Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет24/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140
Бес жаста бісміллə айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған келді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған “Мəшhүр“ атты.
Ақын өзі айтқандай, сегізге енді толған шағында қалың топтың 
алдына шығып, ауыз əдебиетінің озық үлгілерін шығыстық қисса-
дастандарды, лиро-эпостық жырларды нəшіне келтіріп, келістіре 
жатқа оқиды екен. Оның өнеріне риза болған Шорманның Мұсасы 
Жүсіпке “Мəшhүр“ атағының таңылуына себепкер болыпты. Ол 
Мəшhүрдің тақиясына үкі тақтырып, “Бұл бала өз заманында 


101 
халыққа Мəшhүр болатын бала екен” депті. Содан бері Жүсіп атына 
“Мəшhүр“ атағы қосақталып айтылатын болған.
Бүгінде Мəшhүр Жүсіптің өмірін, ақындығын зерттеп
жүр ген Қ. Жүсіпов, С. Көпеев тəрізді немерелері, Н. Жүсіпов, Г. Жү-
сіпова сынды шөберелері келтірген “əулеттік архив” деректеріне 
жəне ақынның өз өлеңдеріне қарасақ, оның өмір жолы былай өріледі. 
Мəшhүр Жүсіп 5 жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының 
медресесіне барып, Нəжімолдин хазіреттен алғашқы дəріс алады. 
8 жасынан бастап Қамариддин хазіреттен оқи бастайды. Бұл кісі 
Омбы облысының ахуны болған өте білімдар адам болса керек, 
Баянға Шорманның Мұсасының шақыруымен келген екен. Осы 
ғұламаның қолында Мəшhүр 15 жасқа дейін оқиды.
1874 жылдан, яғни 16 жасынан өзі де ұстаздық жолға түседі. 
Балаларға діни сабақ үйретумен бірге, оларды халықтың ауыз 
əдебиетіне, музыка өнеріне, қолөнерін үйренуге бейімдеп тəр-
биелейді.
Ақын 20-25 жас аралығында Сарыарқаны аралайды, Жетісуды 
көреді. Қазақтың небір игі жақсыларымен араласып, таныс-біліс бо-
лады. Мəшhүр Жүсіп Көпеев Бұқара, Түркістан, Ташкентке бірнеше 
рет барып, білімін жетілдірген. Ол алғаш рет Бұқараға 1887 жылы 
29 жасында барады. 
Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің өз өлеңдеріндегі деректер бойын-
ша 1895 жылы араға сегіз жыл салып ол жаққа қайта жолы түседі. 
Ақынның бұл екінші сапарының мақсаты да ғылым жолы еді. Ал 
Бұқара, Ташкентке жасаған үшінші сапарының жөні бөлек. Мұның 
себебі, Мəшhүр Жүсіп 1907 жылы жарық көрген үш кітабы үшін 
(“Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Тірлікте көп 
жасағандықтан көрген бір тамашамыз”) қудаланып, осы кітаптарды 
бастырып шығарған Қазан қаласындағы Хұсайыновтарға он екі 
мың айып салынады. Ақын патшаға қарсылар тізіміне ілігіп, ел 
ішінде жасырынып жүреді. Бұқара, Ташкентке үшінші рет сапар 
шегуі осыған байланысты.
Мəшhүр ғұмырнамасын өте жақсы білетін Дихан Əбілевтің 
“Мəшhүр Жүсіп“ атты естелігінде (“Жұлдыз“, 1992, №2) мынадай 
дерек бар: “Дала уалаяты“ газетінде басылған 1905 жылғы “Қанды 
жексенбі“ өлеңі, “Сарыарқа кімдікі“ толғауына байланысты патша 
жандармдары Мəшhүрді тұтқындап, соттатып жібермек болғанда, 
Мəшhүр лажсыз төрт-бес жыл бойы Орта Азия жақта қашып 
жүрген”. Өйткені “Сарыарқа кімдікі” толғауында ата-бабаның 


102
қасиетті мекені, елге ырзық, малына құт, қазақтың кең сахарасының 
ортасынан ойып орын алған киелі Сарыарқаны патша отаршыл-
дары озбырлықпен тартып алғанын ащы шындықпен əшкерелеп, 
халықтың ауыр хал-қасіретін тебірене жыр еткен.
Айрылды біздің қазақ Есілінен,
Өзінің болған емес кесірінен.
Жер мүлкі шаруаның қызықты ең-ау,
Қойнында құшақтаған жесірінен.
Осы өлеңдегі ақын айтпағы “Ұйқыңнан оян! Елдігіңді ұмытпа!”. 
Елдің еңсесін басып, езгіге салып үкілі арман-мұратының күлін 
көкке ұшырған отаршыл патша өкіметінің əккі саясатын Мəшhүр 
Жүсіп осы “Сарыарқа кімдікі“ өлеңінде жалтақсыз, ашықтан-ашық 
айтады. Əрине, бұл сияқты өткір тілді адамның патша өкіметіне 
ұнамайтыны белгілі. 
Ғылым мен өнерді өз өнерпаздығының туы етіп көтерген 
Мəшhүрге ақындық өнер қашан қонғандығының оның өлеңдері 
арқылы білеміз. “Мəшhүр атты қалай алғандығы туралы“ атты 
өлеңінде ақын бұл туралы былай дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет