Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В. Штерн, Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері



бет18/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В. Штерн, Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері

Ж. Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл- ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л. С. Выготский Ж. Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», - деді. Л. С. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер Баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л. С. Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.

Шетел психологтарының ішінен Дж. Брунер Л. С Выготскийдің осы пікірін жақтады. Бұл сындарды Ж. Пиаже аңғармаған сияқты болып, өзінің осы пікірін одан әрі ұлғайта бастады, келіспеушіліктің осы түрінің болғанына 50 жылдай мерзім өтті.

Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В. В. Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейв Ж. Пиаженің пікірлерін қолдады.

В. В. Давыдов Париж қаласында ұйымдастырылған ХХІ халықаралық психологтар конгресіндегі баяндамасында Пиаженің оқыту ақыл-ойдың дамуына әсер етпейді дейтін қағидасына қазір дәстүр болып келген оқыту жүйесіне тікелей қатысы бар, оқытудың бұл түрі баланың ой-өрісін алға қарай дамыта алмайды,-деген. Осыны айта келіп, қазіргі оқыту тәсілдері баланың ақыл-ойын дамыта алмайтыны дидактиканың мынадай: «оқыту баланың оқу үлгеріміне тең болуы қажет» дейтін принципінен де белгілі: егер оқыту баланың сабақ үлгеріміне шақ келсе, ол осыған қиналмайды; ой-өрісті сүйрейтін тек қиыншылық. Егер оқу материалы балаға жеңіл түссе, немесе шақ келсе, осының өзі баланың ой-өрісін дамыта алмайды. Баланың ой-өрісін онан әрі дамыту үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту қажет. Бұл жөнінде автор Д. Б. Эльконинмен бірлесе отырып оқытудың жаңа тәсілдерін

бастауыш жастарға енгізіп отырғаны және осының өзі баланың ой- өрісін сүйрейтін құралы болуы керек екенін ескертеді.

Ж. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейвтің пікірлеріне келсек, бұл ғалымдар Окатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін, зерттеу жұмысын жүргізіп мынадай қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді Адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.

Бұл жерде В. В. Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады. Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж. Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.

Ескере кететін мәселе, П. Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің балалары арасында Дж. Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізіп, мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі әр түрлі: оқығандарда - терең, оқымағандарда - таяз келеді деп қорытынды шығарған болатын. М. Коул зерттеулеріне сүйене отырып, П. Гринфелдтің қорытындысы шикі және жете тексерілмеген деген пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің үлкен маңызы бар сияқты. Себебі мұның өзі Қазан революциясына дейінгі қазақ елінің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден айырмашылығы, интеллекттінің басым келетінінде емес, білімінің молдығында деп түсіну керек.

Ал жаңағы сөзінде В. В. Давыдов қазіргі заманның оқытуы бала психикасының дамуына әсер етпейді дегенде, осының өзі дәстүрге айналған кәдімгі мектептің оқыту тәсілі жөнінде айтылып отыр. Ал қазірге дейін болып келген оқыту балаға әсер етпесе, онда оқытудың қандай түрі оның ой-өрісінің қалыптасуына ықпалын тигізеді? Бұл жөнінде В. В. Давыдов оқытудың жаңа түрі психиканың дамуына әсер етеді деген сөзін өзінің тәжірибесіне сүйеніп айтып отыр. Оның пікірінше, қазіргі мектеп балаларда ғылыми ұғымдарға сүйеніп оқыта алмайды. Бұл жерде ұғым деп оның жалпылау функциясын айтып отыр.

Адам ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері кездеседі. В. В. Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада, айталық ұғымды өзінше әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша,

оқыту есеюге әсер етуі үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігіне ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай орындағанын тиісті оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл келмеген жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы. Сондықтан ескере кететін мәселе В.В. Давыдовтың осы жөніндегі пікіріне қарам-қарсы көзқарас та бар. Бұны қостаушылар Л.С.Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психикасының дамуынан аздап озып отыруы керек деген қағидасына сүйенеді. Психиканың даму мен оқытудың өзара көлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі, осылардың ішінен қажет дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік туады.

Даму үдерісінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделіленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму үдерісінде балалардың психикалық іс- әрекеттерінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістерді бөліп қарауға болады екен. Оларға: баланың жеке басы бағыттарының жалпы қасиеттері; оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері; сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.

Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму үдерісінде қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, оладың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін айқындайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. Екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды. Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы қызық болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы - айналасымен өзара қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы ұжымдағы құрдастарымен, үлкендермен өзара қарым-қатынасындағы белгілібір позиция жетістіктерімен анықталады. Төменгі сынып оқушылары үшін кейде оларды бұрынырақ, тіпті мектепке дейінгі кезде-ақ, қалыптасқан

мінез-құлық пен қарым-қатынастың дағдылы тәсілдері маңыздырақ болып саналады. Жеткіншек шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің жеке басын қалыптастыру мен нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке деген мақсат айқынырақ көрінеді.

Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің көбіне материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән.

Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек - адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс- әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез- құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі.

Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады.

Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес.Сонымен, Л. С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі - әлеуметтік, кейін - психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет.

Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез -құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым - іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. Ым - белгіге, қармау - көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады. Дәл осы заңдылықты Л. С. Выготскийдің бала тілінің қалыптасуы үстінде де байқаған. Сөз затқа деген қарым-қатынасты білдіреді. Сөз бен заттың арасындағы бұл обьективтік байланысты үлкендер баламен қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Сөз баланың өзі үшін де ұғынықты болады. Міне сонда барып бастапқыда басқаларға әсер ету құралы болған сөз енді өз мінез-құлқын басқару құралына айналады.

Сонымен барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л. С. Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы Л. С. Выготский жоғары психикалық функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде

қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті. Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу үдерісі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.

Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды.

Оқу мотивациясы В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады.

Василий Васильевич Давыдов — педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) - мәдени-тарихи теорияны дамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған. Ол - жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).

Оқушының психикалық жаңа құрылымдары - оқушының белсенді іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.

Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) - белгілі кеңес психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы зерттелінуі қажет.

Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) - 1920 жылдары Л. С. Выготский және А. Р. Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей- тегжейлі зерттеген. А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі болды.

Жетекші іс-әрекеттер және оның бала психикасының
қалыптасып дамуындағы маңызы.

Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын қалыптастыруда, психологияны дамытуда ойын, оқу, еңбек сияқты әрекеттердің маңызы зор. Ойын мектеп жасына дейінгі негізгі іс-әрекеті. Ол балада ұжымның қалыптасуына көмектеседі және ойын барысында бала өз құрбыларының ықыласымен санасуға үйренеді. Бала ойын кезінде үлкендерден көрген әркетін айнытпай салып, оларға еліктейді. Өзін қоршаған ортаны терең түсініп, адамның өмірі мен еңбегімен танысады. Ойын үстінде баланың ойы мен қиялы дамиды. Мысалы - ойын. Ойын барысында бала ойынының талабына сай қиын міндеттер мен тапсырмаларды орындайды және ойын тәртібіне байланысты бағынуға мәжбүр болады. Бұл баланың ерік сапасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейін қызығып ойнайтын ойынының бірі -қимылдық ойын. Оның кейбіреулері спорт ойынына жақын. Ойын - денсаулықты жақсартады. Баланы батылдыққа, ұстамдылыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Бала сүйіп ойнайтын ойын сюжеттік рөлді ойнайды. Бала бұл ойында күнделікті өмірде өзінің байығанын үлкендерден немесе құрбыларынан көргенін тұтастай бейнелейді. Әр қайсысы бір мамандық рөлін алып ойнайды. Бұл баланың қиялы арқылы дамиды. Балалар көбіне заттарды пайдаланбай өзінің ойдан шығарған сезіміне байланысты ойнайды. Ойын барысында ұжым мен қарым-қатынасы, тілдік қоры молайып қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қабылдауы кеңейеді.

Баланың психологиялық дамуына аз да болса жанұяда және бала бақшада ұйымдастыратын баланың шамасы келетін қарапайым еңбектің маңызы зор. Бала еңбегі үлкендердің жеңілдетеді. Және оның өзіндік пайдасы болады. Мысалы, түскі ас кезінде ыдысты жасау, жинау. өзіндік ойын бұрышын жинау, қуыршақ киімін жуып, үтіктеу. Табиғат бұрышындағы гүлдерді күту, төсек салу, жинау т.б. өзіне-өзі қызмет ету еңбектері үлкендер әрекетін жеңілдетеді. Баланың өздері

еңбек дағдысына үйренеді. Бұл еңбектер үлкендер үшін қарапайым болғанымен, балалар үшін күрделі болып есептеледі. Еңбегіне қарап үлкендер баланы мақтап басқаға үлгі етіп отыруға тиіс. Кейде кішкентай балалар әрекетін орындаған кезде өзімшілдікке байланысты үлкендерге оны мадақтап, басқаларға үлгі етсін деп орындайды. Бірте-бірте балалардың өсіп жетілуіне байланысты еңбек ету себептері өзгереді. Өзін үлкен санап, еңбекті саналы түрде орындауға тырысады. 6-8 жасқа келгенде еңбектің қоғамдық мәнін түсінеді. Бания маңын тазалағанда тазалығы үшін және ата-аналар мен кездесу жасауға дайындығы үшін, тіпті қағаздан макулатура жинауда қайтадан қағаз жасау үшін керектігін түсінеді. Еңбек баланың ақыл-ойын, еркін сапасын зиянын, дене қимыл- қозғалысын адамгершілік қасиетін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар қабылдаудың ашықтығы қимыл-қозғалысты орындаудағы сезімталдығы және басқа психологиялық қасиеттің дамуы орындалады. Балалардың жеке басын дамытуда оқыту әрекетінің де маңызы зор. Кейбір буржуазиялық психологтар оқыту түгелдей дамытуға байланысты деп санайды. Бұл қате пікір. Олар «балалардың дамуы өзінен-өзі, бас миының дамып жетілген кездерде болады, оқыту әрекетін ұйымдастыру үшін соны күту керек» дейді. Ал кейбір буржуазиялық психологтар даму тек қана оқумен байланысты деген. Егер оқу әрекеті өз мағынасында жүйелі түрде жүргізілсе, баланың ақыл-ойыда жоғары болады. Осы теріс концепциялар өзгеше баланың жеке басының дамуына психологиялық жан-жақты қалыптасуына көптеген факторлар жанұя мектеп, айналасындағы адамдардың тәрбиенің ықпалы оқыту, ойын, еңбек әрекеті әсер етеді деген. Соның ішіндегі ең бастысы «оқыту» әрекеті «оқу» әрекеті деп есептеген. Баланы ұйымдастыру, бағыт беру түгелдей үлкендерге байланысты. Бала өзінің бүкіл өмір жолында әрекеттің барлық түрін үлкендерге еліктеп үйренеді. Ол тек қана жүріп- тұруда емес, заттарды пайдаланудың, ойлау мен сөйлеуді, қабылдау мен есте сақтауды үлкендерден үйреніп өз қылықтарында істеген іс- әрекеттерді пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, үйрену нәтижесінде балаларда тек қана практикалық әрекет емес психолгиялық үдеріс қалып-қасиет пайда болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға үлкендер көптеген нәрсені стихиялы түрде үйренеді. Бірақ та оны өздері байқамайды. Бала ешкімнің көмегінсіз сурет салу, оқу, математикалық есептеуді өз бетімен үйренді деген пікір пайда болады. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Бала жан-жақты дұрыс даму үшін немен қамтамасыз ету керек? Балаларға не керек екенін белгілі бір мақсатқа бағыттап, түсініп, жоспарлы түрде ойланып әрекет ету керек. Ол үшін даму мен үйретуден өзара қарым-қатынаста

танысып білу керек және сол қарым-қатынасты ажырата отырып, әрбір жас кезеңде қалай оқытып үйретуге болатынын анықтауға болады. Күнделікті өмірдегі бақылаудан да бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым (білімін) ептілікті ұйымдастыру қабілеті қарапайым үстірт болып. Келетіні байқалып жүреді. 3 жастағы балаға адамның суретін қалай салу керектігі туралы сөздік әдісін пайдалана отырып түсіндірсе бала қанша түсіндіргенмен өз мағынамасында ойлайды. Адамдардың өзін суреттерін қойса шамасы келгенше бейнелеп береді.

Психологиялық дамуда оқыту әрекеті негізгі рөл атқарады. Бала жаңа әрекетті меңгерген кезде алғашқы кезде үлкендердің басшылығымен, одан кейін барып өз бетімен орындайды. Баланың өз бетімен орындаған әрекетімен үлкендердің басшылығымен орындаған әрекетінің айырмашылық баланың жеке басының даму ерекшелігін байқатады. Балаларға сөйлетуге үйретіп, үлкендерге еліктеу арқылы: есту, көру, қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс қалыптастырып қадағалаймыз. Баланың дұрыс сөйлеуі психологиялық дамуға айқын өзгерістер енгізеді. Баланы ары қарай оқытудың жаңа түрін меңгеруге мүмкіндік береді.

Баланың жасы өсіп, денесінің дамуына байланысты психологиялық дамуда да өзгешеліктер байқалады. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін игеру мақсатында психологиялық процестер мен сапалық дамуында бұдан да зор айырмашылықтар болуы мүмкін.

Кейбір балалар 4 жасқа келгенде ешкім түсініп болмайтын шимай- шатпақ сурет салса, екінші біреуі үй жанында тұрған адам суретін өз мүмкіндігіне қарай мазмұнды етіп дұрыс бейнелейді. Біреуі зейіннің тұрақсыздығын, алаңғасырлығын көрсетсе, екінші біреуі зейінін ұзақ уақыт шоғырландырып, өзінің сүйікті ісімен айналысады. Баланың жасы өскен сайын даралық айырмашылықтар мен қоса психологиялық үдерістер мен сапасы қызығушылығы, шапшаңдығы байқалып ортырады.

Жас өскен сайын білуге құмар, ойлау қабілеті белсенді, әр түрлі тақырыпта көптеген сұрақ қоятын ақыл-ойы жүйрік бір нәрсе болса, осыған керісінше белсенділігі аз, енжар ашуланшақ, мінезі жақсы балаларға үнемі қарсы шығатын мейірбан балаға қарама-қарсы да негізделеді. Кейбір мектеп жасына дейінгі балаларда музыкалық ырғақты сезу ерте қалыптасса кейбіреу 5-6 жасында күрделі математикалық есептерді шеше бастайды. Мектеп жасына дейінгі баланың бір-бірінен табиғи ерекшелігін тез ажыратуға болады. Өйткені мектепке дейінгілердің температуралық типтері таза болып кездеседі. Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер әр қайсысында әр түрлі көрінеді.

Ал шартты рефлекстер әр түрлі жылдамдық пен пайда болады. Сол сияқты олардың сезгіштіктері де әр түрлі. Біреу жарықты тез ажыратып тітіркенсе, екінші біреуінде тері түйсігі жақсы дамиды. Балада болатын кейбір қабілет ерекшеліктері анасының құрсағында жатқанда тұқым қуалаушылық жолмен берілуі де мүмкін. Аяғы ауыр ана жүктіліктің өту барысында мейлінше көңіл-күйі жоғары, жүйке жүйесі тыныш, барлық гигиеналық талаптарды дәрігердің кеңесіне сүйене отырып дұрыс ұйымдастыруы қажет. Себебі салауатты өмір салтын ұстану - дүниеге дені сау бала әкелу деген сөз. Мысалы, кейбір бала дүниеге келгенде ақыл-ойы кеміс болып туады. Мұның да әр түрлі себептері бар. Кейбір тұқым қуалайтын аурулар баланың дұрыс жетілмей тууы, туған кезде нерв системасының зақымдалуы баланың психологиялық дамуын тежеуге әкеп соқтырады және баланың психологиялық дамуына кедергі келтіреді. Осыдан келіп өте тез айқын көрінетін психологиялық даму шамадан тыс қабілеттің пайда болуына баланың миының іштен туа біткен ерекшелігіне байлынысты болады деп есептейді.

Бала психологиясының дамуының әр түрлі болуы, қабілеттің қалыптасуына тұрмыс жағдайына тәрбие мен оқытуға байланысты. Баланың жек басының даму өзегшелігіне әлеуметтік ортаның, оның іс-әрекетінің де шешуші рөлі бар. Психологиялық даму саласында да баланың арасындағы айырмашылықтар әр түрлі болады. Олар тұрмыс, тәрбие процесінде пайда болып дамып отырады. Тұтастай іштен туа қалыптасатын бірде-бір психологиялық үдеріс жоқ. Бірақ та оның психолгиялық сапалық қалыптасуы белгілі бір жағдайда табиғи ерекшелігі тәуелді болуы мүмкін, оқу тәрбие жұмысында әрбір баланың жеке басының психологиялық дамудың жоғарғы сатысына көтерілуін қамтамасыз ете отырып тәрбиелік қызметті соған ыңғайлап, баланың дамуына батыл араласу қолайсыз мінез-құлықтарды түзету деген сөз.

Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру үдерісі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады: Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді игеру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.

Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен:

а) бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды;

ә) бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие;

б) үлкендер балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс- әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді.

Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен:


  1. баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

  2. бұл үдерістердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс- әрекетінсіз мүмкін емес еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет