Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Мысалдары мен дастандары



Pdf көрінісі
бет32/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   140
4.3 Мысалдары мен дастандары
Мəшһүр Жүсіп Көпеев өлең, толғаулармен бірге мысалдар да 
жазған. Оларда да жоғырадағы тақырыптар сөз болып, сол идеялық 
ой жалғасын табады. Мысал өлеңдер аса шеберлікті қажет ететін 
талғам мен таным тереңдігін ақын алдына көлденең тартатын


121 
белгілі бір сюжеті бар, оқиғалы қиын өлең түрі. Сондықтан да 
мұнда қоғамның ең маңызды, күрделі мəселелері бой көтеріп, өткір 
қойылады. Мысалда ақын тарапынан қалың қауымға арналар ғибрат, 
үлгі-өнегені насихаттау секілді дидактикалық мəн басым болады.
Ақынның “Жарты нан хикаясы” атты мысал өлеңі өзінің терең 
мəнділігімен де, айтар өсиетінің өресімен де құнды. Бұнда бір жо-
лаушы жол үстінде жатқан сандыққа кезігеді, қуана аузын ашып, 
ішіндегі жылтырап жатқан көздің жауын алардай алтынды қолға 
алғанда, əуелі ол жыланға, соңырақ өсе кеп өзін жұтуға ұмтылған 
айдаһарға айналып шыға келеді. Əрі қарай жолаушыға отыз кісі 
жолығып, көмектесуге дəрменсіздік танытады, осыдан кейін 
жолыққан бес адамның да қолынан да ештеңе келмейді. Ақыр 
аяғында жолаушы
“Кеттім ғой су түбіне!” – деп тұрғанда.
Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді, –
дейді ақын. Бүтін де емес, жарты адам отыз кісінің қолынан кел-
меген істі атқарып, ақылымен айдаһарды қайта сандыққа кіргізеді. 
Сонда оның бұл ісіне таңқалған жолаушы жарты адамнан мұның 
мəнін сұрағанда, ол Айдаһардың нендей нəрсемен астасатынын бы-
лайша түсіндіреді:
Жамандық алтындай боп түсер көзге,
Қызықты нəрсе жоқ боп онан өзге.
…Жамандық қайдан туар, тілден туар,
Əркім де ақыл болса тілін буар.
Шығарсың бір жаман сөз сен аузыңнан,
Артыңнан айдаһар боп сені қуар.
Алғашқы екі жолда жамандықтың алтындай боп жататынын 
айту арқылы Мəшһүр Жүсіп адамның жарқыраған жалған нəрсеге 
əуестігін, өзінде барды місе тұтпай, өзгедегіге қызыққаннан опық 
жейтін мінезін міней көрсетеді. “Басқа пəленің тілден екендігін”, 
ойланбай айтқан сөздің салмағы ауыр екенін аңдатады. Осыдан 
келіп, ақын адамгершілікті, имандылықты дəріптейтін ойларды 
“жарты” бейнесі арқылы жеткізеді:
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,
Бес кісі – бес намазың білемісің.


122
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дəнемеге келмес күшің.
…Танып қой, танымасаң мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр – жарты наның!
Мұнда ақын отыз күндік ораза, бес уақыт намаз секілді діни па-
рыздардан қайырымдылық істің əлдеқайда артық екенін айтады. 
Осы арқылы ақын діни парыздар мен шынайы кісілік мінез, іс-
əрекеттің бірлігі қажеттігін насихаттайды. Мұның астарында дін 
шарттарын мүлтіксіз орындайтын, бірақ адамгершілігі аз жандарды 
ізгілікке шақыру жатқаны айқын.
Мəшһүр Жүсіп түйген ой түйіні – діннің ғибадаттары мен өмірдегі 
адамдық істің бүтіндігі, бірлігі. Тіпті адамдық негізі – осы екеуінің 
ажырамастай бірлігінде жатыр деген тұжырымда. Бұл – кез келген 
кісі мəнін бағамдай бермейтін, өте қарапайым болса да өмірлік мəні 
бар түйін. Мəшһүр өлеңдері осындай терең тəлімімен де құнды.
Мысал өлеңнің табиғатына тəн ерекшеліктеріне сай осы 
өлеңінің аяғында Мəшһүр өзінің авторлық көзқарасын білдіреді. 
Онда “Дүниеде қылған қайыр-садақаның” тар жол тайғақ кешу-
де алдыңнан шығатынын аңғартатын мəні терең, тəрбиелік тəлімі 
салмақты данагөйлік ой тұжырымдалады:
Бозбала, бір көрерсің өлім бетін,
Тіл алсаң өлім бетін көрмей күтін.
Өлімнен күні бұрын күтінбесең,
Бұрқылдап əр тесіктен шығар түтін.
Жиылса бір араға тамам түтін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет