402
жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген
қағидаларға негізделе отырып,
нивелирлеу кезінде биіктігі белгілі А нүктесі мен биіктігі белгісіз
В нүктесінің биіктік айырмасы анықталады. Биіктігі белгісіз В
(Н
В
) нүктесінің абсолют биіктігін табу үшін абсолюттік биіктігі
белгілі А нүктесінің биіктігіне екі нүктенің
биіктік айырмасын
қосу (алу) арқылы анықтайды.
В
А
AB
H = Н + h
Егер В нүктесі А-н биік болса, биіктік айырмасы оң, төмен болса
теріс болып есептеледі. Көбінесе нивелирлік түсіру жұмыстарын
жүргізетін аумақта абсолют биіктігі белгілі қосындар (репер-
лер) болмайды. Ондай жағдайда
шартты биіктік
деңгейімен
анықтайды. Сондықтан оны
салыстырмалы
немесе
шартты
биіктік
белгісі деп атайды. Абсолют (Н) жəне шартты биіктік
(Н
1
) пен нүктелердің өзара биіктігі һ 10.24-суретте көрсетілген.
Жер бетінің шағын бөлігінде
жердің беткі деңгейінің
көлбеулігі шамалы болғандықтан, көлденең жазықтық ретінде
қабылданады. Сондықтан, түсіру барысында
жоғарыдағы суретте
берілген доға түріндегі мұндай деңгейлік беттер жүйесін шартты
түрде бағыттас көлденең түзулер түрінде ұсынуға болады.
Нивелирлік түсірудің негізгі əдістеріне геометриялық,
тригонометриялық жəне барометрлік нивелирлеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: