Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет194/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   292
329
9 - т а р а у. 
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
9.1. Топографиялық карталарда қолданылатын шарт-
ты белгілердің түрлері. Жер бедерінің жазықтықта 
кескінделу ерекшеліктері
Топографиялық карталарда қолданылатын шартты 
белгілердің түрлері.
Топографиялық карталарды жергілікті 
жердің бедері мен онда орналасқан табиғи жəне əлеуметтік ны-
сандар толық кескінделеді. Топографиялық карта бай мазмұны 
арқылы жергілікті жер туралы алуан түрлі ақпараттар беретін де-
рек көзі қызметін атқарады.
Топографиялық карталарда жергілікті жер жобалаудың 
орто-
гональды 
əдісі арқылы кескінделеді. 
Карталардың географиялық мазмұны нысанның пішінін, 
сандық жəне сапалық сипаттарын көрсететін шартты белгілердің 
көмегімен беріледі. Бейнелерді кескіндеу жиынтығы болып 
табылатын шартты белгілердің пішіні мен мөлшері, түсі мен 
ішкі суретіндегі үйлесімділігі жер бетіндегі географиялық 
нысандардың орналасуын, өзара байланысы мен оларды бір-
біріне қатысты бағдарлауға мүмкіндік беретін карта бізге 
қоршаған кеңістіктің шындығының картографиялық бейнесін 
құруға көмектеседі.
Географиялық шындықтың бейнесі болып табылатын картогра-
фиялық шартты белгілерді құру барысында географиялық білім 
қорына талдау жасау нысандар мен құбылыстардың орналасу 
заңдылықтарын танып-білуге, сол арқылы картада қамтылған 
жергілікті жер туралы бастапқы ақпараттардың қорын арттыруға 
мүмкіндік береді.
Топографиялық карталарда жергілікті жердегі барлық ны-
сандар шартты белгілермен кескінделеді. Олардың сыртқы 
көрінісі мен бояулары кескінделетін құбылыстардың сипаты мен 
ерекшеліктерін айқындайды. Біртекті нысандардың топтары бір-
біріне ұқсас шартты белгілермен көрсетіледі. Олардың сандық 


330
жəне сапалық айырмашылықтары негізгі шартты белгілерге 
аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы құрылады. 
Мысалы, жолдар еске түсіруге оңай сызық түрінде беріледі.
Ірі жəне орта масштабты топографиялық карталарда мас-
штаб 
тық, масштабтан тыс жəне түсіндірмелі шартты белгілер 
қол да ны лады.
Картаның масштабына сай қажетті нысандар мен құбылыстар-
дың ауданын, созылған бағыты мен пішінін, ұзындығын, басқа 
нысандарға қатысты орнын анықтауға мүмкіндік беретін шарт-
ты белгілер 
масштабтық
шартты белгілер деп аталады. Олар 
аудандық (кескіндік) жəне сызықтық деп екіге бөлінеді.
Аудандық немесе кескіндік
шартты белгілер изосызықтармен 
немесе нүктелермен белгіленген сыртқы кескінінен жəне қабатты 
бояулармен немесе сапалық түс əдісімен боялған ішкі бөлігінен 
тұрады. Оларға топографиялық картаның масштабтына сүйеніп 
ауданын, созылған бағытын анықтауға мүмкіндік беретін жер 
бедері, көл, орман алқаптары, батпақ сияқты көлемді нысандар 
жатады. Қажетті нысандардың ұзындығын анықтауға мүмкіндік 
беретін 
масштабтық шартты
белгілер 
сызықтық
шартты 
белгілер деп аталады. Оларды пайдаланып, ірі масштабты карта-
лардан өзеннің, жолдардың, құбырлардың ұзындығын, созылған 
бағытын анықтауға болады [9.1-сурет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет