Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет23/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Байланысты:
китап

Бір жастағы дағдарыс.

Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.

Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л. С. Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды,

розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.

«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты. Бұл дербестілік өзімшілдікке шектен тыс тыйым салу немесе үлкендер тарапынан тәрбиенің бірізді болмауына немесе апасының көзінше орындап, әкесінің көзінше орындауға болмайды деген сияқты пікір қалыптастыратын тәрбие стиліне байланысты.

Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.

Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі. Ол дыбысталуы (фонетикалық құрылымы) және мән-мағынасы жағынан (семантикалық) үлкендердің сөздік қорынан ерекшеленіп тұрады. Бала сөзі кейде үлкендердің сөзіне өздігінен ұқсап тұрады, ал кейде мүлдем басқаша болады. Үлкендердің сөзіне мүлдем сәйкес келмейтін сөздер де кездеседі (мысалы, «ике» шкаф; «импили» қалам;), үлкендер сөзінің кейбір буындарын сақтау («са» - сабын, «бас» - бас киім), үлкендер сөзін фонетикалық және ырғақтың жағынан сақтап айту («тити» - сағат, «бах» -құлады), дыбыстарына қарай айтылатын сөздер («аф-аф» - ит, «му-у» - сиыр). Бәрінен қызығы - семантикалық айырмашылық. Кішкентай бала сөзге мүлдем басқа мағына береді, себебі, ол әлі үлкен адамдардың түсінігін меңгерген жоқ. Біз үшін сөз көбінесе толық заттармен, олардың жүйелі белгілерімен байланысты қолданылады. Мысалы, «сағат» - зат, бұл заттың көмегімен біз уақытты анықтаймыз. Бұл заттық атауға барлық сағаттар ие, үлкені де, кішкентайы да, үшбұрыштысы да, дөңгелегі де. Бала затты бір жүйеге келтіріп айта алмайды. Оның өзіндік логикасы бар және оның сөздері көп мағыналы болып келеді. Автономды сөйлеу мағынасын түсіну үшін Ч. Дарвиннің өз немересіне жүргізген классикалық мысалын келтірейік. Саябақта ол немересін қыдыртып жүріп, оның айтқан жаңа сөздерін бақылап жүрді. Бала суда жүзіп жүрген үйректі көріп «уа» деген сөзді айтты. Бұл сөзді ол стол үстіне төгілген сүтті көріп қайталады және де сұйық заттардың барлығын

солай атайтын болды. Бір күні ол құстың бейнесін бейнеленген ескі тиындармен ойнап отырып, олакрды да «уа» деп атады. Сонымен кішкентай жылтыр домалақ заттардың барлығы (түйме, медаль, т.б.) осы атауға ие болды. Объектінің барлық тізбегін қадағалаудың нәтижесінде ғана бала сөзінің мәнін түсіне аламыз.

Сөйтіп, бір жастағы бала жаңа кезең - сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама мүсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет