Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет15/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
китап

Кесінді әдісі арқылы көбінесе дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді. Мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады. Мұнда әр жастағы балалардың 6, 10, 15, 18 жас психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды салыстырады. Зерттеудің екінші жолы генетикалық жол. Мұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт бір немесе екі одан да көп жыл уақыт зерттейді.

Лонгитюдті әдіс «ұзақ уақытты зерттеу» деп аталады. Бір баланың дамуы ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды.

Соңғысына проективті әдістер жатады. Олар проекция принципіне негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін басқа адамдарға көшіру.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі - егіздер әдісі деп аталатын әдіс. Зерттеуші психика қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен зерттейді.

Кейде психологгар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді. Мұны бойлай зерттеу әдісі дейді.

Өмірбаянын зерттеу әдісі - балалар психологиясының зерттеу әдістерінің бірі.

Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі

Балаларды зерттеуді тек ғалымдар - психологтар ғана жүргізбейді. Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге, олардың даму ерекшеліктерін қадағалауға тиіс. Балаларды тәрбиешілердің зерттеуінің ғылыми-психологиялық зерттеуден айырмашылығы бар. Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты бөлек. Ол баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын белгілемейді, оның орнына өзіне жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Соған қарамастан баланы зерттеудің тәрбиеші пайдалануға болатын әдістері ғылыми-психологиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болады.

Тәрбиешінің балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі шарты - балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын анық білу, дамудың себептері мен шарттарының жас шағына байланысты кезеңдерін білу. Бұларды білу тәрбиешіге неге, баланың қандай қылығына алдымен көңіл аудару керектігін көрсетеді, әр балаға қай тұрғыдан келуді үйретеді, жекелеген балалардың дамуындағы кейбір ауытқушылықтардың себептері туралы болжам жасауға және осы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған тәрбиелік әсер етудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Балаларды балабақша жағдайында зерттеу өзара байланысты әдістермен, бақылаулар жасаумен, іс-әрекеттердің нәтижесін зерттеумен, әңгімелесумен бір мезгілде жүргізіледі. Бақылау балаларды балабақшада зерттеудің негізі болып табылады. Бақылау үдерісіне эксперимент әдістері де енгізілуі мүмкін. Бақылау үдерісінде сұрау элементтері де қолданылады. Балаға берілетін сұрақтар оның осы кезде орындалып жатқан іс-әрекетіне байланысты болғаны абзал. Баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психологиялық мінездеме болып табылады. Балаларды балабақшада зерттеуде балаларды зерттеудің көпшілік әдістері - тесттер әдісі мен әлеуметтік өлшем әдісі белгілі рөл атқарады. Алайда, оны пайдалану міндетті түрде маман-психологтар басшылығын талап етеді.

Бақылау кезінде зерттеуші баланың психикалық қасиеттерін жоспарлы түрде табиғи жағдайда алдын ала мақсат қою арқылы ұйымдастырады.

Бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары:



  1. Балалар психологиясының зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  2. Бала психикасын зерттеу әдістері қалай жіктеледі?

  3. Бала психикасының дамуын зерттеуде негізгі әдістің алатын рөлі қандай?

  4. Бала психикасының дамуын қосалқы әдістермен зерттеудің ерекшелігін атаңыз?

  5. Күнделікті іс-тәжірибемізде бақылау және сараптау әдістерін қолдана білудің жолдарына тоқталыңыз.

4. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде қолданылатан барлық әдіс-тәсілдерге тоқталыңыз.

  1. тапсырма

Мына мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?

Баланың есте сақтау қабілетін анықтау үшін, оған шет тіліндегі 10 сөзді жаттау тапсырылды. Бақылаушы баланың әрбір сөзді есінде сақтауы үшін қанша рет қайталағанын, 10 сөзге жіберген уақытын есепке алды.



  1. тапсырма

Сипаттаған жағдайдағы зерттеу әдісіне анықтаңыз.

Оқушыға тәжірибе жүргізуден бұрын тиісті нұсқаулар алынады. Одан алынған барлық көрсеткіштер тиісті аппараттармен жазылады. Ал денесіне, бас киіміне бекітілген арнайы зерттеу аппараттары бар. Оңаша кабинаға орналастырылған оқушыға әр түрлі тітіркендіргіштермен әсер етіледі.



  1. тапсырма

Мысалда қолданылған әдіс-тәсілдерді анықтаңыз.

Тәрбиеші «Қуыршақ биі» деген көңілді ойын өткізіп, балалардың қимыл-қозғалысын, би ырғағының ерекшеліктерін зерттеу үстінде. Әзірше барлық бала бір қалыпты билеп жүр. Олар өздеріне-өздері сенімді, шеңбер бойымен қозғалып, қарапайым фигуралық қимыл- қозғалыстар жасайды.

Енді міне, тәрбиеші Айгүл мен Гүлнардың ортаға шығып билеуін сұрады. Айгүл бірден билеуден бас тартты. Ал Гүлнар ортаға шығып, жан-жағына қарап, ұялып, жасқаншақтап, біраз тұрып қалды да, тек тәрбиешінің көмегімен билей бастады. Осы топтың ішіндегі пайымды да батыл қыз Ғалия бірден билеп кетті. Бірақ оның да өз қимыл- қозғалысына сенімсіздеу екендігі сезілді.

4-тапсырма

Келтірілген мысалдарда қандай зерттеу әдісі қолданылған?


Р-с

Зерттеушінің сұрағы

Зерттелушінің жауабы

1

Бейтаныс адамды жатырқамай, тез тіл

Тез тіл




табыса аласыз ба? Әлде ұялшақтық көрсетіп, тартыншақтық байқатасыз ба?

табысамын.

2

Өзіңізді бейтаныс ортада қалай сезінесіз, әлде

Еркін сезінемін




біреу амалсыз күштеп тұрғандай сезінесіз бе?

Көп.

3

Достарыңыз көп пе, әлде аз ба?




4

Бейтаныс адамдар алдында емін-еркін сөйлей аласыз ба, жоқ па?

Ия.

5- тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет