Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет202/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   292
9.8 сурет.
Қысқартылған көлденең қима-сызба тұрғызу арқылы 
нүктелердің бір-біріне өзара көрінуін анықтау
9.2.Топографиялық табиғи жəне əлеуметтік-
экономикалық нысандардың кескінделу ерекшеліктері
Топографиялық картада су нысандарынының кескінделу 
ерекшеліктері. 
Топографиялық карталарда кескінделетін 
гидрографиялық (су) нысандарға теңіздердің жағалық бөліктері,
көлдер мен өзендер, каналдар, құдықтар, тоғандар, батпақтар
тағы да басқалар жатады. Олардың жанына аттары мен сандық 
жəне сапалық қасиеттерін айқындайтын деректер берілді. 
Топографиялық карталарда масштабқа сəйкес ауданы 1мм
2
асатын көлдер мен жасанды су қоймалары беріледі. Құрғақ жəне 
шөлді аудандарда бағдарлық маңызы бар мөлшері 1мм
2
аспайтын 
шағын нысандар да кескінделеді.


342
1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарға ені 5 метрден асатын, 
1:100 000 масштабты карталарда ені 10 метрден асатын барлық 
өзендер мен каналдар кескінделеді [9.10-сурет]. 
1:50 000 масштабты карталарда ені 5 метрден асатын өзендер 
мен каналдар екі көк түсті сызық пен ені 5 метрден аспайтындары 
бір көк түсті сызықпен кескінделеді. Ірі масштабты карталарда 
өзендердің ені мен тереңдігі бөлшек сан, ал ағысының бағыты 
мен жылдамдығы бағдар сызықпен жəне оның аралығында 
жазылған санмен беріледі .
Көлдердің жағалау сызығында суының деңгейі көтерілген 
жəне төмен түскен кезеңдердегі теңіз деңгейлерінен биіктіктері 
белгіленеді. Өзендер мен каналдардағы өткелдер, тас бөгеттер, 
шлюздер мен паромдар өздеріне сай келетін сандық сипаттары-
мен қоса түсіндірмелі шартты белгілермен көрсетіледі. 
Құдықтар көк түсті шеңбермен белгіленіп Қ əрпі қоса жазы-
лады. Далалар мен шөлді аудандарда сумен қамтамасыз ететін 
басты нысан болып табылатын құдықтарды картадан оңай тауып, 
таңдау үшін біршама ірі шартты белгілермен кескіндейді. Сол 
жағына абсолют биіктігі, оң жағына құдықтың тереңдігі, литр 
есебімен алынған толу жылдамдығы жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет