Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет59/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
басқарған орыс-қытай коммунизмі зұлымынан жан сауғалап, 
туған ел Шығыс Түркістаннан шет елдерге босқан, Такламакан 
шөлінен өтіп, Гималай тауынан асқан, жолда жеті рет Қытай 
əскерінің шабуылына душарласып, ішерге асы, киерге киімі жəне 
жатар орны жоқ қаңғырған бишара халық ретінде, бірауыз тілін 
білмейтін мүлдем жат ел Кəшмір Үндістанға 1951 жылы барып 
паналаған. 1954 жылдың жазында Түркияға жетіп, жан бағу 
үшін мүлдем жаңа өмір салтына орай арпалысқан қазақтарды 
сонда бастап барған Қалибек Хакімнің ұлы ретінде мен талайды 
көрдім. Көп кеңестер өткіздім. Түркияда басталған өмір 
арпалыстарымды кейін Германияда жалғастырдым. Бірнеше 
шет елдерге бардым. Күнделік бағдарламасын ЕЛІМ-АЙЛАП 
зарлаған сағыныш мұңмен бастайтын “Азаттық” радиосында 
28 жыл бойы сөйледім. Солардан есте қалған жиынтығының 
үзінділерін ықшамдап кітап етіп жарияладым”. 
“Елім-айлап өткен өмір» еңбегі əсерлі суреттеулерді мол 
қамтыған. Негізінен, баяндау сипатындағы шығарма желісіне 
түрлі оқиғалар, құжатты деректер тəн. Он бір бөлімнен тұратын 
кітаптың алғашқы бөлімінде шағын шежіре таратудан кейін, 
ата қоныс, оның табиғаты суреттеледі: 
“1935 жылы атамыз 
Райымбектің ауылы, яғни арғы атамыз Қожалақтың алты 
ұлының бесіншісі Райымбектің үш ұлы Əділбек пен Қалибек, 
Ілиястар Тарбағатайдан Еренқабырғаға қарай көшеді. Қазір 
Манас Сауан аталатын ол кездегі Манас ауданындағы, Манас 
өзенінің батыс жағындағы Қызыл өзенге, оның батыс жақ 
қабағына жақын, кейін “Қалибектің дөңжайлауы” немесе 
“Қалибектің дөңжұрты” аталған жерге барып қоныстанған” 
деп қоныс жөнін егжей-тегжей айтып өтсе, келесі кезекте 
осы өлкенің табиғатын бейнелейді: “Бұл 1945 жылдың ақпан 
айының аяқ кезі мен наурыз айының бас кезі. Қар ери бастаған-


148
ды. Жауқазын қылтиып, бұта-бүргендердің басы да бөртіп 
бүршіктеген болатын. Ауа райы ашық. Бұта-бүрген мен өзен 
жағасындағы терек-қарағаштар басында жыл құстары 
да көріне бастаған кезі. Бəбісек деп атайтын көкек құсты 
тамашалай ешкінің артынан мен де жеттім”. Яғни, қоныс-
жер жағдайы мен оның табиғат суреті деректік мағлұматтармен 
үндес берілген. Шығармадағы сандаған жер-су, елді мекен 
атауларына қосымша түсініктеме беріп отыру, шығарманың 
деректілігін нақтылай түседі. Мəселен, “Қызыл өзеннің шығысы 
қытайша Датаң деп аталады. Жергілікті халық оны Жүніс 
қажының Саршоқысы немесе Жантас-Барқылардың жайлауы 
деп атайды”. Жаратылыспен етене тіршілік еткен халық, өзін 
қоршаған табиғатпен үндесіп, оның мінез-қасиеттерін бойына 
сіңіретіні ақиқат. Осы дала перзенті табиғатпен бірге сандаған 
қиыншылықтарды бастан кешіп, табиғатпен бірге зардап шегеді. 
Сол себептен қалыпты дала мінезі мен құбылысы халықтың 
да мінез-құлқына əсер етеді. Ендеше, халық ежелден өз тіле-
гін ғана емес, өзін қоршаған жаратылыстың да амандығын 
тілейді. Х. Оралтай шығармасында қоныс мəселесі оның халық 
тұр 
мыс-тірлігіне қолайлы болуына көп орын берілген. Əрбір 
мекеннің табиғат көрінісі, жер жағдайы, атау-дерегі соншалық 
дəйектілікпен баяндалады. Бұл заңды да. Алдымен, бұл ғұмыр-
намалық шығарманың жанрлық ерекшелігінен туындаса, екін-
шіден, жайлы қоныс арманға айналған шалғайдағы үркердей 
топтың жерге деген, туған елге деген құрметін көрсетеді. 
Туындыда суреттелетін оқиғалар мен кейіпкерлердің бір-
шамасы қаламгер Д. Жаналтайдың “Қилы заман-қиын күндерде” 
кездесетін үзінділерде нақтылана түседі. Еңбектің алғысөзінде: 
“Жасым сексенге жақындап қалды. Басымнан қилы-қилы заман 
өткізген кісімін. Жақсыны да көрдік, жаманды да көрдік. Осының 
бəрін жинақтай келгенде, əсіресе, ұлтымыз үшін тарихи маңызы 
орасан талай айтулы оқиғалар көз алдыңнан тізбектеліп өте 
береді екен”. Осындағы көш жайын суреттеген көріністер əдепкі 
қазақтың сан-салтанаты келіскен көші емес, алмағайып кезеңнің 
қилы күндерін беретін үркіншілік кез еді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет