Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет35/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Лұқпан Хакім – ақылдым,
Еңсегей бойлы ер Қаған,
Алдыңда тұрған пақырдың 
Құл басын қиып бер маған.
Осы жерде оқиға оқыс өзгереді – тұтқын жігіт жыланға 
айналып сала береді. Жыланға айналған жігіттің монологы да 
жыр түрімен өріліп, оның көзіне керісінше, қаумалаған көпшілік 
те, өзіне ара түсіп тұрған қыз да жылан болып көрінеді. Осы 
тұста автор тарапынан берілетін түсініктеме де маңызды орын 
алады. Автор Қаған мен Ғайшаның кездеспегендігін, ол кезде ел 
билеушілер мен ақындардың таным-түсінігі, тұрмыс-тіршілігі екі 
басқа болғанын хисса айтады деп баяндайды. Ғылыми дəйектеме 
деп келтіретін қисыны да тың əрі оңтайлы тəсіл. 
Қаған мен Ғайша əңгімесін екі бөлек айтуды жөн санаған 


88
автор əуелі Қағанның психологиялық толғанысына орын береді. 
Ішкі монолог немесе сана ағымы тəсіліне жақын бұл толғаныс 
кейіпкердің күллі болмысын танытады. Өзінің нəзіктігін 
қаталдықпен бүркемелемек болып, оңашада боз бұлау болып 
жылайтын Қағанның кəдімгі қарапайым адам ретіндегі халі, 
өзінің жалғыздығын сезініп, досының жоқ екенін түсінгендігі, 
сөйте тұрып, кіші халықтарға айбат көрсетіп, ұлы Қағанат ретінде 
түркі жұртын артық санауы Қағанның өзінің ішкі үнімен берілген. 
Жалғыздық мұңын шаға отырып, Ғайша туралы да ойлады. Өзінің 
қыз алдындағы дəрменсіздігіне дал болады. Қызбен сөйлеспекке 
бекінсе де Қағандық менмендігі ұстап, ол қадамға бармауды 
шешеді. Не істерге білмей басы қатып, енді бірде зұлымдыққа 
өзін де, өзгені де жақындатып жүргенін мойындайды. Əр 
түрлі ойға салған бұл толғаныстардың барлығы да – Қағанның 
ішкі ойы ғана. Бұл тұстарда поэманың психологизмі тереңдей 
түскен. Ақынның эстетикалық талғамының биіктігі, таным 
кеңдігі осындай ішкі толғаныстарды бейнелеуде де аңғарылып 
отырады. Романтикалық сарындағы лиро-эпикалық туындыға 
психологиялық талдау тəсілі мен сана ағымын сəтті үйлестіруі 
– Есенғалидың үлкен жаңалығы, суреткерлігінің бірегей бір 
қыры. Бұл тұста модернистік əдебиетке тəн сана ағымы арқылы 
кейіпкер психологиясын, оның ерекше болмысын таныту тəсілі 
бұл поэмаға да жат емес екенін айтқымыз келеді. Д. Затонский 
айтқандай, кеңестік дəуір əдебиетіне де тəн болған модернизм, 
ғалым Б. Майтановтың ойынша «əрбір əдеби дамуда болуы тиіс 
постмодернизм романтизммен терең тамырласып, жаңа көр-
кемдік ізденіске жол ашқан.
Артық дарақылық, жат пиғыл адамдарды үлкен зобалаңға 
əкелгені «Жыландар жыры немесе қара нəпсі» тарауында баян-
далады. Баяғы екі жылан айналып қайта Ғайшаның үйіне ке-
ліп, одан пана табады. Жыландар жырында түркіеместердегі 
қаралы жай, «қара нəпсі» індетінің тарағаны, адамдардың басы 
денелерінен алмадай бөлініп түсіп, сұмдық қазаға ұшырап жат-
қаны айтылады. Бұл хабарды естіген Ғайшаның есіне «Төрт 
кітаптан шыққан бір кітап» түседі. Көз алдына елестеген Қаған 
«кіт 
абыңның жүзінші тұжырымын таптың» дегендей болады. 
Жыландарды ақ матаға орап, сандығының түбіне сала жүріп, адам 


89
мен заман туралы өзінің зарын төгеді. Түркіеместер мен түркілерді 
жаппай қырған «қара нəпсі» індетінің қайрын сұрап, аспанға 
жалбарынады. Індеттің құрбаны болған халқын жоқтайды:
Арыстан елім, ер елім,
Етіңе құзғын тойды ғой.
Құдай бола ма деп едім,
Құл бауың түспей қойды ғой.
Қырылармысың, сұмдық-ау,
«Қара нəпсінің» өтінде,
Қолыңда емес, қыл бұрау,
Қыл бұрау сенің ниетіңде.
Ғайшаның көз алдында базардан алтын арқалап шыққан 
Мəстекбайдың да басы денесінен бөлініп, ұшып түседі. Үй тола 
тышқандарды көрген соң сандық түбіндегі екі жыланды алып, 
жылай отырып, жырлаған Ғайша оларды тышқандарды қууға 
жұмсайды:
Тарасын менің денеме,
Сүр болып кеткен уың бар.
Шықты ғой тышқан төбеге,
Қуыңдар, кəне, қуыңдар.
Ініне қайта тығыңдар,
Қаумалап жүрген жыртқышты.
Бəрін ал, тіпті жырымды ал! – 
...Соны айтып Ғайша сылқ түсті.
Сылқ түсті, бітіп қалды дем,
Ақырет сəті келді оның.
Оянған жылан алдымен
Шағады көзі көргенін.
Поэма финалында халықты құтқарсам деп арпалысқан өресі 
биік, ортасынан оза туған дана қыз осылайша қаза болады. 
«Сөз қаңтаруда» «Адамзат ойының нашар дамығаны сонша – 
олар тек болған соғыстардың ғана тарихын жазады, ал, болмай 
қалған соғыстар қаншама? Олар туралы біз білмейміз» делінген 
жолдардың өзі поэма арқалаған жүктің қаншалықты салмақты 
екенін аңғартады. Оқиға соңында не болғанын жыршы рөлін 
атқарып отырған ақын:
Осылай жетіп піскен толғағына,
Сол соғыс болды ма, жоқ, болмады ма,


90
Ел мен жер не күн кешті, Қаған қайтті?
Қайтадан мамыр заман орнады ма?
Не болды «қара нəпсі» зобалаңы?
Айтпайды хисса бірақ одан əрі... -
деп толғайды. 
Поэманы философиялық-психологиялық мəні терең, мифтік 
сарында жазылған деп айта алсақ та, жалаң тарихи тақырыптағы 
туындылар санатына қоспаймыз. Адамзатты аман сақтауға 
ұмтылған Ғайша, түркі Қағанатының даңқы мен еркіндігін сақтау 
үшін арпалысқан Қаған – тарихи сипаттан гөрі символикалық 
мəнге ие бейнелер. Белгілі бір тарихи кезең оқиғасы назарға 
алынғанымен, ақын адамзат қоғамына тəн мəселелерді арқау 
етеді. Поэма оқиғасына үңіле қарағанда, өзіміз өмір сүріп 
отырған қоғамға тəн əрекеттерді де аңдағандай боламыз. Осы 
тұрғыдан туындының философиялық астарының бір қырын 
ұғуға болады. Жалпы, поэмадағы кейіпкерлерді тізбелесек, 
олар – орталық кейіпкер Ғайша, Қаған, Ғайшаның ақын досы 
Мəстекбай, інісі Алмас, сондай-ақ бұрын-соңды көркем жазба 
шығармалардың кейіпкерлері ретінде көріне қоймаған Күлтегін 
мен Мұхаммед Пайғамбар. Бұл аталған кейіпкерлер поэмада 
өзіндік орын алған. Қағанмен тілдесетін Күлтегін – ұлттық 
рухтың ишарасы болса, Ғайшамен жауаптасатын Мұхаммед 
пайғамбар күллі адамзаттық рухани құндылықтың бейнесіндей. 
Ақындар бейнесінің өзі екі кейіпкер арқылы екі түрлі дəрежеде 
танылады. Ғайша – ортасынан озық туған, танымы дара, 
жоғары саналы жан. Оның ақындық дарыны адамзаттық ұлы 
мұраттармен сабақтасып жатыр. Екінші ақын Мəстекбай – 
өресі өз ортасынан аса қоймаған, өлең мен ақындықтың мəні 
мен қадірін түсіне қоярлықтай түсінік аясы жоқ жан. Автор 
Мəстекбай арқылы тайыз танымымен мақтау мен дарақылыққа 
елтіген жандардың айналасындағы дарыны кем шығармашылық 
иелерін танытады. Оның жырлары жалпы жұртқа түсінікті, 
солар керек еткен дəріптеуді қарабайыр түрде түсініктеріне сай 
жырлап бере алады. Ал, Ғайша өз ортасына түсініксіз. Себебі, 
даурыққан, дарақылыққа бой алдырған, елдің ертеңін есінен 
мүлде шығарған көпшілік оны қабылдай алмайды. Ғайшаның 
жан-жүрегін ауыртқан мəселелер олардың санасына кірмейді 


91
де. Түркі жұрты үшін өмір сүріп жүрмін деген Қағанның өзі 
Ғайшаның дəрежесінде емес. 
Астары терең, салмақты көркем де бейнелі тіркестермен, 
төгілген кестелі тілмен түзілген жыр жолдарының қара сөзбен ара-
лас келуі, автордың жыршы міндетін атқарып отырғандай көрінуі, 
қосымша беріліп отыратын түсініктемелер, бір-біріне мəн үстеп, 
мағына қосып отыратын шумақтар, сөздің саздылығы мен ырғағы, 
үйлесімді қайталаулар мен сөз термелеу поэманың көркемдік 
маңызын арттыра түседі. Халық жадындағы аңызды негізге 
алғанымен, оны мүлде басқа арнада дамытқан ақынның ұлттық 
жəне адамзаттық мұраттарды биік көркемдік деңгейде жырлай 
білуінің өзі ақындық қарымның қаншалықты кемелге келгенін 
дəлелдейді. Əрине, түрлі тақырыпты қамтыған поэмалар ХХ 
ғасыр əдебиетінде көптеп жазылды. Солардың ішінде шоқтығы 
биік тұрған «Ғайша бибі» поэмасы екенін де айтпай өте алмаймыз.
Ойымызды тұжырымдай келе, күллі поэманың мəні мен 
мағынасын танытатын ақынның мына шумағын тілге тиек етеміз:
Аулақпыз атасы арзан болжамдардан,
Жұртында əр ғасырдың олжаң қалған.
Жамиғат, біздің тарих – алтын шынжыр,
Əр жерден жиі үзіліп, көп жалғанған.
Е. Раушановтың алмағайып заманның қасіретті шындығын 
арқау еткен поэмаларының бірі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет