338
келеді. Оларды картада кескіндеу горизонтальдардың сызу си-
паты арқылы ерекшеленеді. Бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі
беткейдің түйіліскен жерінде жер бедерінің
иілу сызықтары
пай-
да болады. Оларға
суайрық пен су жинау сызықтары
жатады.
Бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі беткейдің түйіліскен
қырын
суайрық
деп атайды. Ол жер бедерінің дөңес пішініне
жатады. Суайрық біртіндеп аласырып етегіне ұласады. Бір-біріне
қарама-қарсы жатқан екі беткейдің иілу сызықтарын
су жинау
сызығы
немесе
тальвег
деп аталады. Онда еңістен біртіндеп
көтерілу байқалады. Біршама тік беткейдің тегіс текшелермен
түйліскен жері
кемер
деп аталады. Қарама-қарсы тік беткейлердің
тегіс алаңға ұласқан бөлігін
етегі
деп аталады. Беткейдің ернеуі
мен етегінде көлбеулік өзгереді [9.6-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: