Тынысым тарылды бірақ. Сен отырған елді көшірдің, Оңдырдың. Мен көшіп жүрген елді қондырдым, Қор қылдым, - деп налиды. Бұл сауалдардың жауабын ақын Күлтегіннің аузы-
на салады. Түркі Қағанаты үшін «түн ұйықтамаған, күндіз
отырмаған» даңқты батыр Қағанның қателіктерін санамалайды.
Жан-жақтағы елді түркіге қосқанмен, ділі қосылмағанын, іргені
кеңейткенімен, қорыққандар мен үріккендер амалсыздан дос
болғанын айтып келіп:
Жүректерді жаулайтын жол бар деп ем, Сен іргені кеңейттің қорғанменен. Жалған тарих əдем шынжыр сынды Тез үзілер, əдемі болғанменен. Неге бердің бұлдасаң көмегіңді, Тек төр жаққа сүйрейсің неге еліңді? «Қор болма» деп жазғанмын тасқа өсиет, «Зор болу» деп оқыпсың сен онымды, - деп, Қағанның басты қателігін көрсетеді. Күш, зорлық, əділет сіздік
өктемдік еткен кезде дұрыс жолдан адасу болатынын Күлтегін
шегелей айтады. Ең алдымен керегі – рух еркіндігі дегенге мегзейді.
...Көшкен елді қондырдың – мұның да шын, Өзі қонуы керек-ті бірақ оның. Түркі үшін төсектен безіндің де, Ақылға ердің, ұмтылды сезім мүлде. Сен қорладың өзгенің бəрін, бəрін, Сорлағаның сол, балам, өзіңнің де. Қағанатты нығайтам деп жүріп, өрескел қателіктер жіберіп алған
Қағанға Күлтегін осылай тіл қатады. Түркі жұрты үшін таусылып
жүрмін деген Қағанға Күлтегін енді бір мезет былай дейді:
6–1036
82 Іргеңді көрдім – жарадың, Ішіңе қарай келейін. Түркінің жеті белгісін Түгендеп берші, Қағаным. Күлтегіннің бұл сауалына Қаған жауап бере алмайды. Енді
осы белгілерді Күлтегіннің өзі санамалап, таратып түсіндіреді.
Күлтегін айтқан түркінің бірінші белгісі – үш тілі: ана тілі, дос
тілі, дұшпан тілі. Дұшпан тілі – жау келіп қысқан күні керек,
күштімен күшті арқылы тіл табасың; жауын сыйлай білмеген
досын да сыйлай алмайды, сондықтан дос тілін қадірле; ана тілі
- өзің, сен ешкімнен зор да емессің, қор да емессің дейді. Екінші
белгісі – үш серігі: қылышы, қобызы, шақпағы. Ақын бұл үшеуін
сипаттағанда :
Қайсысы артық? Қылышы болар, бəлкім, Ата жауға білінер содан нарқың. Бірақ, қылыш сөз алса, отың сөніп, Қобыз болып боздайды бодан халқың. Қобыз болар жақыны күміс үнді, Күміс үнмен ұйытқан ұлысыңды. Жетім ғой ол бірақ та, кімге керек Отың сөніп, тот басса қылышыңды.. ...Мына қапас жалғанда ең жарығы, Ең сыйлысы шақпағы шығар мүмкін – дейді. Түркінің бұл үш серігі ақын тілінде «Артық та емес, кем
де емес, үш қоңырым» деп мадақталады. Күлтегін айтатын
үшінші белгісі – үш түймесі: тамағында, жүрегінде, кіндігінде.
Тамағындағы түйменің серті:
«Көк Тəңірі, қолдай гөр, жебе мені, Ас арамы болады, сөз арамы, Тамағыма берікпін» дегені еді. Жүрегіндегі түйменің серті: «Көк Тəңірі, қолдай гөр, жебе мені, Тамағымнан өтсе де серт түймем бар, Жүрегіме жетпейді» дегені еді. Кіндігіндегі түйменің серті: «Көк Тəңірі, қолдай гөр, жебе мені, Жүрегімнен өтсе де, серт түймем бар, Ұрпағыма кетпейді» дегені еді.
83 Түркі халқының бірлігі мен берекесін сақтау үшін айтылған
бұл белгілердің қай-қайсысы да ұлттық рухани құндылықтар.
Бұдан əрі айтылатын белгілер де солай. Ақын ұлттық таным мен
салт-ғұрыптарға тереңдей үңіле отырып, оның тарихын жаңа
сипаттармен танытуға ұмтылады. Қағанға Күлтегін айтатын
белгілердің барлығы да осы мақсатта туындаған. Халық өзінің
шыққан тегін, танымының бастауларын тəрк етсе, бақытсыздыққа
ұрынбақ. Осы ойды қазық ете отырып, Күлтегін төртінші белгіні
сипаттайды. Ажалдың бары ақиқат, ертең өлген күні кеудеңнен
ұшқан рух жəндікке немесе аңға қонбақ. Мифтік танымдардан
бастау алып, кейіннен діни түсініктерге негіз болған рухтың
мəңгіліктігі туралы сенім поэтикалық тұрғыда ұлттық рухтың
жасампаздығын ишаралайды.