188
Ақын пікірінше халықтың өркенниеттен артта қалуы оқудың
аздығынан емес, мақсаттың анық болмауынан. Оқу, білім ұлы мақсат
үшін жұмсалғанда ғана нəтиже берері хаһ. Алған білім елдің болшағы
үшін қызмет етуі керек. Ол күнкөрістің амалы болған жерде, даму
жоқ. Ақын бұл жерде оқу-білім алуға, жалпы ағартушылыққа үлкен
азаматтық түсініктен келіп отыр. Яғни оқу елден ерекшеленудің,
биік мансапқа қол жеткізіп өз ұлтын өзі қанаудың құралы емес,
халықты өркениетке жеткізудің, өзгенің отаршылдық қыспағынан
құтқарудың бірден-бір жолы.
Сұлтанмахмұттың бұл тақырыпқа жазған кейінгі өлеңдерінде
(“Шығамын тірі болсам, адам болып”, “Шəкірт ойы”) лирикалық
қаһарманның өршіл ойлары тіпті айқындала түседі. Ақынның
романтикалық рухқа толы жалынды өлең жолдары мың құбылған
өлең сөздің құдіреті арқылы оқырман көңіліне жылы ұялап, жүрегіне
жол табады.
Мен – балаң жарық күннен сəуле қуған,
Алуға күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
“Шығамын тірі болсам, адам болып” атты өлеңдегі осы жол-
дар “Тірі болсам надандықты тебем” деп, серт берген лирикалық
қаһарманның арманының биік, ойының асқақ екенін танытады.
Ақын көп оқығанның бірі болуды қаламайды. Сондықтан да кез
келген ақынның теңеуінде жүрген “жарық жұлдыз” емес, “балқып
туған” ай болғысы келеді. Оның өршіл рухына нұры мол, қараңғы
түнді жарық қылар толған ай жақын. Осынау шағын өлеңнен арман-
шыл ақынның жүрек бұлқынысын, ертеңгі күнге деген ұмтылысын
танығандаймыз. “Жарық күннен сəуле қуған”, мақсаты жоғары,
жүрегі отты лирикалық кейіпкер бейнесі мəңгілікке көз алдымызда
тұрардай.
Сұлтанмахмұттың ағартушылық тақырыбына жазған өлеңдерінің
ішінде шоқтығы биігі – “Шəкірт ойы” (1917). Бұл – нағыз ақындық
табиғаттан жаралып, ой мен сезім тоғысынан туып, ақын жан-
дүниесінің тынысын сездірер өлең.
Қараңғы қазақ көгіне,
Достарыңызбен бөлісу: