25
Антигонасы - ірі бейнелер. Əрине, əйел бейнесі əлеуметтік-
қо
ғамдық ортаның құрбаны болып та жатады.
Өз бастарына
түскен тағдыр ауыртпалығын ақылы мен парасаты арқылы жеңіп
үстемдікке қол да жеткізеді. Жалпы христиан дінінде əйел туралы
«зұлым», «күнəһар», «өтірікші», «кекшіл», т.б. деген сияқты өте
төмен көзқарас қалыптасқан. Ал ислам дінінде əйелге, əсіресе,
əйел-анаға деген көзқарас бұдан өзгеше. Бұған «Жұмақ ананың
табанының астында», «Алдымен анаңды, анаңды, тағы да анаңды,
одан соң əкеңді сыйла», «Ең қайырлы болғаныңыз, əйелдерге ең
жақсы мəміле жасағандарыңыз болмақ», «Балаларды маха б бат пен
сүйіспеншілікпен бағу, əйелдерге жақсы мəміле жасау - Ислам-
ның бармақпен басып көрсеткен ахлақ ережесі», т.с.с. ислам
қағидалары дəлел.
Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі - от-
басы. Ал отбасындағы əйел жағдайы
- отбасы мен неке тари-
хындағы келелі мəселелердің бірі. Көптеген тарихи жəне
тілдік деректер қазақ əйелінің отбасылық мəселелерді шешуге
белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа қатысты істерде
көп көмектескенін дəлелдейді. Ал күйеуі жоқ кезде оның ор-
нын жоқтатпай, барлық тіршілікке қатысты мəселелерді өзі
шешіп, тіпті қазақы салт-дəстүрге сай қонақ күтіп, оны жөн-
жоралғысымен шығарып салуға, күйеуін жаманатқа қалдырмауға
міндетті болған. Сондықтан Айғаным, Бопай, Ұлпан, Зере
сияқты əйелдерді халқымыз жоғары бағалаған. Қазақ əйелдері
туралы
сөз болғанда, əсіресе олардың сырты мен іші үйлескен
сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде əңгімелегенде,
ең алдымен батырлар жырындағы əйел кейіпкерлердің көз
алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ əйеліне тəн ақыл-па-
расат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың,
Ай ман мен Ақжүніс əйел үшін таптырмайтын қасиет - қулық
пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен бірге
махаббатқа
адалдықтың, сезімге тұ рақтылықтың символы. Қа-
зақта қыз баланың, жалпы əйел затының бойынан төменшектік,
именшектік, ұялшақтықтан гө рі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат
сияқты қасиеттерді жоғары ба ғалайды.
Өзінің жалғызілікті тағдырына мойынұсынбай күрескен
бейнені ағарту дəуірінде ағылшын жазушысы Дефо «Роксана»
26
романында көтерді. Дефоның кейіпкері Еуропаны кезіп, əр
түрлі қоғамдық ортада жүретін арандатушы, куртизанка. Ол
Людовик төртіншінің дəуірінде Лондон салондарында шалқып
жүреді. Өзінің өткен өмірінің күмəнді тұстарын əбден жойып
болдым-ау
деген кезде, ол оқшауланып, жан тыныштығына бе-
рілуді ойлайды. Сонда күтпеген жерден өзі тастап кеткен туған
қызына жолығады. Бұл жағдайды күтпеген шешесі мен қызының
арасында өшпенділік орнайды. Бұдан құтылуды ойлаған шешесі
қызының көзін жоюды ұйымдастырады.
Қазіргі өнердегі концептуалдық бағыт макропоэтика, по-
лифония, нақты, танымдық жəне көркем қабылдау тəсіл де рін алға
шығарды. Осының бəрі көркем мəтіннің бойына жи нақ талғанда,
өзара гармония құрайды. Себебі, бұл көп салалы проблемалардың
барлығы - Адам проблемасын ше шуге бағытталған. Романтизм
мен реализмнен бастау алған
постмодернизм мен барокко
тəсілдерінің диапазоны кең. Бұл қазіргі қазақ прозасындағы
көпсалалы идеядан, сюжет құраудан жəне кейіпкер бейнесінің
жасалуынан байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: