395
мен аяғында геодезиялық негіздеудің
координаттары белгілі
қосындарына байланыстырылады. Бір шеті геодеодезиялық
негіздеудің қосынына байланыстырылып,
екінші шеті еркін қала-
тын жүріс
бір жағы байланыстырылған жүріс
деп аталады.
Теодолиттік жүрістерді атқару кезінде төменде көрсетілген
жұмыстар жүргізіледі:
– теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықпен, ше-
гемен металл құбырмен жəне бағаналармен бекітеді.
Олардың
жанындағы белгілерде нүктенің реттік саны, жұмысты жүргізген
мекеме аты мен жүргізген жылы көрсетіледі;
– бұрыштарды Т-15, Т-30, 2-Т-30
техникалық теодолиттерінің
көмегімен бір толық тəсілдер жолымен 30’’ дəлдікпен өлшейді.
Нүктенің үстіне 5-10 мм дəлдікпен орталықтандырып теодолитті
орнатады. Нысаналау кезінде дүрбіні (нысаналау түтігі)
қаданың көрініп тұрған ең төменгі бөлігіне бағыттайды. Көлбеу
бұрыштары υ
≥
±2° болса, онда олардың
көлденең ұзындықтарын
есептеп шығарады.
– Көлденең бұрыштары бір толық тəсілдер жолымен өлшенеді
де жартылай тəсілдер арасында лимбаның орнын 90° ауыстырады;
– сызықтың ұзындықтарын 20 м
өлшегіш таспамен немесе ру-
леткамен өлшейді. Өлшемнің екі нəтижесін жəне олардың ортақ
мəнін арнайы даярланған далалық өлшеу кітапшасына жазады.
Əрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы
айырмашылығы бірінші дəрежелі жүрістерде 1:2000, ал 2 дəре-
желі жүрістерде 1:1000 аспауы тиіс.
Теодолиттік түсірудің
Достарыңызбен бөлісу: