Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Мұса Молда Байзақов (1849-1932)



Pdf көрінісі
бет22/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   140
Мұса Молда Байзақов (1849-1932). Түркістан өңірінде туып-өскен. 
Мұса молда шығармашылығында шығыс дəстүрі басым. Датқадан 
шығып, кедейленген ақын өмір шындығын шынайы суреттеуге өте 
бейім боп келеді. Бұрынғы өмір қалпына өз заманы шындығынан 
қарап, сын сөзімен байыптап, кемшіліктерін тауып, сынай біледі. 
Өлеңдерінде сыни көзқарас мол кездеседі (“Есім аға“, “Қайраты бұл 
дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір бүлік болды“, т.б.). 
Мұса молда өлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым болып келеді 
(“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып қартайсаң“, 
“Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“, т.б.). М. Байзақов – мысал жан-
рын дамытуға өзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“, “Жол-
барыс пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“, т.б.). Ақынның 
эпикалық жанрда жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ 
əдебиетіндегі елеулі табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен 
жолбарыс“, “Опасыз жар“, “Сұлу əйел мен молда“) көбіне шығыстық 
желіге, ауыз əдебиетіндегі аңыз əңгімелерге негізделіп жазылған. 
Мұса молда – айтыс өнерін дамытуға да үлес қосқан, əдебиетке жаз-
ба айтыс үлгісін əкелген ақындардың бірі. Оның “Манат қызбен ай-
тысы“ хат арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. Оңтүстік 
өңірінде жиі кездесетін бұл дəстүрді Молда Мұса биік деңгейге 
көтерген. Ақын кеңес дəуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа 
заман“, “Талапты жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы 
алғанда, Мұса Молда Байзақов – діни көзқарасты өз шығармаларында 
орынды пайдаланып, тəрбиелік мəні зор шығармалар туғызған өз за-
манына сай ақын.
Шəді Жəңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының 
Созақ өңірінде туып-өскен. Шығыстың озық үлгілі əдебиетінің 
нəзирагөйлік дəстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы 
белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен 
мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын. 
Бұл саладағы шығармаларының (“Қисса қырық уəзір“ (1911), “На-
зым Шəhир дəуіріш“ (1913), “Қисса Бəлғəм Бағур“ (1910), “Хайбар 
қиссасы“ (1913). “Хикаят халифа həрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр 
7–853


98
бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы 
мен дамуына игі əсері өте зор. Шəдінің төлтума шығармаларының 
(“Ресей патшалығында Романов нəсілінен хұқмынарлық қылған 
патшалардың тарихтары, həм ақтабан шұбырыншылық заманынан 
бері қарай қазақ халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын 
терме“ (1915), “Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан 
оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр басындағы əдебиетте өзіндік орны бар. 
Ақын неге екені белгісіз күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, 
өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті на-
сихаттайтын шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы 
екендігі шығармаларында ертедегі шығыс əдебиетінде қалыптасқан 
сопылық сарынның мол болуынан көрініс табады. Жастайынан ел 
басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңдерінде 
ел билеген əкімдерді, кейбір байларға тəн дүниеқоңыздықты, 
озбырлықтарды еркін сынап отырады. Оның “Бөрбас байға“, “Отын-
шы байға“, “Бір молдаға“, т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік 
түрде көрсетілген. Жалпы алғанда, Шəді шығармашылығының ХХ 
ғасыр басындағы əдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше 
орны бар. 
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар 
да болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, 
Ақылбек Сабалұлы тəрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті 
қиссалар жазып, немесе бастырып шығарумен айналысқан. 
Шығармаларының қай-қайсысында болмасын діни уағыз, дін 
құдіреттілігі жайлы ойлар өріс тауып отырған. 
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетінде діни-
ағартушы ақындар өзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың 
шығармашылығы көлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан 
мейлінше бай болып келеді. Талант, дарындары əрқилы ақындардың, 
өзіндік қолтаңбалары да əрқилы. Бұларды біріктіретін басты белгі – 
діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-мұраттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет