Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты



Pdf көрінісі
бет182/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   292
308
Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты
анықтау. 
Егер тұсбағдар болмай аспандағы жарық денелер 
(күн, жұлдыз) көрінбесе, көкжиек тұстарын жергілікті жердегі 
заттардың төмендегі белгілеріне қарап анықтайды:
– ағаштардың сабағының солтүстігінде мүктер мен қыналар 
жабысады; 
– егер мүк пен қыналар ағаш сабағында толық өссе онда көп 
əрі жиі өскен жағы солтүстік болып саналады;
– ағаштардың əсіресе аққайыңның қабығы сабағының солтүс-
тігінде, оңтүстігіне қарағанда күңгірт əрі бұжыр болады;
– көктемде орман алқаптарының солтүстік шеті мен же-
келеген ағаштар мен ірі тастардың оңтүстік шетінде шөптесін 
өсімдіктер көп, əрі жиі өседі;
– орыс шіркеулерінің кресінің төменгі, көлбеу қағылған 
ағашының (темір т.б.) көтеріңкі бөлігі əрқашан солтүстікті 
көрсетеді;
– ормандағы құмырсқаның илеуі əрқашан ағаштардың оңтүс-
тік шетінде орналасады, илеудің оңтүстік жағы солтүстігіне 
қарағанда көлбеу болады;
– ағаштардың бұтағы солтүстігіне қарағанда, оңтүстігінде 
көп, əрі жиі болады.
– таудың солтүстік беткейіне қарағанда оңтүстік беткейінде 
қар тез ериді;
– кесілген ағаштың жылдық сақинасының оңтүстік жағы си-
рек, солтүстік жағы жиі болады.
– орман алқаптарының шаршыларын санмен белгілеу баты-
стан шығысқа жүргізіледі.
Көкжиектің бағыттарын тұсбағдардың көмегімен 
анықтау.
Магниттік меридианның бағытын анықтауға көбінесе 
тұсбағдар қолданады. Ең тиімдісі ішіне сұйықтық құйылған 
Адриановтың тұсбағдары. Ол ортасындағы үшкір өткір ине-
ге магнитті бағдар (3) бекітілген сыртқы қораптан (1) тұрады. 
Жұмыс жағдайында оның солтүстік бағдары əрқашан солтүстік 
магниттік полюсті, оңтүстігі оңтүстік магниттік полюсті 
көрсетеді. Жұмыс істемей тұрған жағдайда магнитті бағдар 
тежегішпен бекітіледі (6). 


309
Тұсбағдар корабының ішінде 120 бөлікке бөлігін шеңберлі 
шкала орналасқан, бір бөлігі 
3° тең немесе 5º ұсақ бөлікке 
бөлінген бұрыш өлшегіш сан-
дардан тұрады. Шкала екі 
жақты сандармен белгіленген, 
ішкі сандар сағат тіліне 
бағыттас 0º-360° аралығында 
15° кейін (5 шкаладан соң) 
жүргізілген. Шкаланын 
сыртқы сандары сағат тіліне 
қарсы бағытта əр 5 шкаланың 
бұрыш өлшегіш бөліктерге 
бөлініп жүргізілген [8.10-су-
рет].
Жергілікті жердегі тірек 
нүктесі ретінде алынған 
заттарға нысаналап, олардың азимутын анықтау үшін 
тұсбағдардың қорабын 
да ай 
налмалы нысаналық құралмен 
орнатылған (4), есептеуді көр сет кіш ортанылады.
Түнде көруге қолайлы болу үшін магниттік бағдар көрсет-
кіштің солтүстік бұрышы мен сандық шкаланың əрбір 90º түнде 
жа рық шығаратын күнгірт бояумен белгіленген.
АК Артериялық тұсбағдары 
қораптан (1) жəне оған орналас-
тырылған бұрыш өлшегіш шкала-
дан (3 ) лимбтен (2) тұрады. Бұр-
ыш өлшегіш 60 бөлікке бөлінген
бір бөлігі теңдей 100 бөлікке 
бөлін ген шкаланың бөліктерінің 
саны сағат тіліне бағыттас 0°-360° 
дейін артады.
Тұсбағдардың қорабында 
қозғалмайтын нысаналағыш те-
тік ор натыл ған, қорапты қозғай 
оты 
рып, магниттік бағдардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет