалғандары картографиялық ма-
териалдарды толықтыратын дерек көздеріне жатады. Қатаң та-
лаптар негізгі бастапқы материалдарға қойылады. 
Олар картаның масштабына, мазмұнының толықтығына, 
дəлдігіне, заманауилығына, сапалы рəсімделуіне қойылатын 
техникалық талаптарға сəйкес келуі тиіс. 
Картаның шыққан жылымен бекітілетін дерек көздері мен 
ондағы картографиялық материалдар заманауи болуы тиіс. 
Дерек көздерінің заманауилығын дəлелдеу үшін 
кезекші кар-
талар
қолданылады. Олар уақыттың қазіргі кезеңінде əкімшілік-
аумақтық бөлінуде, елді мекендерде, қатынас жолдарында, 
гидрографиялық элементтерде тағы басқаларда болған барлық 
өзгерістер кестеалық дəлдікпен түсірілген карта болып табылады. 
Карта бойынша кезекшілікті картографиялық кəсіпорындардағы 
арнайы ақпараттық қызмет тұрақты түрде жүзеге асырады. 
Картографиялық материалдарды жинақтап бағалағаннан кейін 
картаның сарапшысы мазмұны, атқаратын қызметі, пайдалану 
дəрежесі мен əдістері, техникалық өлшемдері (құруға негіз бо-
латын пішімі, кесінді карталары мен дерек көздері, жаңа картаға 
қажетті бастыратын бояу саны тағы басқалар) жазылған картаны 
құру туралы нұсқау жазылды. Мұнда математикалық элементтері 
мен оны құру əдістері, тақырыптық мазмұнының құрамдас 
бөліктері жіктеліп, оларды құру барысында жинақтау туралы 
нақты нұсқаулар беріледі. Шартты белгілері жобаланып, түсінік 
сөздері жасалады. Картаның жеке бөліктерінің экспериметтік 
үлгілері құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет