Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Орта орбиталы жер серіктік навигациоялық GPS



Pdf көрінісі
бет191/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   292
Орта орбиталы жер серіктік навигациоялық GPS 
жүйесі
. 1960 жылы атомдық сағаттың жасалуына байланысты 
навигациялық мақсатқа координаттық белгілерді синхрондап, дəл 
бере алатын қабылдағыштар торын құруға мүмкіндік 1964 жылы 
АҚШ əскери əуе күштері орналасқан орынды анықтау үшін жалған 
кездейсоқ шулар кодтармен үлгіленген кең жолақты сигналдарды 
пайдалану мүмкіндіктерін жасауға жəне оларды сынауға кірісті.
1973 жылы əскери əуе күштерінің бағдарламалары «Навстар-
GPS» жалпы технологиялық бағдарламаға біріктірілді. Бірақ 
жүйе тек 1995 жылы толығымен іске аса бастады. Бүгінгі таңда 
GPS (Global Positioning System – ғаламдық позициялау жүйесі) 
құрамына Жердің 30 астам серіктері кіреді. Бүгінгі таңда 100-
ге тарта компаниялар əуе, су, автомобиль, теміржол көліктерінен 
бастап құрылыс пен жерді орналастыруға дейінгі адам əрекетінің 
көптеген салаларында қолданылатын қабылдау құрылғыларының 
шамамен 600 түрін шығарады.
GPS жүйесі жылдамдық пен уақыттың векторларына сəйкес 
келетін қозғалыстағы əртүрлі нысанның орналасқан орнының 
үш координатын анықтауға арналған. АҚШ көрсетілетін қыз мет -
теріне қандайда бір арнайы ақы төлеуді қажет етпейтін азамат тық
коммерциялық жəне ғылыми мақсатта пайдалану үшін GPS жүйесін 
стандарттық режимде ұсынады. Ғарыштық сегмент ша ма мен 20 
000 шақырымға дейінгі биіктіктегі 6 шеңберлі орбитада ор на лас қан
31 ғарыш аппараттарынан тұратын орбиталық топ тү зеді. Ғарыш 
аппараттар орбитаны 12 сағатта бір рет толық ай на лып шығады. 


324
ГЛОНАСС Жерсеріктік навигациялық жүйелері.
Жердің жасанды серігін «Космос 1413» ұшырылуына байла-
нысты Ресейдің орта орбиталық навигациялық жүйесін ұшыру 
сынақтары 1982 жылы қазан айында басталды. ГЛОНАСС 
жерсеріктік навигациялық жүйесін қолданысқа енгізу 1995 жылы 
аяқталып, штаттық құрамы 24 ғарыш аппаратына жетті.
Ресейдің зияткерлік меншігі болып табылатын ГЛОНАСС 
АҚШ-тың GPS жүйесіне қарағанда орбитада қызмет еткен 
уақыты қысқалау болды. ГЛОНАСС ғарыштық жерсеріктер 
бағын əлсіз қаржыландыруға байланысты олардың саны 10…12 
бірлікке дейін кеміді. Жүйе толық қанды жұмыс істеу үшін ғарыш 
аппараттарының саны 18 кем болмауы тиіс. 
ГЛОНАСС жүйесіне 191000 шақырым биіктіктегі геоорталық-
ты орбитада 11 сағат 15 минутта бір рет толық айналып шығатын 
ғарыш аппараты қолданылады. Ғарыш аппараттың бортын-
да атомдық стандартты жиілікте жұмыс істейтін орбиталық 
шоғыр 
лармен шағылысатын эталонды электронды уақыт пен 
жиілі к ті қолдану жүйеде радиосигналдарды өзара синхрондау
қамтамасыз етіледі.
Қозғалыстағы нысан 4-тен кем емес радио көрінетін 
жерсеріктерінен сигнал қабылдап, оны 4-тен кем емес жалған 
қашықтық пен жалған жылдамдықты өлшеу үшін қолданады. 
Өлшеу нəтижелері мен «эфемеридті ақпарат» əр ғарыш аппаратта-
рынан қабылдайды. Өлшеу нəтижелері үш координат пен жылдам-
дықтың сəйкес келетін үш векторын, сонымен қатар, ғарыш 
аппараттарының уақыт шкаласына қатысты алғанда нысан ның 
уақыт шкаласының ығысуын анықтауға мүмкіндік бе ре ді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет