Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет213/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   292
357
10 - т а р а у.
 
ЖЕР БЕТІНДЕ ЖƏНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ТҮСІРУ
10.1. Топографияда қолданылатын проекциялар. 
Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек торлары
Топографияда қолданылатын проекциялар.
Жердің 
физикалық беті жылға, жыра, ойыс, төбе сияқты теріс кеңістіктік 
пішіндерден тұрады. Жер бетінің кеңістіктік пішіндерін жазық-
тықта түсіру үшін ортогональды немесе тік бүрышты проекция-
лар қол данылады. Ортогональды проекцияда жобалау сызықтары 
жоба лайтын жазықтыққа перпендикуляр болуы тиіс.
Жергілікті жердің белгілі бір бөлігін түсіру үшін жанасу 
жазықтығынан эллипсоидтың бетіндегі нүктелер арқылы жердің 
беткі деңгеймен түйілісетіндей түзу жүргізіледі.
Жердің беткі деңгейі РО-мен қиылысатындай АВСD нүктеле-
рін жүргізу арқылы жасалған жобаны авсd нүктелерінің көлде нең 
проекциясы дейміз. 
Осы əдіспен жердің беткі деңгейінде ор на лас қан 
барлық нүктелер жердің беткі деңгейімен сай келеді. Мы са лы, жер-
дің беткі деңгейінде жобаланған
авсd 
төртбұрышы жер бе тін д егі 
АВСD
төртбұрышының көлденең проекциясы бо лып та бы лады. 
Көлденең проекциядағы жер бетінің кеңістіктегі 
АВСD
нүкте ле-
рінің пішінін анықтау үшін жергілікті жердегі жазықтықта кес кін-
делетін 
АаВвСсDd
нүктелерінің арақашықтық 100 метр, көл беу лік 
3° болса енгізілетін түзетулер 14 см тең. Жергілікті жер дегі шағын 
аумақты өлшеу үшін мата немесе болат рулеткалар қолданылады.
көлденең жазықтық 
10.1 сурет.
Жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің көлденең жағдайы.


358
Ұзындықтың орташа нақтылығын анықтайтын приборларға 
20 метрлік рулетка жатады. Рулетка ені 15-20 милиметрлік жұқа 
болаттан жасалады. Ол 1; 0,5; 0,1 метрден бөліктерге бөлінеді. 
Өлшеу таспасының ұшындағы қазықтарды жерге тығатын 
тесіктен басталады. 20 метрлік рулеткалар 6 немесе 11 қазықты 
(шпилькалы) болып бөлінеді. Бақылау мақсатында өлшеу екі 
реттен жүргізіледі. Қашықтықты өлшеудің салыстырмалы 
қателігі 1:2000-ге тең. Өлшеу жұмыстарын екі адам нүктелердің 
арасындағы қысқа жолмен жүргізу керек. 10 метр арақашықтықты 
өлшеу үшін өлшенген түзуді бойлай екі түрлі бояумен боялған 
биіктігі екі метрлік екі ағаш орнатылып əр 20 м. сайын бір түзудің 
бойымен тіктеп аралық қадалар орнатылады. Арақашықтық 
өлшенеді. Мысалы, екі нүктенің арасына 20 метрден бір түзуді 
бойлап тіктеп 10 қада орнатылса 20*10=200 м


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет