365
ғылыми негізделген жəне жоғарыда аталған міндеттерді ше-
шуге сəйкес келетін жолдардың бойында жүргізіледі. Жоғары
дəлдікке қол жеткізу үшін нивелирлік
желілері теміржолдардың,
қатты төсенішті жəне тас төселген автомобиль жолдарының,
қолжетімділігі қиын жерлерде соқпақ жолдардың, қыстаулардың,
үлкен өзендердің бойын бойлай жүргізіледі. Əлеуетін күшейтіп
жаңғырту, жер қыртысының қозғалысы
туралы деректер алу
жəне тік бағыттағы ығысу карталарын құру мақсатында І кла-
сты нивелирлеу желілерінің барлығында, ІІ класты нивелирлеу
желілерінің көпшілігінде əр 25
жыл сайын қайта нивелирлеу
жұмыстары жүргізіледі.
ІІ класты желілерді нивелирлеу І класты қосындарға негіз-
деледі жəне периметрі 500-600шақырым алаңдар (полигондар)
түзеді. Ал ІІІ класты нивилирлеу желілері І жəне ІІ класты
қосындардың аралығында жүргізіледі. ІІІ класты алаңдардың
(полигондардың) периметрі 150шақырым
шамасында, ал қол-
же
тімділігі қиын аудандарда 300 шақырым болады.Одан əрі
жиілендіру жүріп өту ұзындығы 50 шақырым аспайтын, қосын-
дардың жиілігі топографиялық түсірулердің масштабына жəне
басқа да талаптарға байланысты болатын
жиілігі ІV класты ни-
велирлеу желілерін құру арқылы жүзеге асырылады [10.2-кесте].
10.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: