Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Комедия жанрының басты шарттары
2. Тəуелсіздік кезеңіндегі комедияның тақырыптық аясы, идеялық-
стильдік ерекшелігі


135
3. Комедиядағы кейіпкерлер болмысы, характері, тілі 
4. Трагикомедияға тəн жанрлық сипат
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Р. Рүстембекова.
Қазақ совет комедиясы. А. 1978.
2. Байтұрсынов А. 
Ақ жол /Құраст. Р.Нұрғалиев/. А, 1991. 
3. Əбілов Ж. 
Қазақ комедиясы. А., 2000.
4. Наровчатов С. 
Необычное литературоведение. М: Дет.лит.1981.
5. Шапауов Ə.
Драмадағы дəстүр. П. 2004.


136
VІ т а р а у
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ
Шетелдегі қазақ əдебиеті. Тарихи тақырыптағы роман-
дардың өрістеуі. Х. Оралтай, Қ. Шабданұлы шығармашылығы. 
Роман жанрының құрылымдық-стильдік ерекшелігі. Тарихи 
тұлға мен кейіпкер мəселесі.
Еліміздің өз дербестігін қолына алуы, рухани тəуелсіздікке 
де серпін берді. Ел еңсесін тіктеп, тарихын саралап, өзінің 
рухани құндылықтарының іздеушісіне айналды. Шет елде 
жүрген ағайындар да бір жағадан бас құрап, туған жері-киелі 
шаңырағына оралуға мүмкіндік алды. Олар əр қиырда жүріп-
ақ, туған елін дəріптеп, тілекші болды. Қытайдағы қазақтардың 
тарихи романдарына келсек, қазақ тілінде шығатын төрт 
баспада 1970 жылдың соңынан 1996 жылдың ақырына дейін 
басылған романдардың бары қырықты көрсетсе, 2001 жылға 
жеткенде мұның ұзын-ырғасы алпыстың үстіне шыққан. Бұл 
«қайыс ноқталы» елдегі қарға тамырлы қандастарымыз үшін аз 
көрсеткіш емес. Берісі Абай, Шəкəрім, Шоқан, арысы шығыс 
пен еуропа классиктерінен сусындап, тоятын алыстан іздеп 
қорғасын баспасы кенелеп марқайса да барлық рухани жауһарын 
киелі кеудесіне сақтап, көзінің қарашығындай қорғап, келер 
ұрпаққа аманаттап жеткізіп жатқан осынау салқар көштің басы, 
əрине, жанкешті қормал ағалар еді. Ойға алған айдарымыздың 
ауқымына қарай, қара сөздің кемесінен бір қаншасының атын 
атап түсін түстейін, тірілерінің нұры тасып, марқұмдарының 
аруағы аунасын. Қажығұмар Шабданұлы «Қылмыс» (көп 
томдық роман), «Пана», Жақып Мырзанұлы «Арман асуында», 
«Таңқурай», Жұмабай Білəлұлы «Жондағы жорық», «Дала 
торғайлары», Оразбек Əбділұлы «Ұстаз», Оразхан Ахметұлы 
«Өзгерген өңір», «Көк белес», Ғалым Қанапияұлы «Бұрқасын», 
«Кер талғар», Тұрсынəлі Ырыскелдиев «Тасқын» (көп томдық), 
Шəміш Құмарұлы «Бөке батыр», «Ер Жəнібек», «Көз жасы 
сарқылмайды», Тұғырыл хан», «Ертіс кілкіп ағады», Батырхан 


137
Құсбегин «Зұқа батыр», «Жан» (көп томдық) Омарғазы Айтанұлы 
«Аң шадырын оқ табар», «Таразы», «Зейнолла Сəнікұлы «Басбай», 
«Сергелдең», Сұлтан Жанболатов «Елжау Күнби», «Саншора 
Күнби», «Күнгей Мұқажанұлы «Өр Алтай», Ахметолла Қалиұлы 
«Арда Алтай», Мағаз Разданұлы «Алтай ақиықтары», Ғаппар 
Білəлұлы «Жүректің жарлығымен», «Ғасырлық қуғын», Əбденбай 
Бажайұлы «Сүрлеу», Шайсұлтан Қызырұлы «Дабыл», «Бұлаң 
дүние», Əскер Тойғанбекұлы «Арманда кеткен арыстар», «Болат 
Кəрібаев «Қыраулы қырқалар», Əуелхан Нұрқожаұлы «Соңғы 
қар», «Абдрахман Байболатұлы «Тау қырандары», Мұхтархан 
Самажанұлы «Бейсенбі би», «Серік Қауымбайұлы «Жəке би» 
т.б. Сонымен бірге, көмей əулиелердің соңы, қарт жырау Асқар 
Татанайұлының «Бір ғасыры» мен Нығмет Мыңжанұлының 
«Қарлығаш» атты өлеңмен жазылған романдары... осы аталған 
қаламгерлердің қатарын бертінде Қазақстанға келген Жақсылық 
Сəмитұлының «Сергелдең», Тұрсынхан Зəкенұлының «Көк 
бөрілердің көз жасы» сынды туындыларымен толықтыру артық 
болмас» (285-286 б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет