Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет185/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   292
8.12 сурет
.
Ірі масштабты карталарды бір-бірімен жалғау: 
а
) шолу карта-
лары;
б
) карталарды калонналары бойынша бір-бірімен жалғау; 
в )
карталарды жапсырудың реті
Картаны көтеру
жергілікті жердегі жекелеген заттар мен 
жер бедерінің тетіктерін жан-жақты оқып-үйрену мақсатында 
жүргізіледі. Картаны дұрыс көтеру қозғалатын бағытты мұқият
оқыпүйренуге мүмкіндік береді. Картаны көтеру кезінде аса 
қажетті заттарды бояу қарындашпен сызу арқылы бөліп көрсетеді. 
Олардың аты мен сандық деректерінің астын сызып қояды. Кейде 
картада жекелеген нысандармен заттар (көпірлер, мұнаралар, же-
келеген үйлер) мөлшері шағын шартты белгілермен көрсетіледі 
Картаны көтеру барысында жер бедерінің биіктік белгілерінің 
шыңдары, жылға, жота сияқты жер бедерінің жекелеген тетіктері 
боялып (штрихталып), жуандатылған горизонтальдармен 
белгіленеді.
Жергілікті жердегі заттардың тобы төменде көрсетілген 
түстермен көрсетілінеді:


313
– ормандар мен қалың бұталар, бау-бақша сияқты өсімдік 
жамылғысының басқа түрлері-жасыл;
– өзен, бұлақ батпақ, көл-көк;
– жолдар – қоңыр;
елдімекендер қара;
– жер бедері – ашық қоңыр түс.
Карталарды көтеру жергілікті жерді оқып-үйренумен қатар 
жүреді.
Карталарды қаттау. Жергілікті жерде картамен жұмыс істеу 
жеңіл болу үшін оларды қаттайды. Қаттау карталарды көтергенге 
дейін де, кейін де жүргізіле береді. Үйдің ішінде жұмыс істеу 
үшін карталарды қабаттап жинайды. Алдымен ұзыннан созылған 
бағытын, содан соң түзілген жолақтарын жинайды.
Жергілікті жерді карта бойынша оқыпүйренудің жалпы 
ережелері мен реті.
Жергілікті жерді оқыпүйренудің дəлдігі 
мен реті алдыға қойған мақсаттар мен шешуге тиісті міндеттерге 
байланысты болады. Алдымен жергілікті жердің жалпы 
ерекшеліктері, содан соң ондағы жекелеген заттар мен жер беде-
рінің пішіндерінің тетіктерін оқыпүйрену жүзеге асырылады.
Жергілікті жердің жалпы сипатын 
оқыпүйрену барысында жер бедерінің 
елдімекендердің, жолдардың, өзен тор-
лары мен өсімдіктер жамылғысының 
ерекшеліктерімен жан-жақты танысу 
мақсат көзделеді.
Жергілікті жердің жалпы ерекшелігі 
картаға көз жүгірту арқылы жүргізіледі. 
Жергілікті жерді жан-жақты оқыпүйрену 
қозғалатын бағыттың бойындағы жергілікті 
заттар мен жер бедерінің пішіндерінің 
тетіктерін оқыпүйрену мақсатында 
жүргізіледі [8.13-сурет].
Жолды біршама терең оқыпүйрену 
барысында оның бойында көпірлердің, болат құбырлары бар 
бөліктердің, төгілген құм үйінділерінің болуын да ескерту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет