124
Біз келдік шөбі тəтті жерлер бар деп,
Жұртқа айттық: “Қыс келеді, күзем ал!” – деп.
Үстінен əр ауылдың бір айналып,
“Қазағым, жаман болма, жақсы бол!” – деп.
Тырна бейнесі ел басына төнген ауыртпалықтарды жеңілдетпек
боп, еліне емірене үндеу айтқан халық зиялыларының бейнесін та-
нытатын сияқты. “Жақсы бол” деген тіркеске ақын сол қоғамдағы
туған халқының ұлттық болмысына, тұрмыс-жағдайына ауа-
дай қажет маңызды құндылықтарды сидырған. Жақсы болудың
негізі – көзі ашықтық, көкірегі ояулық, надандық құрсауынан
босанып, білім-ғылыммен сусындау, адамдық асыл қасиеттерді
жоғалтпау. Бұның өзінен ақынның азатшылдық, діни-ағартушылық
көзқарастарының мысал өлеңдерінің де өнбойынан орайын тауып,
көрініс беріп жататындығын аңғара аламыз. Ал енді замана келбеті
Мəшһүрдің өз тарапынан былайша білдіріледі:
Халайық: аманы бар жаманы бар,
Көп малдың жүйрігі бар шабаны бар.
Біреу жылап, біреулер күлген заман,
Достарыңызбен бөлісу: