Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет190/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   292
Топографиялық бағдарлау. 
Көріну жағдайы əртүрлі 
жергілікті жерде жылдам əрі тез бағдарлаудың маңызы зор.
Жергілікті жерде бағдарлауды 
топографиялық бағдарлау
дейміз. Топографиялық бағдарлау жүргізу үшін алдымен уақыт 
пен көкжиектің бір бағыты көрсетіледі. Көбінесе солтүстік 
пен белгілі бір нүктенің арасындағы бұрыш, градус есебімен 
алынған азимут беріледі. Содан соң өзің тұрған орын мен оны 
қоршаған заттар мен оларға дейінгі қашықтық беріледі. Бағыттың 
өзі орналасқан орыннан (солға, оңға, түзу) немесе көкжиектің 
21–1171


322
жақтарының, жергілікті уақыт бағдарлайтын заттың атымен 
топографиялық картадағы орны беріледі.
Топографиялық бағдарлау нəтижесінде адамдар өзі 
тұрған жерден елдімекенге, өзенге, көлге немесе басқа да 
жергілікті ірі заттарға қатысты орны мен бағытын, олардың 
аттарын анықтай білуді үйренеді. Мысалы: жергілікті уақыт 
18º35’. Солтүстік теміржол көпірі, 211,7 м биіктікте тұрмыз. 
Оң жағымызда 3 шақырымда Ивановка; Тура 4 шақырым 
қашықтықта Бежица өзені; 10 шақырым кашықтықта Каменск; 
Сол жақта 3 шақырым қошықтықта Глубокое көлі, бұдан соң 
жолбасшы бағытты көрсетіп, бағдарлау жұмыстарын жүргізеді. 
Топографиялық бағдарлау тұрған орынды карта болмаған немесе 
бағдардан адасқанда байланыс құралдары арқылы хабарлағанда 
да қолданылады. Мысалы: теміржол көпірінің солтүстігіндегі 2 
шақырым қашықтықтағы қорғанда тұрмын; 900 м ол батысын-
да орман; 5 шақырым оңтүстік қашықтықта заводтың екі түтін 
шығатын мұржасын көріп тұрмын.
8.4. Жерсеріктік ғарыштық электронды навигациялық 
құралдардың көмегімен бағдарлау
Тұтынушының ғарыштық электронды навигациялық 
құралдары туралы түсінік. 
Жерсеріктік навигациялық 
жүйелердің көмегімен нысандардың координатын сызықтық 
белгілеуді құру əдісімен анықтайды. Белгілі координаттары бар 
нысаналау қондырғысы ретінде навигациялық жер серіктіктері, 
ал координатты өлшеу құралы ретінде антенасы бар электрон-
ды есептеу қабылдағышы (блогы) қолданылады. Шағын антена-
мен Жердің жасанды серіктерінен біршама əлсіз сигналдың өзін 
қабылдай алатын микрокомпьютерлер мен радиоэлектрониканың 
заманауи озық технологияларын енгізу аталған əдісті іс жүзінде 
пайдалануға мүмкіндік берді.
Қазіргі GPS-қабылдағыштардың өлшемі микрокалькулятор-
лар 
дың өлшемдерінен аспайды. Кері белгілеулерді шешуді 
қамтамасыз ету үшін Жер маңы орбитасында жасанды Жер 
серіктерінің саны 18-ден кем болмауы тиіс. Мұндай сан Жер 
шарының кез-келген нүктесінен бір мезетте кем дегенде 4 Жер 
серіктерінің бақылауына мүмкіндік береді. Жердің жасанды 


323
серіктерінің талап етілетін кеңістіктік координаттарының тұрақ-
тылығы мен жоғары дəлдігі олардың орбитасын тұрақты бақылап 
отыратын жер үсті бекеттері қамтамасыз етеді. Өйткені жер үсті 
бекеттерінің үстінен Жердің жасанды серіктері бір тəулікте екі рет 
өтеді. Позициялайтын Жер серіктік жүйелердің артықшылығына 
ғаламдығы, жеделдігі, кез-келген ауа райында жүргізілуі, оңтайлы 
дəлдігі мен тиімділігі жатады. Олар геодезияда, картография-
да, географияда, жерді орналастыруда, ауыл шаруашылығында, 
авто-, əуе-, теңіз навигацияларында, т.б. салаларда қолданылады. 
«Magellan», «Ashtech», «Rockwell», «Trimble Navigation» (АҚШ), 
«Leica Geosystems» (Швейцария), «Carl Zeiss» (Германия) 
сыияқты көптеген фирмалар ГАЖ деректер жинауға бағытталған 
арнайы позциялау қабылдағыштарын шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет