131
V т а р а у
ҚАЗАҚ САТИРАСЫ
Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ сатирасының дамуы, та-
қырыптық жүйесі, жаңашылдығы. Комедиядағы кейіпкерлер
си паты мен тартыс жүйесі
Комедия («көңілді топ») жанры өз бастауын көне грек əде-
биетінен алады. «Жанрдың туу, қалыптасу тарихында «ко
ме-
дия ның атасы» (Энгельс) атанған Аристофаннан бастап, Еу-
ропа əдебиетінде Лопе де Вега, Гоголь, Грибоедов,
Чехов шы-
ғар
маларының үлесі аса қомақты. Комедияның мақсаты адам
бойындағы мінді өмірдегі сиықсыздықты, қайшылықты жайларды
жұртшылық жиренетіндей күлкілі, сатиралық тұрғыда бейнелей
отырып, оларды айыптау, айыптай отырып мұндай жағымсыз,
кеселді құбылыстар мен ұғымдардың өмірде болмауы үшін
күресу, қоғамның мұндай сорақы дерттерден арылуын байыптау»
(С. Мақпырұлы).
Комедиялық туынды - қоғамдағы келеңсіз, адам өміріндегі
кереғар, жағымсыз əрекеттерді сынап, көрсету үшін жəне келе-
шек ұрпақты осы қылықтардан сабақ ала отырып сақтау үшін
күлкілі, əрі адамзатқа салмақ салар жағы бар көркем шығарма.
Комедияның бірнеше тəсілмен дамитыны белгілі.
Комедиялық
шығарманың əр элементі күлкі тудыратындай болуы шарт. Нағыз
комедия кейіпкерлерінің тіліне күлесіз, киген киіміне, қимылына,
сөйлеген сөзіне, жауабына күлесіз.
Ал, қазақ ұлттық драматургиясында комедия XX ғасырдың
алғашқы ширегінде М. Əуезовтің, Б. Майлиннің, Ж. Шаниннің, т.б.
күлкі жанрына арналған шығармаларында көрініс тапты. Керісінше,
«кеңес» дəуірінде комедия жанры баяулау дамыды. А. Байтұрсынұлы
«арамтер, яки əурешілік» (комедия) деп атаған бұл жанр түрі
кейде
трагедияның да, кейде драманың да элементтерін қамтып отырды».
Комедия жанрының шарттарына жауап беретін алғашқы
туындыларда көбіне халық ұғымына сіңген, таралған əзіл-оспақ,
күлкілі жайттар өңделіп көрініс беріп жатса, тəуелсіздіктен
132
кейін де белсенді дами түскен комедияда өткір тіл, салмақты ой
белең алды. Адамға тек күлкі тудыратын жеңіл сюжеттер емес,
ойланып, толғануға шақыратын оқиғалар, бірізді, əзіл-қалжың
емес өткір тартысты драмалық жайттар, терең астарлы əзіл-
сықақ орын алды.
Комедия жанрында өзіндік стильмен келген С. Жүнісов əлеу-
меттік, қоғамдық ортадағы жайттардың өзектісін арқау етеді. Адам
болмысында, тұрмыстық жағдайында жанама жайт тар болмайды.
Адам баласы кейде өз ортасындағы келеңсіз мəсе
лелерге
көндігіп, үйреніп кетеді. Бұл ең жағымсыз жайт. Оны мен күресіп,
болдырмаудың шаралары керек. Өйтпейінше,
адам айналасындағы
өмірге селқос болып кетеді. Драматургтің «Кроссворд немесе
əзіл маскарад» деп аталатын екі бөлімнен тұра тын комедиясында
аллегориялық тəсіл басым. Кейіпкерлері өздерінің болмысына сай
əр түрлі хайуанаттардың (қоян, түлкі, борсық) бетпердесін (маска)
киіп, өздерінің болмысын өздеріне ашқызады.
Пьесаның бiрiншi көрiнiсiндегi оқиға бiр қалалық мекеме
бөлiмнiң бастығы Орынбасар Амировичтiң есiгiне бірнеше күн
қатарынан кiре алмай отырған қарапайым /мұғалім, музыкант,
дəрігер/ адамдар өкiлдерi.
Драматург мақсаты - өмiрдiң бұралаң жолын, iшiп-жеу, халық
үстiнен күн көру, жағыну,
арандату, басыну т.б. қаракеттердiң
бетiн ашу, алдын алу. Пьесаның өмiршеңдiк негiзгi мəнi де осы.
Айықтырғышқа келiп түскен «клиенттерге» табиғатына
сəйкес бiр-бiр маска кигiзедi: Бақай – «қоян», Симулянский –
«түлкi», Ашот – «борсық», Бөрiбай – «қасқыр», Фарид – «есек»,
Олег Hиколаевич – «мысық», Мұрат –«маймыл» .
Жаңа жыл алдында «қызу жұмысты» тексерiп шықпақшы
болған Орынбасар Амировичтiң де масханаға тап болуы - тосын
жағдай. Үстiнде қызмет киiмi болғанымен қалтасында еш құжаты
жоқ, милиционерге өзiн мойындата алмай (себебi, ешқашанда
қызмет бабымен жұмыс орнын араламайтын, кабинетiне ешкiмдi
қабылдамайтын тоң мойын)
алдыңғылардың соңын алып,
«арыстан» бетпердесіне ие болып, қатарға қосылады.
С. Жүнiсов комедиялық шығармасының оқиғасын күлкiлi,
ащы мысқыл тартысқа құрып, жаңа жыл қарсаңында «маскарад»
ұйымдастырып, көрерменiнiң, қалың қауымның жүрегiне жылы
133
жол тауып, оқиға тартысын, персонаждар əрекеттерiн қоюлатып,
бүкпесiз шындықты, өмiрдегi шын келбеттерiнен хабар бергiзу
үшiн, «бет перделерiн» жауып бiр-бiрiне өз аттарынан сырларын
айтқызатын тың амал ойлап тапқан.
Драмашы Сəкен Жүнiсов кеңес
заманында халықтың атынан
iшiп-жеушiлердiң, əлеуметтiк теңсiздiк, қызметiн жеке басына
пайдаланушылардың шын портретiн сахналаған.
«Кроссворд немесе əзiл маскара» атты екi бөлiмдi сатиралық
комедияның көтерген мəселесi – бүгiнгi өмiрдегi шындық. Пьеса
авторы көптеген жағдайлардан шетпұшпақтап, ишара тастап,
«ойлан, ұрпақ» ұранын да қатар көтерiп отырады.
Көрнекті жазушы Ə. Таразидің «Тыныш көшедегі көгілдір
үй», «Лайнер» комедиялары да көпшілікке жақсы таныс. «Тыныш
көшедегі көгілдір үйді» күлмейтін комедия деп атаған автор
қоғамдағы келеңсіздік көріністерін
отбасындағы тоғышарлық,
дарақылық, мансапқорлық пен туғандардың бір-бірінен жат
болып, алшақтап кетуі арқылы береді. Сахна ашылысымен
көгілдір үйдің иесі Асан мен əйелі Райдың бір-бірін өбектеп,
шақырылатын қонақтардың қамымен тоғышарлық тірліктің
жетегіндегі əрекеттері беріледі. Келесіде бір-бірін қолпаштаған
тост айтып, дабырлап отырған дастарқан басы көрінеді. Үлкен-
дердің арзан, мағынасыз даурықпалары көрініс сайын беріліп,
сол ортаның тайыз тірлігінен хабар береді. Отбасының сəні бала
мəселесі мынадай диалог арқылы аңғартылады:
Достарыңызбен бөлісу: