Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық карталардың географиялық координат-



Pdf көрінісі
бет169/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   292
Топографиялық карталардың географиялық координат-
тар жүйесі.
Іс жүзінде картадан жергілікті жердегі нысандардың ор-
нын анықтауға немесе көрсетуге тура келеді. Өзің тұрған немесе 
жергілікті жердегі нысанды белгілі нүктенің (сызықтың) орнын 
координаттың көмегімен анықтайды. Қандайда бір беттегі неме-
се кеңістіктегі нүктенің бұрыштық немесе сызықтық өлшеммен 


284
анықталатын орны 
координат 
деп аталады. Географиялық ко-
ординаттар жүйесі география ғылымының барлық салаларында, 
теңіз жəне əуе новигациясында кеңінен қолданылады. 
Жер бетіндегі кезкелген нүктенің экватор мен бастапқы мери-
дианға қатысты орнын анықтауды 
географиялық координат
дей міз.
Географиялық координаттар жүйесінде координат сызығы 
ретінде бірін- бірі қиып өтіп, градус торларын түзетін мериди-
андар мен параллельдер қабылданған. Географиялық координат-
ты оқып-үйрену барысында Жер шар ретінде алынады. Егер Жер 
сферойд ретінде қабылданса, нүктелердің орыны 
геодезиялық ко-
ординаттар
жүйесімен анықталады. 
Гелографиялық координаттар жүйесінде жер бетіндегі 
нүктелердің орыны екі географиялық координат 
ендік
пен 
бойлықты
анықтауға негізделген 
бұрыштық шама
болып табы-
лады [7.17-сурет].
Жер бетіндегі кез-келген нүкте мен экватор жазықтығы ара-
сында түзілген бұрыш 
географиялық ендік
деп аталады. Егер нүкте 
солтүстік жарты шарда орналасса оның
 ендігі
солтүстік
, егер 
оңтүстік жарты шарда орналасса 
оңтүстік
болады. 9.5-суреттегі 
В бұрышы М нүктесінің ендігіне сай келеді. Экваторда орналасқан 
барлық нүктелердің ендігі 0° ал полюста орналасқан нүктелердікі 
90° болады. Ендіктердің мəні 0°-90° аралығында болады. Градус 
есебімен алынған бұрыштың мəні экватордың солтүстігіндегі 
немесе оңтүстігіндегі кез-келген нүктенің қандай қашықтықта 
орналасқанын көрсетеді. Параллель біртекті географиялық 
ендікке ие болатын нүктенің геометриялық орны, ал, меридиан 
нүктенің бойлығы бір текті геометриялық орны болып табылады.
Бастапқы меридиан мен жер бетіндегі кез-келген нүктенің 
үстінен өтетін меридианның арасында түзілген бұрышты 
географиялық бойлық
деп аталады. Бастапқы меридиан ретінде 
Лондон қаласының маңындағы Гривнич астрономиялық 
обсерваториясының үстінен өтетін меридиан қабылданған. 
Барлық нүктелердің бойлықтың мəні 0-180° аралығында бола-
ды. Бастапқы меридианның шығысында 0-180° аралығындағы 
барлық нүктенің бойлығы 
шығыс бойлық, 
бастапқы меридианның 
батысында 0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы 
ба-
тыс бойлық
деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет