Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет46/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86
Байланысты:
китап

Құрастыру әрекеті. Құрастыру - белгілі мақсатқа бағытталған үдеріс. Оның нәтижесінде белгілі бір шынайы зат алынады. Бұл тұрғыдан алғанда құрастыру жемісті іс-әрекеттің (сурет салу, жапсыру) басқа түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге құрастырудың өзіндік талаптары бар. Осы іс-әрекет үдерісінде кандай да бір құрастырманы жасау үшін кез келген бөлшектерді өз қалауынша біріктіре салуға болмайтындығын бала түсіне бастайды. Тіректі бөлшектерді жеке бөлу керек, әйтпесе құрастырма орнықпайды.

Сурет салуға қарағанда құрастыру іс-әрекеті мүлдем басқаша ұйымдастыруды талап етеді. Мәселен, көтергіш кранға қараған бала өз қабылдауында алдымен оның көзге түсетін бөлшектерін, яғни жүк ілінген иінді, кран басқарушы отыратын кабинаны, кранды жүргізетін доңғалақтарды өзгеден бөле қарайды. Кранды бейнелегенде бала иінді кабинаға қосарлай салады, сосын кабинаға доңғалақтар суретін тіркейді. Суретте бұл қате сияқты болып көрінбейді, өйткені сыртқы ұқсастық пен кранның атқаратын қызметі мүлде қанағаттанарлықтай күйде берілген.

Алайда, кран туралы өзінің осындай ұғымын сурет арқылы берген бала кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымының қате екенін біледі. Мысалы, иінді тікелей кабинаға бекіткісі келіп ниеттенгенде сәтсіздікке душар болады: кран аударылып қалады. Доңғалақтарды кабинаға тіркестіргенде бала тағы бір сәтсіздікке ұшырайды. Құрастыру іс- әрекеті балаға заттың бөлшектері тек көрініс бойынша ғана емес, сол заттың өзінің ішкі қисыны арқылы да өзара байланысты екенін ашады. Егер заттың биік, әрі шығыңқы бөлшектері болса, онда олардың бәрін теңестіретін ауыр тұғыры болуы тиіс. Мәселен, кранның ауыр тұғыры, яғни платформасы болуы тиіс. Доңғалақтар платформа ернеуіне бір- бірінен алысырақ бекітілсе, соғұрлым кран орнықты болады.

Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді.

Құрастыру нәрсені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді дамытады, құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені құрастырғанда бала өз тәжірибесі арқылы кейбір бөлшектер кез келген күйде, ал басқалары тек белгілі бір қалыпта ғана орнықты болатындығына, бөлшектерді түрліше ұштастырғанда орнықтылықтың да түрліше болатынына көзі жетеді. Мысалы, ылғи пластиндерден берік кұрылыс тұрғызуға болмайды, ал текшелер мен пластиндерді ұштастыру арқылы берік үй тұрғызуға болады.



Құрастыру үдерісінде бала бөлшектердің белгілі бір формасы мен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі. Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:

  1. үлгі бойынша құрастыру;

  2. шарттар бойынша құрастыру;

  3. ойлау арқылы құрастыру.

Құрастырудың бірінші типі — үлгі бойынша құрастыру. Балаларға өздерінін, жасаған құрылыстарында үлгінің орнын алатын белгілі бір затты жасап шығу ұсынылады. Үлгі бойынша құрастыру түрліше

өтеді. Ең қарапайым түрі балалардың көзінше үлгіні жасап шығару болып табылады. Бала үйді, ұшақты, жүк машинасын немесе басқа бір затты құрау үдерісін көріп отырады. Мұнда ол үлгіні құрастырған жеке бөлшектерді жақсы ажырата білуге мүмкіндік алады.

Құрастырудың біраз күрделіленген түріне бала өз көзімен көретін жинақталған үлгі жатады. Бұл жағдайда баланың алдында жинақталған бөлшектерді ажырата білу сияқты ерекше міндет тұрады.

Сондықтан құрастырудың басты кезеңі - үлгіні тексеру. Тексеру үдерісінде құрастырылатын зат жөнінде баланың біраз дұрыс ұғымы қалыптасады. Үлгіні тексерудің негізгі принципі - ірі, басты бөлімдерін және олардың өзара орналасуын талдау. Мысалы, бала жүк машинасын құрастыру алдында оның негізгі бөлімдерін (моторды, кабинаны, кузовты, шассиді) ажырата білмей құрастыруды ұсақ бөлімдерден бастаса, онысынан ақырында ештеңе шығара алмайды. Құрастыру іс- әрекеті баладан үлгінің негізгі бөлімдерін ажырата білуді талап етеді.

Сурет түрінде берілген үлгі баланың көбірек ойлануын талап етеді. Мұнда жазық бейнелеу негізінде үш өлшемді құрастыру міндеті баланың алдында тұрады. Мұндай міндет баладан бейнелеуден шынайы болмысты көру қабілетін талап етеді.

Сонымен, үлгі бойынша құрастыру - баланың құрастыру іс- әрекетінің дамуындағы қажет және басты саты.

Құрастыру іс-әрекетінің екінші типі — шарт бойынша құрастыру. Құрастырудың бұл типінің өзіндік ерекшелігі бар: бала құрылысты үлгінің негізінде емес, ойынның не тәрбиешінің қойған міндеттері негізіндегі шарттар бойынша тұрғыза бастайды.

Шарт бойынша құрастыру баладан өз іс-әрекетін айқын ұйымдастыруды талап етеді, ол баланың шығармашылығы ме өз пікірін білдіре білуіне себепші болады. Мысалы, құрылыс материалынан балалар суреттерінің стендісін тұрғызуға (көрме ойнында) тапсырма алған бала, сонымен бірге құрылыс материалын таңдап алуға да, одан жасалған стенд суреттердің өлшеміне сәйкес келетіндей әрі орнықты, ал оның жекелеген бөлшектері формасы мен түсі жағынан әдемі таңдалып алынған болуына да міндет алады.

Шарт бойынша құрастыру баланы шарттармен санасуға үйретеді. Баланың іс-әрекетін тәртіпке келтіреді. Мысалы, төрт үйшікті айнала шарбақпен қоршағанда, бір үйшік (бұлардың ішіндегі ең үлкені - түлкінің үйшігі) қалған үш үйшіктен, (қаздардың үйшіктері) бөлек қоршалуы қажет екені жөнінде тапсырма алған бала үйшіктерді бір орыннан екінші орынға ауыстыруға хақы жоқ екенін, олардың тұрған орнын алып жатқан шарбаққа лайықтап үйлестіруге болмайтынын түсінеді.

Бала үшін үйшіктерге берілген орын айқын шарт болып табылады, оған тұрғызылатын шарбақ сәйкес келуі керек.

Шарбақтарды тұрғызудың жаңа әдісін жақсы меңгеріп алған балалар бағаналарды қоюдан бастайды. Бастапқы жоспарлау жұмысы оларда айқын көріне бастады: олар қол қимылымен қоршалатын алаңның аумағын сызып, бағаналар қадалатын орындарды белгіледі, содан кейін ғана оларды қадады. Мұның үстіне балалар өздерін-өздері бақылап, бағаналардың орналасуын анықтады.

Осыдан кейін бағаналардың арасына шарбақ орнатты, мұны көбіне айқын түзу сызықтармен белгіледі. Дұрыс тұрғызылған шарбақтар қаздардың үйшіктерін түлкінің үйшігінен бөліп тұрды. Кейде балалар жекелеген шарбақтармен түлкінің үйшігін де сенімді болу үшін бөліп койды.

Әдетте, қаздар тұратын ауланың есігін оның алыс бөлігінен шығарды және оны қақпамен мұқият жауып койды. (Н. Н. Поддьяковтың байқаула-рынан.)

Шарт бойынша құрастыру баланың түрлендіру ынтасын дамытады.

Мектепке дейінгі балаға бір шарттың өзін негізге ала отырып әр түрлі шешім қабылдау төтенше қызғылықты; үйшіктерді түрліше қоршау, өзен арқылы көпірді түрліше салу, үйлердің, түрлі типін тұрғызу осының мысалы бола алады.

Біртіндеп күрделене беретін құрылыстардың тұтас қатарын жасау балаға ұнайды. Мысалы, биік те аласа, кең де тар, ұзын да қысқа т.б. үйшіктерді тұрғызу балаларды үйшіктердің түрлі тиіптері жөнінде жалпыланған, икемді ұғымын, оларды тұрғызудың жалпыланған іскерліктерін қальштастырады. Бұл шынайы шығармашылық құрастыру негізін жасайды. Балалар қандай да бір ойын барысында қажет болатын үйшіктерді оңай тұрғызады, өздері салған құрылыстарда түрліше мақсаттарды оңай іске асырады.

Егер баланың құрастыру тәжірибесі аз болып, дер кезінде үлгі бойынша құрастыруды үйренбеген болса, ол шарт бойынша құрастыру кезеңінде үлкен қиыншылықтарға тап болады. Шартқа сәйкес келетін жаңа бір нәрсені тұрғызу қажеттігі туғанда бала әдеттегісінше құрылыстың шартқа аз сәйкес келетін, өзіне белгілі түрін тұрғызуға кірісе бастайды, өйткені құрылыстың типтері жөнінде оның жалпыланған ұғым мен оларды тұрғызарда жалпыланған іскерлігі әлі де қалыптасқан жоқ.

Құрастыру іс-әрекетінің үшінші типі - ойлау бойынша құрастыру. Құрастырудың бұл типін баладан ойын іс-әрекеті талап етеді. Ойын үшін тек арнаулы құрылыс материалынан (мысалы текшелерден) ғана

емес, сонымен бірге жихаз, тақтай, таяқ, зонт, матаның қиықтары сияқты баланың төңірегіндегі заттардан құрылыс тұрғызуға тура келеді. Ойын көбіне баланың тек өз басы ғана пайдаланатындай құрылыс тұрғызуды да талап етеді. Балалар ойындарында өздері ішіне орналасатындай үйлер салады, отырып алып жүзіп кететіндей кемелер мен баржалар жасайды.

Ойында салынған құрылысты пайдалану балалардың құрастыра білуіне үлкен практикалық мән береді және құрастырудың сипатын өзгертеді. Балалар өздерінің салған құрылысын белгілі бір нәрсеге ұқсас болу үшін ғана емес, сонымен бірге өздері осы құрылыспен ойнау үшін де құрастыра бастайды.

Мұндай жағдай балалардың құрастыру процесіне өзгеше көзқарасын тудырады: балалар ойланған ойынға оның ерекшеліктері сәйкес келетіндей құрылыстарды салуға тырысады.

Ойын үшін құрастыру балаларды біріктіреді, құрастыру үрдісінде балалар құрылыс жоспарын бірлесе талқылауды, ортақ келісімге келуді, өздерінің тілектерін көпшілік қолданған құрастыру ойынына бағындыруды және құрылыстың неғұрлым сәтті варианты жөніндегі өз ойларын қорғауды үйренеді. Балалар салып бітірген құрылысты т. б. қайта құрастыруды үйренеді.

Үлгі, шарт, ойлау бойынша құрастыру бір-бірін тура алмастыратын кезеңдер емес. Құрастырудың барлық типтері міндеті мен жағдайына байланысты кезектесіп отырады. Әйтсе де құрастырудың әр типі баланың өзіне тән қабілеттерін дамытады.

Құрақ құрау мен жапсыруды жеке атау қажет. Бұл да жемісті іс- әрекеттің екі түрі болып саналады. Олардың психологиялық мәні бейнелеу және құрастыру іс-әрекетінің мәніне ұқсас. Сурет салу, құрастыру, жапсыру және құрақ құраумен белсене шұғылдану арқасында балада ненің тындырылуы қажет екенін күні бұрын көзге елестету қабілеті, іс-әрекетті жоспарлау қабілеті дамиды.

Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына
тигізетін әсері

Мектепке дейінгі кезеңде еңбек әрекетінің негізі енді ғана қаланып келе жатқанымен, бала психикасын жан-жақты дамытуға маңызды әсері бар.

Еңбек әрекетін орындау нәтижесінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды еріксіз бақылап, дүние туралы түсінігі кеңейіп, тәрбиешінің сөз жүзіндегі айтып, түсінік беруінің нәтижесінде ересек

адамдарының қоғамдық еңбегінің мәні оның адамзат болшағы үшін қандай маңызының бар екенін түсінеді.

Тіпті күнделікті өмірде бақша қызметкерлерінің еңбек әрекетін мұғалім, тәрбиеші міндетін, дәрігер сатушы, құрылысшы, наубайхана жұмысшыларының әрекеттерін серуен сабақ, экскурсия кезінде бақылап, көріп өз ата-анасының еңбегін олармен салыстырып, бүкіл адамзат баласының өмірі үшін еңбектің қоғамдық маңызы бар екенін түсіне бастайды. Еңбек ете білген адам елді, Отанын құрметтейтін түсініп, өзін еңбек ете білуге ынталандырып дайындайды. Баланың мұндай ықылас ниеті ойын кезінде байқалады. Өйткені үлкендердің еңбек әрекеттері ойында бейнеленеді.

Оқу және еңбек іс-әрекеттері өздерінің жетілген формаларында мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды. Оқу іс-әрекеті мектеп жасындағы балаларда жетекші орын алады (өндірістен қол үзбей білім алып жүрген үлкендерде де солай). Еңбек - үлкендер жұмысының негізгі түрі. Іс-әрекеттің осы түрлерінің әрқайсысы күрделі құрылымға ие және адам психикасына жоғары талаптар кояды. Бұларды табысты орындау үшін мектепке дейінгі жастағы балада әлі қалыптасып үлгермеген психикалық қасиеттер мен қабілет болуы қажет.

Жүйелі оқуға және келешек өнімді еңбекке араласуға даярлық мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл даярлық негізінен ойын мен істің жемісті түрлері арқылы жүзеге асырылады. Әйтсе де осымен қатар үлкендер балалардың алдына оқу мен еңбекке тән нақты тапсырмаларды қояды, балалар осы тапсырмаларды орындағанда олардың оқу мен еңбек іс- әрекеттері үшін қажетті белгілі бір психикалық іс-әрекеттерді игеруіне бірте-бірте қол жеткізеді.

Мектепке дейінгі шақта оқу мен еңбек элементтерінің дамуына баға бергенде еңбек ісінің мәні оны ұйымдастырушы үлкен адам мен бала үшін өте көптеген жағдайларда түрліше болып шығатынын естен шығармау қажет. Мысалы, үйрету үдерісінде баланың белгілі білім мен дағдыны игеруінен, кезекшінің міндетін атқаруынан немесе гүл отырғызуынан оның оқу және еңбек іс-әрекеті қалыптасты (тіпті қарапайым формада) деп қорытынды шығаруға негіз бола алмайды. Белгілі бір сәтке дейін балалар іс-әрекеттің үдерісінің өзіне қызығады, үлкендерге ұқсауға ниеттенеді, бала ұқсау және олардың мақұлдауына ие болу тілегін басшылыққа алады, алайда алған білімнің, немесе өздерінің еңбек тапсырмаларын орындау нәтижелерінің мәнін әлі түсінбейді. Мектепке дейінгі жаста оқу және еңбек іс-әрекеттерін саналы орындау жаңа ғана қалыптаса бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет