Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет57/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Шəкəрімнің өмірі мен шығармашылығы 
2. Шəкəрім поэзиясындағы ой-таным.
3. Шəкəрімнің ақындық шеберлігі
4. Шəкəрімнің поэма-дастандарындағы тарихи шындық жəне 
көркемдік шешім.
5. Шəкəрім поэзиясындағы Абай дəстүрі жəне жаңашылдық.


181 
7 ТАРАУ
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
(1893-1920)
7.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
Ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі, қазақ поэзиясының Абай, 
Шəкəрімнен кейінгі ірі тұлғасы – Сұлтанмахмұт Торайғыров. 
Ақынның ұрпаққа өсиет етіп қалдырған ой-толғамдары – ұлтын өрге 
сүйреуді мақсат тұтқан, елінің ертеңін ойлаған ұлы мұраттардан 
жаралған мəңгілік өшпес асыл мұра. 
С. Торайғыров – белгілі бір таптың не топтың ғана жоқтаушысы 
емес, бүкіл ұлтқа ортақ ой қозғап, халқының бірлігі мен тұтастығын 
аңсап, соны өз шығармашылығына басты нысана еткен ақын. 
Сұлтанмахмұт шығармашылығы туралы айтқанда, ақын твор-
чествосын түбегейлі зерттеген ғалым Б. Кенжебаевтың пікіріне 
сүйенбеу мүмкін емес. “… Сұлтанмахмұт шығармаларының жал-
пы жиыны тек əдебиет дамуының сүрлеуін, кезеңін ғана көрсетіп 
қоймайды, сонымен бірге ол Қазақстанның сол замандағы қоғамдық 
ой дамуының да тамаша зор белесі болып табылады” – дейді ғұлама 
ғалым. Ендеше Сұлтанмахмұт поэзиясы арқылы қазақ халқының 
ақындық өнері, əдеби өрісі жаңа бір белеске көтерілді.
Қазіргі уақытта С. Торайғыров мұрасына жаңаша көзқарас 
биігінен қарау мүмкіндігі туып отыр. С. Торайғыровқа кезінде 
“байшыл-ұлтшыл”, “алашордашыл” жазушы, “ұсақ байшылдық 
толқудағы ақын” деген түрлі айыптар тағылып келуі – ақын мұрасын 
толыққанды зерттеуге мүмкіндік бермей, оған біржақты қарауға, 
кейбір туындыларын еріксіз елемеуге əкеп соқты. Сөйтіп ақын бол-
мысы толымды тұлғасымен көріне алмады. 
С. Торайғыровты танудың негізі 1920 жылдары басталғанымен, 
1930 жылдары біршама қырын қарауға душар болып, зерттеушілер 
түрлі қайшылықтарға ұрынды.
Ақын шығармашылығы тек елуінші жылдары ғана жан-жақты да 
түбегейлі зерттеле басталды.
Дəл осы кезеңде Сұлтанмахмұттануға ақын шығармашылығын 
зерттеуге жарты ғұмырын арнаған профессор Б. Кенжебаев 
қомақты үлес қосты. Оның “Сұлтанмахмұттың ақындығы” (1949), 


182
“Сұлтанмахмұт Торайғыров” (1957), “Асау жүрек” (1968) сияқты 
күрделі еңбектері осының айғағы. Сұлтанмахмұт мұрасының əр 
қыры мен проблемалары Ы. Дүйсенбаев, М. Қаратаев, Д. Əбілов, 
С. Қирабаев, М. Базарбаев, Т. Кəкішев, Ə. Дербісəлин, Б.Шалабаев, 
А. Нұр қатов, Т. Əбдрахманов жəне т.б. ғалымдардың зерттеулерінде 
əр арнада қарастырылды.
Шындығын айтқанда, ақынның мол əдеби мұрасын тірнектей 
жинап, жинағын əзірлеп, Сұлтанмахмұттанудың бастауын салған 
ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі – Ж. Аймауытов болатын. 
Оның ой-пікірлері Сұлтанмахмұт шығармашылығының ХХ ғасыр 
басындағы əдебиеттегі алар орны мен өзіндік жаңашылдығына баға 
беріп, өзіндік ерекшелігін тануға зор үлес болып қосылды.
Кейінгі зерттеушілердің ішінде Арап Еспенбетовтың “Сұл тан-
махмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны” деген та-
қырыпта қорғалған докторлық диссертациясы жəне “Сұл танмахмұт 
Торайғыров” монографиясы – уақыт талабына толық жауап беретін 
соны зерттеулердің бірі.
С. Торайғыров мұрасының затына лайық қадір-қасиетін уақыт та-
лабына сай қарастырып, ақынның сан-салалы шығармашылығының 
“ақтаңдақ” қырларын ашып, творчествосын түбегейлі түгендеген 
еңбек осы болды. 
С. Торайғыров – өзінің қысқа ғұмырында əдебиетке өлмес дү-
ниелер қосып кеткен, асыл сөзі ұлтымен мəңгілік бірге жасай-
тын нағыз тума талант, шынайы дарын. Сондықтан да ақындық 
өнерпаздығы тылсым сырға толы, оқыған сайын, қайта оралған сай-
ын жаңа қырынан көрініп, көкірек көзіңді ашып, ойыңа ой қосатын 
ақынның ой мен сезімді тоғыстырған мөлдір поэзиясы қашанда 
жаңашылдықпен қарауды талап етеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылдың қазанында Көкшетау 
облысы Қызылту ауданында дүниеге келген. Өзіне фамилия етіп 
алған Торайғыр – Сұлтанмахмұттың төртінші атасы. Ағайынды 
Шоң, Торайғыр деген атақты билер – қалың қазақ жұртына таны-
мал болған адамдар. Ақын сондықтан да елге танымал осы тарихи 
тұлғаның атын өзіне фамилия етіп алған болу керек. Өз əкесі – ел 
Шоқпыт атап кеткен, Əбубəкір деген кедей-шаруа. Ол мұсылманша 
хат таныған. Шешесі Зүплен ерте қайтыс болып, Сұлтанмахмұт 
əжесі Мөнтайдың тəрбиесінде өскен.
Əкесі Шоқпыт 1896-1897 жылдары туған жері Баянауылға 
көшіп келіп, Торайғыр көліне таяу жерге қыстау салып, сол жерге 


183 
тұрақтанады. Болашақ ақын алғашқы сауатын əкесінің оқытуымен 
ашады. Алты жасында хат таныған Сұлтанмахмұт бұл туралы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет