Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет23/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Діни-ағартушы бағыттың басты ерекшеліктері.
2. Діни-ағартушы бағыт өкілдері жəне шығыс əдебиеті.
3. Қиссашыл ақындар шығармашылығының өзіндік ерек шелік тері.
4. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығындағы діни таным 
негіздері 
5. Абай жəне діни-ағартушы ақындар.


99 
4 ТАРАУ
МƏШһҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
(1858-1931)
4.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
Мəшhүр Жүсіп – көп жасап, талай тарихи оқиғалардың куəгері 
болған, көргеніне қарай түйгені мол, өлең өнерінде өзіндік өрнегін 
сала білген өз дəуірінің көрнекті ақыны. Ол – заманының білімпазы 
ретінде дін мен өнерді қатар ала жүріп, бірінен елге адами үлгі-
өнеге шашса, екіншісінен ұлтының рухын көтеріп, болашаққа деген 
сенімін арттырған жан.
Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Оның үшеуі 
де 1907 жылы бірінің артынан бірі қатарласа шығып, елінің көз 
қуанышына ғана айналып қоймай, көкірек көзін ашып, санасына 
сəуле түсірді.
Мəшһүр Жүсіп “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамаша-
мыз“ атты кітабында (1907) замана шындығын суреттеп, көкейкесті 
мəселелерді көтере білді. Қайбір мəселе болмасын ел өмірін 
жете түсінетін ақын ретінде ілгершіл ой айтып, қоғамдық өмірді 
əлеуметтік шындық тұрғысынан көрсете алды. Сол тұстағы саяси 
ахуалды дəл аңғарғандықтан, өлеңдеріндегі ой орамдары қазақтың 
алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып жатады. 
“Қазақ жұртының осы күнгі əңгімесі“, “Ақ қағаз, қалам сия келет 
бізге“, “Ырыссыз жоқ нəрсеге ерінеді“, т.б. өлеңдеріндегі тарихи 
оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-
тұжырымдарының мол болуы, оның ақындық қабілет-дарынының 
ерекшелігін айқындай түседі. 
“Хал-ахуал“ (1907) жинағында замана сипаты бірқыдыру 
кең суреттелінеді. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз 
қылықтарды ащы сынайды. Бұл кітабында ақын отаршылдықпен 
ере келген кесірлі құбылыстарды да аша білді. Өз тұсындағы 
өмір шындығын шынайы көрсету мақсатында жағымсыз образдар 
бейнесін сол ортадан ойып алып жасады. Өлеңдерінде ел-жұртты 
аямай сорып отырған билер мен əкімдер, озбыр байлардың келімсіз 
кейпін естен кетпестей шебер бедерледі. 
“Сарыарқаның кімдікі екендігі“ (1907) жинағындағы өлеңдерінде 


100
ұлт мүддесін көбірек көтеріп, көбірек қолдайды. Халықты оянуға, 
өнерге, оқып жетілуге, мəдениетті ел болуға шақырды. Түркі тектес 
халықтардың бірлігін жақтады. Ақынның бұл жинақтарында жал-
пы діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көзге 
түседі. Бұл – ақынның алған білімінің, дүние өзгерісіне өзіндік 
көзқарасының көрінісі. 
Мəшhүр Жүсіп – қоғамдық қозғалысқа белсене араласпағанымен, 
біршама шығармаларымен тарихи дамудың барысына тікелей ат 
салысып, қоғамдық ой-сананың өрістеуіне елеулі еңбек сіңірген 
ақын. Кезіндегі саяси істерге тікелей қатысы болмағанымен, əдеби 
шығармалары арқылы патша чиновниктерінің қудалауына ұшырап, 
қуғын-сүргін де көрді.
Мəшhүр Жүсіп Көпеев ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің əртүрлі 
саласында қалдырған мол мұраларымен қазақ əдебиеті тарихының 
аталған кезеңінен ерекше орын алады. Ол қазақтың ауыз əдебиетін 
өзіне дейінгі ірі ақындардың шығармашылығын білумен бірге, 
Шығыстың əйгілі классиктері Фирдоуси, Науаи, Низами, Сағди, 
Хафиз шығармаларымен де жете таныс болған. Солардан көп үйрене 
отырып, өзіндік ізденіспен қол жеткізген мол білімнің арқасында 
сөз өнері өнерпаздығының биігіне көтерілген ақын. Ол – өмір бойы 
ғылым-білім үйреніп, өмірі ізденіспен өткен, ғылым-білім арқылы 
ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура жолды нұсқай білген 
ғұлама жанның бірі.
Ғажайып мұраларымен халқының көңіліне ұялап “Мəшhүр“ 
атанған Жүсіп Көпеев 1858 жылы Баянауылда Найзатас деген жер-
де дүниеге келеді. Өзінің “Мəшhүр“ атқа ие болу жайын “Өмірбаян“ 
атты өлеңінде былай баяндайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет