Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Түсіру торларының қосындары



Pdf көрінісі
бет215/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   292
Түсіру торларының қосындары
топографиялық түсіру 
жұмыстарын жүргізу қызметін атқарады. 
Арнайы торлар
инжеренлік-техникалық міндеттерді шешу 
қызметін атқарады. Оған еліміз аумағындағы тектоникалық 
белсенді аймақтардағы геодинамикалық алаңдарды да жатқызуға 
болады. Жер бетінің динамикасын анықтау үшін бұл қосындардың 
координаттары мен өзара орналасуы белгілі бір кезеңде жоғары 
дəлдікпен қайта анықтап отырылады.
Оқу торлары
оқу-əдістемелік мақсатта қолданылады. 
Қазақстанның геодезиялық торлары нивелирлік, жоспарлы 
жəне кеңістіктіктік болып бөлінеді. 
Нивелирлік торлар биіктікті есептеу жүйесін тіркеп отыра-
ды. Оларды геометриялық нивелирлеу əдісімен, сонымен қатар, 
жерсеріктік позициялаудың көмегімен тұрғызады. 
Жоспарлы торлар элипсоидтағы жоспарлы координаттарды 
бекітуді қамтамасыз етеді. Оларды:
– əр қосында көршілес қосындар аралығындағы бағыттардың 
көл де нең бұрыштары мен арақашықтықтары өлшенетін 
триан-
гу ля ция

– жүріп өткен қосындар аралықтарының арақашықтығы мен 
бұрыштары өлшенетін 
полигонометрия
;
– тек қосындардың арақашықтығы өлшенетін 
трилатерация
;
– қосындардың жоспарлы координаттарын жер серіктік бақы-
лаулар арқылы анықтайтын жерсеріктік позициялау əдістері нің 
көме гімен құрады. 
Кеңістіктік тор
ғарыштық геодезия əдісімен құрылады. 
Жер бетінде жəне ғарыш аппараттарында бекітілуі мүмкін бо-
латын əр қосында геоцентрлік координаттар жүйесіндегі орнын 
анықтайтын үш координат сақталады. Ғаламдық позициялау 
жүйесіне енетін Жердің жасанды серіктері кеңістіктік геоцентрлі 


360
координаттар сақталатын геодезиялық қосын қызметін де 
атқарады.
Негізін Ф. Н Красовский салған жоспарлы мемлекеттік 
торлардың қарқынды дамуы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жыл-
дарында басталып, елу жылдан астам уақытқа созылды. «Жал-
пыдан жекеге» қағидасымен құрылған торлар дəлдігі жағынан 4 
класқа бөлінеді. Алдымен бүкіл ел аумағын қамтитын І класты
сирек торлы, содан соң біртіндеп жиіленетін ІІ-ІV класты торлар 
қолданылады. І класты жоспарлы геодезиялық торлар негізінен 
төрт бұрышты алаң (полигон) тізбектерінен тұрады. 
І класты геодезиялық торлар төрт бұрышты алаң (поли-
гон) түзетін торлардан тұрады. Триангуляция қатарын түзетін 
геодезиялық торының тізбектері негізінен меридиандар мен парал-
лельдердің немесе полиголометрияның жүріп өту бағыттарына 
сəй кес келеді [10.1 кесте]. 
10.1 кесте
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет