Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жергілікті жерде картасыз бағдарлау



Pdf көрінісі
бет180/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   292
8.2. Жергілікті жерде картасыз бағдарлау
Бағдарлаудың мəні, түрлері мен əдістері.
Жергілікті жер-
де көкжиектік тұстарына жəне жергілікті жердегі заттарға, жер 
бедерінің құрамдас бөліктеріне қатысты орнын анықтай отырып 
жүретін жолының бағытын таба білуді 
бағдарлау
дейміз. Жыл-
дам əрі дұрыс нақты
 
бағдарлау жақсы бағдарлық заттардың бо-
луына, жұмыс істеу жағдайына (ауа-райы, тəуліктің уақытына), 
картаның сапасына, адамдардың іс тəжірибесіне, орындалатын 
тапсырмаға байланысты.
Жергілікті жерде бағдарлаудың құрамына өзің тұрған 
жердегі көкжиектің тұстары мен сол жердегі ерекшеленетін 
заттарға қатысты орнын анықтау таңдаған бағытпен жүрудің 
сақталуы, жергілікті жердегі бағдарлық заттардың жағдайы 
кіреді. Бағдарлау 
нақты
жəне 
жалпы
болып екіге бөлінеді.
 


304
Жалпы бағдарлауға
баратын соңғы нүктеге жету үшін өзің 
тұрған орынды, қозғаластың бағыт пен уақытты шамамен 
анықтау, оны сақтау жатады. Жалпы бағдарлау карта болмай тек 
қана баратын соңғы нүктеге дейінгі сызба-нұсқа ғана болғанда 
қолданылады.
Нақты бағдарлауға
өзің тұрған орыны мен жүретін бағытты 
нақты анықтау жатады. Ол азимутпен қозғалу, баратын жолды 
картаға түсіру кезінде қолданылады. Орындалатын тапсырманың 
сипатына қарай бағдарлау 
топографиялық картаның
жəне 
тұсбағдардың 
көмегімен жүргізіледі. Нашар көрінетін ауа 
райының күрделі жағдайында топографиялық карта мен 
навигациялық құралдарды қолданып қозғалады. Бағдарлауға 
қолайлы заттар аз жерлерде жəне түнде қозғалатын бағытты 
ази-
мут
арқылы анықтайды.
Біршама өзгеріске ұшыраған жерлер мен ірі елдімекендерде 
аэрофотосуретті пайдаланып қозғалған тиімді. Түнде тұсбағдар 
болмаған жағдайда аспан денелеріне қарап бағдарлау əдістері сол 
кезеңдегі жағдаймен орындалатын тапсырманың сипатына қарай 
таңдалады. 
Жергілікті заттар мен жер бедерінің пішініне қарап өзің 
тұрған орынмен қозғалатын бағытты анықтауды 
бағдар
дейміз. 
Олар пішінімен, түсімен ерекшеленіп, өзінтұрған жерді көзбен 
шалып өткенде жеңіл əрі тез табылады. Бағдарлар 
аудандық, 
сызықтық, нүктелік
болып үшке бөлінеді. Аудандық бағдарларға 
елдімекендер жеке орман алқаптары ірі көлдер мен тоғайлар, 
батпақтар мен басқа да ірі ауданды алып жатқан нысандар кіреді. 
Сызықтық бағдарларға ені қысқа əрі ұзын қашықтыққа созылып 
жатқан жер бедерінің пішіні мен жергілікті заттар, жолдар, канал-
дар, электр желілері, жыралар мен жылғалар т.б. жатады. Олар 
көбінесе қозғалатын бағытты сақтау үшін қолданылады.
Нүктелік бағдарларға
зауыт фабрикалардың мұражалары, 
мұнара текті құрылыстар, жол қилыстары, таулардың шыңдары 
шұңқырлар сияқты алып жатқан ауданы шағын заттар жата-
ды. Нүктелік бағдарлар өзің тұрған орынмен жүріп бара жатқан 
бағытты нақты анықтау үшін қолданылады. Бағдарды дұрыс 
таңдау бақылау жүргізуді, жергілікті жерде бағдарлауды, бағыт 
бойынша қозғалуды жеңілдетеді. Бағдар ретінде жақсы көрінетін 


305
біршама тұрақты жергілікті жердегі заттар мен жер бедерінің 
пішіні алынады (биіктік белгілері, қорғандар, мұнара текті 
құрылыстар т.б.). Нысананы жəне баратын бағытты тез табу 
үшін бағдар тереңінен жəне шетінен бір қалыпты тез таңдалады. 
Таңдап алған бағдарлар санмен белгіленіп, есте жақсы сақталу 
үшін əр қайсысына түсіне, сыртқы пішініне сəйкес шартты ат 
қойылады. Мысалы: «
төбесі үшкір
» немесе «
текшелі төбе», 
«күңгірт орман», «сары жыра
» т.б.
Түнде көретін приборлармен бақылағанда да жергілікті 
жердегі жəне оны қоршаған заттардың түсі ажыратылып, айқын 
көрінбейді. Сонымен күндіз түрі-түсі айқын көрінетін заттар 
түнде бағдарлауға жарамайды. Бағдарлық заттар ретінде алынған 
аудандық нысандар түнде тек бұлдырлап көрінетін сыртқы пішіні 
қара-қоңыр, ақ-қара түсімен ғана нашар ажыратылады.
Жасанды түрде жарық бергенде қозғалмалы көлеңке түзіліп, 
жарық түсірілген аумақ туралы алдамшы түсінік қалыптастырады. 
Сондықтан түнде жүргенде көл немесе өзен, жол, жыра сияқты
сызықтық бағдарларды 
пайдаланған қолайлы. Қыста қалың қар 
жамылғысы жергілікті жердің сыртқы көрінісін біршама өзгертеді, 
қыста бағдар ретінде қардан айқын көрініп ерекшелінетін қара 
түсті жергілікті заттарды таңдаған қолайлы. Қыста қалың жауған 
қар жер бедерін бағдар ретінде қолдануын қиындататындықтан 
көптеген сызықтық бағдарлар да қардың астында көрінбей 
қалады. 
Ауа райының тез бұзылуына байланысты қысты күні 
бағдарлаудың жағдайы тез нашарлауы мүмкін. Сондықтан 
бағдарлық заттармен қатар бағытты анықтау үшін тұсбағдарды 
қолдану қажет. Жергілікті жердің əр-түрлі жағдайына байланысты 
өзіне тəн ерекшіліктері болады. Таулы жерде бағдарлар шетінен 
немесе тереңдігінен ғана емес биіктігімен таңдалады. Далалы 
шөлді жерлерде бағдар ретінде инженерлік құрылыстар, жасан-
ды бағдарлар алынады. Егер өзің тұрған жердің белгілі бағдарға 
қатысты орнын талап етсе, онда төбесі текшелі биіктіктің шығысы 
орман алқабынан 400 м жерде тұрмын деп хабарлау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет