Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет25/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   140
...Кеудеге он бес жаста ғылым толды,
Толысымен тасып кетіп өлең қонды.
Мəшhүр Жүсіп аталған өлеңінің басқа шумақтарында өзінің 
ұстаз алдында білім алған кейбір сəттерін өте бір ризашылық 
сезіммен еске алады. Біз ақынның өлеңіндегі өз өмірбаянына 
қатысты деректерді шынайы қабылдауымыз керек. Яғни, Мəшhүр 
өлеңді 15 жастан жаза бастаған.
Кезінде ел ішіндегі кедей-шаруа мен кейбір байлыққа 
ісінген жуандар арасындағы қарама-қайшылықты көре отырып, 
ақынның ақиқат шындықты айтам деп, ел “пысықтарына“ жақпай 
жалғызсыраған кездері де көп болған:
Кейде мен көп сөйледім аузым бақпай,
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.
Туысқа тура жолды айтамын деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.


103 
Мəшhүр Жүсіптің есімі көзі тірісінде-ақ елге танылған бола-
тын. Оған себеп оның кітаптары дер кезінде жарыққа шығып, 
қалың қазақтың көзі ашығының қолына тиген еді. Ол халықтық 
мұраларды жинау арқылы да ел ішінде өлшеусіз беделге ие бол-
ды. Ел арасындағы игілікті істері де атағына атақ, даңқына даңқ 
қосып отырды. Замандасы М. Дулатовтың “Оян, қазақта” орыстың 
көрнекті ақын-жазушыларына қазақ ақындарын теңей отырып, 
солардың қатарында Мəшhүрді де атауы бұған дəлел:
Оралдан Əбубəкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мəшһүр Жүсіп о да шықты.
Бұлардың əрбір сөзі пайдаға асқан, 
һүнерін хатқа жазып халыққа шашқан
Мақтап өлең айтпаған нəрсе алуға,
Ғажайып хикмəттің кілтін ашқан.
Жоғарыда айтқандай,
Жабысты өлең маған он бес жаста,
Жұрт айтты “Не қыласың“ – деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа, –
деп, ақындық жолға ерте түскен Мəшhүр Жүсіп өз өлеңдерінде 
көбіне заман жайынан толғап, өз жұртының қыңыр мінезі мен 
кесірлі қылықтарын, би-болыстардың берекесіз тірлігін өткір сынға 
алып, ел жайын күйзеле жырлады. Халықты оянуға үндеп, бірлігі 
бекем, азат, еркін ел болуға шақырды. Ақынның осы сипаттағы 
өлеңдерінен көздеген ой-идеясы айқын аңғарылады:
Өнерге, ғылым-білім болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Мəшһүр Жүсіп – тек ақындық өнерімен ғана танылып қоймаған 
жан. Ол – ел ішінде əулие атанып, талай ғажайып аңыз əңгімелерге 
арқау болған адам. Немересі Сүйіндік Көпеевтің естелігі бойынша, 
Мəшһүр көріпкел жан болған екен. Сол кісінің əңгімелеріне на-
зар салсақ, мынадай жайларды аңғарамыз. 1920 жылдары Мəшһүр 
“Сарбұлақ” деген жерге қоныстанып, қыстау салдыра бастайды. 


104
Оның құрылысын 1930 жылы аяқтайды. Сол жылдың жазында өзіне 
зират үй де тұрғызады. Ол біткен соң өзіне-өзі құран оқытып, ас бер-
ген. Мұның жайын сұраған елге “келер жылы дүниеден өтемін, арғы 
жылы маған ас бермек түгілі қоңыз теріп кетерсіңдер” дейді екен 
жарықтық. Қайтыс болар жыл – 1931, ал асы берілер жыл – 1932. 
Көріпкелдің қателеспегеніне уақыт куə. Ол кісі өзі өмірден өтер жа-
сын үнемі ескертіп отыратын болған. Оны “Бұхарада оқып жүргенде 
бір əулиеден естідім, “мені айналып, таяғымен түртіп “72-73” – деп 
кетіп қалды” дейді екен. Содан соң “73-ке келгенше балталасаң да 
өлмеймін, 73-ке келген соң, шақырсаң да келмеймін” деген болжам 
жасайды екен. Бұл болжамы дəл келіпті. Мəшһүр-Жүсіп Көпеев 
1931-қой жылы күз айында, күндізгі уақытта дүниеден өтеді. Ди-
хан Əбілов жазып алған үлкен баласы Шəрапидің естелігі бойынша 
осылай. Бір таңғаларлығы Мəшһүрдің өзі салдырған зиратындағы 
ашық жерленген денесі 21 жыл бойы бұзылмай жатқан. Мəшһүр-
Жүсіптің зират үйі туралы Дихан Əбілов былай деп жазады: “Ауыз 
үйренген сөз болған соң зират дейміз ғой, əйтпесе, үсті екі бөлмелі 
кірпіш үй, асты Мəшкеңнің денесі жатқан Кең сарай кесене, Ауыз 
бөлмеде – плитка-қазандық, самауыр, шəйнек, шелек, ожау, тəрелке, 
қасықтарға дейін бар, төр бөлмеде – дөңгелек үстел, кітап, жəйма 
төсеніш. Босаға жақ солтүстік бұрышта насыбай үккіш, шоқпар, 
үстел үстінде мүйізді қара шақша. …Бөлменің (астыңғы Ө.Ə.) батыс 
іргесін ала бір жарым метрге жуық биік нар, ағаш төсек үстінде ақ 
жабылған Мəшкең, қайран жарықтық Мəшкең жақсы бір түс көріп 
жатқанға ұқсайды. Пішіні, кескіні, келбеті тірі күндегісіндей сым-
батты”.
Осындай қасиетті жанды кеңестік дəуірдің əпербақандары қадір 
тұтпау былай тұрсын, өші бардай зиратын талқандап, мүрдесін 
жермен-жексен етіп тынды. 1952 жылдың 10 желтоқсанында 
“Социалистік Қазақстан” газетінде Мəшһүр Жүсіптің діншілдік, 
ұлтшылдығын əшкерелеген мақала жарияланды. Соған байланысты 
Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің қаулысы 
шықты. Содан көп ұзамай жаны жанаттағы əулие жанның зираты 
екі милиция, бір трактордың күшімен қиратылды. Осы іс-шараның 
басында жүрген аудандық партия комитетінің хатшысы Кенжебай 
Макиннің айтуы бойынша басты себебі мынау (Дихан Əбіловтің 
естелігі): “Партияның үгіт-насихатынан Мəшhүр Жүсіп аруағы 
беделді боп барады. Мəшhүрді əулие тұтады. Басына, зиратына ба-
рып ел адамдары түнейді“ Партия атқа мінерлері Мəшһүрдің зира-


105 
тын қиратып, жансыз тəнін қорлағанмен, оның өлмес рухын адам-
дар санасынан жойып жібере алған жоқ. Мəшкең өзінің мəңгілікке 
сапар шеккен өлең өнерімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, ке-
лешекке жол тартары шындық. 
Ақынның артында қалдырған мол мұрасы тек өлең-жырдан 
ғана тұрмайды. Оның өз қолымен жазып қалдырған қолжазбасы 
зерттеушілердің айтуы бойынша 30 томдай. Онда қазақ халқының 
тарихы мен салт-дəстүрі, өнері мен əдет-ғұрпына қатысты ұшан-
теңіз бай материал бар. Ондағы Мəшһүр жинаған ауыз əдебиеті 
үлгілерінің өзі – бір кісінің ғұмырына татитын еңбек. Мəшһүр-
Жүсіп 1881 жылы түрколог ғалым В.В.Радловпен кездесіп, өзінің 
жинаушы ретіндегі ісіне бағыт-бағдар алады. Бұл туралы “Егер ол 
(Радлов Ө.Ə.) болмаса қазақтың көптеген дастан-жыры ұмыт ке-
тер еді” дейді Мəшһүрдің өзі. Мəшһүр Жүсіп қазақтың əргі-бергі 
тарихындағы ірі ақындарынан Қотан, Бұқар, Көтеш, Шортанбай
Шөже, Ұлбике, Шернияз т.б. өлең сөздерін, өмір-деректерін жа-
зып, қалдырып кеткен. Шешендерден Төле, Ақтайлақ, Саққұлақ, 
Бөлтірік т.б. туралы деректер беріп, асыл сөздерін, кейінгіге үлкен 
еткен. Қазақ ауыз əдебиетін “Үлгілі сөз”, “Баталар”, “Ертегі”, 
“Жар-жар”, “Қайым айтыс”, “Айтыс”, “Жоқтау” деп бөліп-жіктеп, 
əрқайсысынан көптеген үлгілер жазып қалдырған. Мұның бəрін 
“Қара Мес” атты екі қолжазба жинағына кіргізген. Мəшһүрдің 
кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен ұлттық мұрамыздың үлгілері – əлі 
талай ұрпақ сусындар асыл қазына. Олар оның өлең-жырларымен 
бірге мəңгі жасай бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет