Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет45/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86
Заттың өзін көріп сурет салу үлкендердің арнайы әсерінің ықпалынан пайда болады. Егер алдына қойылған заттың суретін салып отырған балаларды байқап қарасақ, мектепке дейінгі балалардаң ортақ мінез-құлық ерекшелігін аңғаруға болады.

Балалар затқа сәл көз тастап жіберіп қағазға оның суретін жылдам және батыл түрде сала бастайды. Әдетте бала заттың өзін ұдайы бақылауды қажет етпейді, сондықтан заттың өзі оның алдында тұрса да оның салған суретін ұғым арқылы салынған сурет ретінде бағалауға болады.

Үйрету барысында жасалатын жағдайлар балалардың графикалық бейнелерді жетілдіруіне, бейнелейтін заттарға тән белгілерді көрсететін жаңа элементтерді енгізуіне түрткі болады. Графикалық бейнелер біртіндеп шынайы затқа неғұрлым сәйкесе бастайды. Дегенмен балалар салған суретке дағдылы графикалық бейнелерді баянды етудің әйгілі бағыты тән.

Кеңінен тараған бұлжымас үлгілерге үйлерді, гүлдерді, ағаштарды, т. б. бейнелеу жатады. Мұндай бұлжымас үлгілердің тұрақтылығы ғажайып - ондаған жылдар бойы олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Бұлжымас үлгіні меңгере отырып, бала оны бір суреттен екінші суретке ауыстырады да, оны жетілдіруге онша қам жемейді. Сурет салу барысында пайда болған арнайы міндет қана бұлжымас үлгіні өзгертпестен суретке жеке детальдарды қоса салуға баланы мәжбүр етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалармен мынадай тәжірибе жасалды. Оларға емен жаңғақтарынан жасалған кішкене адамдардың бірінен

соң бірін көрсетті. Әуелгі адамның мойыны болмады. Басқаларының мойыны болды, бірақ әрбір келесі адамның мойыны алдыңғы адам мойынынан жарты сантиметрдей ұзын болып отырды. Балалар адамдардың суретін тездеп сала бастады, бірақ едәуір уақыт мойынға ешкім назар аудармады. Олардың көп суретті алты-жеті рет салғаннан кейін ғана байқады. Мұндай жағдайда балалар (тиісті орнына) шамадан тыс ұзын мойынның суретін салады немесе бастың жоғарғы жағынан оның тік күйдегі суретін қоса салады, тағы біреуі бастан төмен қарай бүтін тұлғаны бойлай галстукке ұқсатып ұзын мойынды бейнелейді. Бұл мысал қатып қалған бұлжымас үлгілер шынайы затпен сәйкес етіп сурет салуды қиындататынын көрсетеді.

Графикалык бейнелерді баянды етіп, оны бұлжымас үлгіге айналдыру баланың сурет салуын дамыту үшін зор қауіп туғызады. Егер оның жұмысын бақылап отырмаса, бала өзі игеріп алған белгілі заттардың жобасынан басқа ештеңенің суретін сала білуді үйрене алмай қалуы да мүмкін. Қатып қалған бұлжымас үлгілерді бұзу үйрету міндетіне жатады.

Сонымен баланың салған суретінде графикалық бейнелерді дамыту бағыты, осы бейнелерді нығайту, графикалық бұлжымас үлгіге айналдыру багытымен үшырасады. Бала суретінің тағдыры едәуір дәрежеде осы бағыттардың біреуінің басым келуіне байланысты. Ал мұның өзі негізінен үйрету ерекшеліктерімен анықталады. Дайын үлгілерді көшіре салуға негізделген үйрету бұлжымас үлгінің пайда болуына себепші болады. Бейнелеуде объектінің қасиеттерін көрсете білудің әдістерін жетілдіруге бағытталған үйрету бұлжымас үлгілерді өшіреді, суреттердің графикалық формасын жетілдіреді. Сондықтан тәрбиешілер балалардың бейнелеу іс-әрекеттерінің дамуына ерекше назар аударулары қажет.

Сурет салуды дамытуда баланың түстерді пайдалану қажеттілігі пайда болады. Мұнда түсті пайдаланудың екі бағыты айқындала бастайды. Біріншісі түсті өз қалауы бойынша қолданады, яғни ол затпен оның бөлшектерін олардың шынайы түсіне сәйкес келмейтін кез келген бояумен бояйды.

Мәселен, салынған адамның суретінде бір қолы қызыл, екінші қолы көк болуы, адамның басындағы шаштардың тұлымдары әр түрлі түске боялуы да мүмкін. Екінші бағыты бала бейнелейтін затты оны шынайы түсіне сәйкес етіп бояуға тырысады. Мұнда балалар кейбір заттардың түсін міндетті түрдегі белгі ретінде пайдаланды және заттың бейнесін реңксіз бір қалыпта көрсетеді. Мұны заттың түсін білуде балалар көбіне өз қабылдауымен емес, үлкендердің сөзіне сүйенеді деп түсіндіруге

болады. Сондықтан балалар салған суреттер бұлжымас түстерге толы болады (жасыл шөп, діңі қоңыр, жапырағы жасыл ағаш, қызыл немесе сары күн).

Балалар салған суретте түсті еркін қолданудың терең негіздері болады. Тек мүлде кішкене балалар (екі-үш жасар) кез келген түстегі бояулардың, бәріне бірдей қарайды. Қолына қыл-қаламды алып, ешбір талғамсыз, қағазға неше түрлі бояуларды жаға бастайды. Бояулардың қайсысы ең әдемі деп сұрағанда, баланың беретін жауабы: «Бәрі де әдемі». Алайда үш-төрт жаста жағдай бірқатар өзгереді.

Суреттің өзіне балалардың өз көзқарасын білдіру балалар суретіне тән ерекшелік болып табылады. Барлық «әдемі» атаулыны балалар айқын бояулармен бейнелейді, сымбатты өрнектерді де қолданады. «Ұсқынсыздарды» күңгірт бояулармен бояп, суреттерді әдейі нашар салады. Суретші адамның суретін де ұқыпты салады, бейнеленетін адамға деген жағымсыз көзқарасын бейнелеудің ерекше жолдарын таба біледі. Бала жалмауыз кемпірдің, сотқардың суретін қалай болса солай сала береді, өйткені оның көзқарасы бойынша олардың суретін әдемілеп салуға онша тырысудың қажеті жоқ. Сонымен, түс пен суретті салудық үқыптылыгы баланың суреттің мазмұнына деген көз-қарасын көрсетеді.

Суретті жан сезімімен қабылдап және бір түсті екінші түстен артық бағалай отырып, бала өзі ұнататын түсті заттың шынайы түсін көрсету үшін емес, бейнелейтін әдемілеуге қолданады. Сондықтан балалар бейнеленетін заттарды олардың өзіне тән келмейтін түсті жолақтармен немесе өрнектермен бояйды.

Қазіргі балалардың дамуына бейнелеу іс-әрекеті өзіндік ықпалын тигізеді. Сурет салу кезінде бала заттардың ұқсас топтарының белгілері ретінде көрінетін көмескі графикалық бейнелерден нақтылы шыңайы заттың өзін тікелей бейнелеуге көшеді. Бейнелеу іс-әрекетін осы бағытта дамыту баладан алдымен ойлау мен қабылдауды дамытуды қарап қана қоймай, көре білуді де талап етеді, бұл заттар қабылданған бейнелеу қағидалары бойынша мүмкіндік дүниесін береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет