Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Енді мектепке психологиялық даярлық диагностикасының Қазақстанда даму ерекшелігіне тоқталсақ



бет64/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86
Байланысты:
китап

Енді мектепке психологиялық даярлық диагностикасының Қазақстанда даму ерекшелігіне тоқталсақ, Республикамызда әр жылдары мектепке даярлау мәселесін зсрттеумен айналысқан ғалымдар еңбектерін талдау барысында зерттеушілердің мәселені психологиялық тұрғыдан емес, педагогикалық тұрғыдан шешуді басшылыққа алғандары айқындалды. Мәселен, Б.Баймұратованың «Балаларды мектепке даярлау жөнінде» (1975) еңбегінде мектепке даярлау мектепке дейінгі кезеңнің басты мәселелерінің бірі деген бағытты ұстана отырып, балаларды мектептегі оқуға даярлаудағы негізгі міндетті мектепке дейінгі мекемелер қызметі деп тауып, бала бақшадағы оку-тәрбие үрдісі арқылы шешу жолдары ұсынылады. Мәселен:

  1. баланың тілін дамыту арқылы;

  2. сауат ашу жұмыстарын жандандыру арқылы;

Д) балаларға оқып беру үшін қосымша мәтіндер жасау арқылы

Зерттеушінің «Баланы мектепке даярлау - бала 7 жасқа толғанда емес, оның сәби шағынан басталуға тиісті» деген пікірі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ.

«Баланы мектепке даярлау» деп аталатын К.Қойбағаровтың еңбегі мектепке даярлаудың қажеттілігін насихаттай отырып, қоғамдық тәрбие рөлін жақтайды.

Қ.Сейсенбаевтың «Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбегі ұлттық реңкте жазылған туынды. Этникалық педагогика мен психология ғылымының негіздеріне сүйене отырып, мектепке даярлауды баланың сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлауын дамытуға арналған ауыз әдебиетінің кіші жанрларының үлгілерін және ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды пайдалану арқылы шешуді көздейді.

«6-7 жасар балаларды мектепте оқуға даярлаудың педагогикалық мәселелері» тақырыбындағы Ж. Рысбекованың ғылыми зерттеуінде мектепке психологиялық даярлық бағыттарына: биологиялық кемел; танымдық даярлық; еріктік; көңіл күйлік және жеке басының даярлықтарына сәйкес, педагогикалық категориялар жатқызылады. Көрнекілік түрінде оны былай көрсетуге болады.

Психология ғылымдарының докторы, профессор Х. Т Шерьязданованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері» атты зерттеуінде былай делінеді: «Оқытудың теориялық негіздерін жасаған Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов Л.В.Занков, Л.Н.Леонтьев, Н.А.Менчинская, Д.Б.Эльконин зерттеулеріне сүйене отырып, оның, балалардың танымдық әрекетін сондай-ақ эмоциялық, еріктік, мотивтік салаларына ықпалын көрсетіп, біз, басты өлшемі «мектептегі оқуға даярлық болып табылатын, өтпелі кезеңге көңіл бөлдік» Ғалым еңбегінде, баланың мектепке танымдық даярлығын аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі (ырықты; ырықсыз естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға дейінгі даму деңгейі қарастырылады. Олардың әрқайсысының кері жолдары қарым-қатынастың түрлі стильдері арқылы сипатталынған. Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі, тұрақтылығы: алаңдағыштығы, шашыраңқылығы, шоғырлануы және ырықтылығы, өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта жаңғыртудың көрнекі-бейнелік қозғалыс, логикалық

ойлау түрлерінің жоғарыда аталған қарым-қатынастың 3 түрлі стилінде көріну жолдары талданған.

Қ.Т.Шерьязданованың мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуындағы қарым-қатынас рөлі тұжырымдамасы ресейлік ғалымдар Е.О.Смирнова, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцовалар зерттеулерімен үндес сондай-ақ баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығымен байланысты қарастырылады: «Мектепте жақсы оқуы үшін балада қарым-қатынастың формалары қалыптасқан болуы керек. Ол оқушыдағы жетекші әрекет - оқу әрекетінің міндеттерін игеру үшін қажет». «Үлкендермен қарым-қатынас балаға жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеруге көмектеседі, әрі бірте-бірте жетекші әрекеттің жаңа түріне көшуге даярлайды».

Қазақстан Республикасының Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім зертханасы да балаларды мектепке даярлау ісін зерттеумен кең көлемде айналысты. Балалардың психикалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асырудың жолдарын қарастыратын бұл кешенді зерттеудің ғылымилық жағынан гөрі, әдістемелік жағы, психологиялық қырынан гөрі, педагогикалық қыры басым болды. Осы зертхана мәліметтері практикалық құндылығымен әлі күнге өзекті болып келеді.

М.А.Асылханова зерттеуінде мектепке бейімделудің басты факторы ретінде танымдық іс-әрекет қарастырылған, ал мектепке психологиялық даярлық диогностикасы мазмұнында танымдық даярлық негізгі өлшем ретінде сипатталады.

Мектеке психологиялық даярлық диагностикасының ғылыми негіздері» (2002ж.) деп аталатын М.П.Оспанбаеваның ғылыми зерттеуінде алғаш рет мектепалды даярлық диогностикасының құрылымы жіктеледі және оның мазмұны мектеп алды дағдарысымен бірлікте қарастырылады. Бұған дейін зерттелінген еңбектердің барлығында «мектепке психологиялық даярлықты қалай анықтау керек?» «мектепке психологиялық даярлық табиғаты неде? сипатындағы қолданбалы сұрақтар іздестіріледі. Ал, мәселені жиі зерттеу саласы деңгейіне көтеріп, оны нақты деректермен негіздеу жағы қарастырылмайды. М.Оспанбаева зерттеуі мектепке психологиялық даярлық диагностикасын теориялық ғылым, тәжірибелік іс- әрекет ретінде зерттеуімен құнды. Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу - қысқа мерзімді диагностикалық шара болып

табылады; ал осы даярлық диагностикасы мазмұнын тың деректермен жетілдіріп, оны пайдалану деңгейінде қарастыра отырып, теориясын жасауға талпынуы автордың дербес ғылыми жетістігі болып табылады



Мектепке психологиялық даярлық диагностикасының Қазақстандағы жағдайын талдау барысында осы мәселенің ашық сипаты шамамен екі кезеңге бөлінетіндігі анықталды: 1965-1990жж мектепалды даярлық маңызы туралы болса, 1991-2005жж мектепалды даярлық психодиагностикасының қалыптасу кезеңі.

Баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын ғылымда 5,

  1. 7 жас кезеңдерінде анықтау қалыптасқан. Бұл жас мөлшері балалар психологиясында «мектеп жасына дейінгі ересек кезең» (3-7 жас аралығы) деп аталады. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен мектептік кезеңге көшу құбылысын «өтпелі кезең» деп, ондағы негізгі ерекшелікті - мектепке психологиялық даярлық деп көрсетеді. Осы мәселенің жасалу жолын ғылыми талдау барысында, мектепке психологиялық даярлық диагностикасының шартты түрде 5 кезеңге бөлінетіндігі анықталды.

Сонымен, мектепке психологиялық даярлық диагностикасының калыптасу кезеңдері келесі ретпен кезеңделеді.

  1. кезең - 1920-1946 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңге тән ерекшелік - берілген мәселенің эксперименттік сипат алуы. Қол жеткен табыстары: баланың мектептегі оқуға даярлығын ұйымдастыру қажеттілігінің мәселе ретінде көтерулері. Баланың мектеп талаптарын орындау шамасы психикалық даму барысына тәуелді; ал ол, өз кезегінде, әлеуметтік орта мен дене дамуына тікелей қатысты деп тауып, осы жорамалдың ақиқаттылығына көз жеткізу үшін кешенді тексерулер ұйымдастыруы. Өкілдері А.П.Нечаев, А.Б.Серебряников.

  2. кезең - 1947-1960 жылдар. Бұл кезеңге тән ерекшелік - баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының мазмұнын жасауға деген талпыныспен сипатталады. Қол жеткен табыстары - даярлық процесін мектеп талаптарынан бөліп алып қарастыру барысында, баланың мектептегі оқуга даярлығын психологиялық мәселе ретінде қалыптастырулары еді. Өкілдері: А.Н.Леонтьев А.В.Запорожец, З.М.Истомина, З.В.Мануйленко, Л.С.Выготския Л.И.Божович, Д.Б.Эльконин т.т. Олар мектепке психологиялық даярлық мазмұны тәрбие ықпалымен қалыптасатын, психиканы сапалық өзгерістері - яғни жаңа құрылымдар деп тапты.

  3. кезең - 1961-1980 жылдар. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік бастауыш оқу мерзімінің өзгеруіне байланысты, мектеп психологиялық даярлық диагностикасының зерттелу жағдайыны күрт жоғарылауы

  4. болды. Оқу әрекетінің қарқындандырылуы мектепке психологиялық даярлық мәселесіне жаңа қырынан қарауға итермеледі. Мектепке психологиялық даярлық мазмұнын анықтау міндеті - оқу әрекетін игеруге қажетті алғышарттарды табу болып табылады деген кезқарас қалыптасты. Қол жеткен табыстары мектепке психологиялық даярлықты жетілдіру жолдары іздестіре бастауларында еді. Бұл кезең өкілдері: Л.А.Венгср В.С.Мухина, Е.А.Проскура, А.В.Запорожец, Т.Б.Тарунтаев А.Е.Журова, А.М.Леушина т.т.

  5. кезең - 1981-1990 жылдар. Жалпы білім беретін мектептердің реформалануына байланысты, мектепке қабылдау жасы 1 жылға кейін шегерілді. 6 жасарларды оқыту мәселесі, балалар психологиясында бұған дейін қалыптасқан жас дағдарысы» ұғымын қайта қарау қажеттілігін тудырды. Нәтижесінде мектепке психологиялық даярлық жас көрсеткішіне тәуелді деген болжам жасалды.

  1. кезең табыстары: мектепке психологиялық даярлық физиологиялық дамумен байланыстыра қарастырылды; «мектептік кемел» ұғымы пайда болды; мектепке даярлық өлшемдері қалыптасты. Осылардың барлығы мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мазмұнын кеңейте түсті. Өкілдері: Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер, Е.Е.Кравцов Н.Н.Лобанова, Е.О.Смирнова, П.Я.Кэес, Г.И.Капчеля, Н.Ульенкола, С.Д.Максименко, С.Л.Коробко, С.А.Цветков, Костикова, Е.Е.Сапогова т.б.

  2. кезең - 1990-2000 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі ерекшелік мектепке психологиялық даярлық жұмысы тәжірибелік әрекет ретінде жаппай қолданыста болды. Нәтижесінде, мектепке психологиялық даярлық диогностикасының тәжірибелік, әдістемелік құралдары көптеп жасалынды. Бұл бағыт өкілдері: Лидерс А.Г, Колесникова, В.Г.Непомнящая, Н.И., Рогов Н.И., Овчарова Р.В, Шериазданова Х.Т., т.т.

Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп
алды дағдарысының психологиялық ықпалы.

Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру - өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.

Жас дағдарыстарына «Психологиялық сөздікте» мынадай анықтама беріледі: «бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы. Ал егер осы ауысулар міндетті, әрі заңдылық болса, теріс қылықтар

- баланың өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтардың нәтижесі».

Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектермен қарым-қатынасы кезіндегі қиындықтар мен мініз- құлық ауытқуларының теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келді. 7 жас дағдарысы алғашқылардың бірі болып баяндалды, ал одан соң зерттеушілер назары 3 жас пен 11-12 жас дағдарыстарына ауды. Бірақ олардың өздері де психологиялық жағынан гөрі педагогикалық жағынан қарастырылды. Мәселен «теріс қылықтардың көрінісін жұмсартатындай етіп, тәрбиені қалай құруға болады?» деген сұрақтар іздестірілді. Ал психикалық дамудың дағдарыс рөлі қаншалықты екендігі аса көп зерттелінбеді.

Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән: «тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар», - деп тұжырымдады олар. Бұған қарсы, КСРО кеңістігіне Л.С.Выготскийден бастап, дағдарысты дамудың ішкі аса қажет кезеңі, сапалық секіріс ретінде қарастырды. Дағдарыс нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал бала мінезіндегі оғаш қылықтар бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі: оң, жағымды жаңа құрылымдардың «келесі беті». Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, тегісөтпейді, ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт, қайшылықты түрде жүреді.

Л.С.Выгодскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Даму дағдарысын зерттеу туралы Л.С.Выгодскийдің тезистері бұдан жарты ғасыр бұрынғы өзектілігін жойған жоқ. Психикалық даму туралы белгілі бір жас кезеңіне сипаттама бсрілгенде, барлық зерттеушілер Л.С.Выготскийдің «дағдарыс» теориясына сүйенеді, содан мысалдар келтіреді. Ал, осы мәселесіне жаңаша қарау, оны дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес жаңа қырынан ашу, немесе Л.С.Выготский теориясына терең талдау жасаған зерттеулер байқалмайды.

А.Н.Леонтьев бойынша, жаңа әрекеттің қалыптасуы жаңа мотивтердің пайда болуымен байланысты, яғни мотивтің мақсатқа бағытталуымен сипатталады; іс-қимыл мазмұны біртіндеп байи түседі де, іс-әрекет шеңберіне көшеді. Дағдарыс бір кезеңнен екінші кезеңге өтудегі, жетекші әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысардағы

дамудың аса қажетті белгісі емес; егер баланың психикалық дамуы тәрбие арқылы меңгермелі сипатта болатын болса дағдарыстың өтпеуі де мүмкін.

Мәселе Л.С.Выготский үшін «дағдарыс» пен «ету», «ауысу», «көшу» сөзінде синоним болып табылады; ал А.Н.Леонтьев үшін «дағдарыс» - «сәтсіз»( көшу (өту)». Мысал ретінде, А.Н.Леонтьев, іштей мектепке дайын баланың бақша жағдайында қалуын келтіреді. Мұндай баланың тәрбиесі қиындайды, ол өзіне ермек тауып алады, ал онысы көп рет келеңсіз көрініске айналып жатады.

1950-70 жылдары үстемдік құрған дағдарыс кезеңдерінің психологиялық мазмұнын Л.И.Леонтьев эксперимент арқылы дәлелдеуге талпынды. Ол дағдарысты қалыпты даму жағдайы деп емес, ауытқу деп сипаттады. Сауатты, мақсатты түрде ұйымдастырылған тәрбие барысында дамудағы дағдарысты болдырмауға болады деген тұжырым жасады. Сөйтіп, бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту мазмұны психология ғылымдар кеңістігінен педагогика ғылымдарының аймағына қарай жылжыта бастады.

Дағдарыс - психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс тәрбие нәтижесі ретінде қарастырылатын болды.

Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс жүйеден екінші жүйеге ауысу ретінде сипатталды. Дамудың сатысьшда адам іс-әрекетінің белгілі бір жағы қарқынды түрде өседі, (соған сәйкес қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала бастайды. Осы қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин дағдарыс жастары психологиясымен байланысты арнайы сұрақтардың жасалу қажеттілігін атап көрсетті.

Бірақ дағдарыс кезеңінің өту тетігін ашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 7 жас дағдарысы туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин дербестікке ұмтылу - бала мен ересек арасындағы жаңа қатынастар жүйесінің қажетті алғышарты деп болжады.

Сонымен, баланың психикалық дамуындағы дағдарыс ролі туралы теорияларды талдау барысында екі көзқарас ажыратылады:


  1. Дағдарыс кезеңі дамудың аса қажетті сәті ретінде жаңа кұрылымдардың пайда болуын негіздейді. Бұл бағытты ұстанушылар Л.С.Выготский мен Д.Б.Эльконин.

  2. Жаңа сапалық өзгерістер жетекші әрекеттің ауысуымен және жаңа қатынастар жүйесіне көшумен сипатталады. Мұндай басымдылық танытатыны - дамудың психологиялық тетіктері емес, сыртқы, әлеуметтік жағдайлар. Бұл Л.Н.Леонтьев, Л.И.Божович және т.б. тән көзқарас.

Мектепке психологиялық даярлық өлшемі - даму дағдарысы болып табылады.

Дағдарыс - дамудың бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуде міндетті түрде ескі жүйенің (қатынастардың, байланыстың, қимыл-әрекеттің) қирауын, жеңілуін талап ететін сәт. Сонда баланың өзін қоршаған болмыспен бұрынғы байланысы шынымен-ақ талқандалуы керек пе? Жаңа, міндетті түрде, бұрынғымен қатар емес, соның орнына келуі керек пе? Бұл Л.С.Выготский мен Д.Е.Эльконин тұжырымдарын Д.Б.Элькониннің ұлы Б.Д.Эльконин жалғастырды. Баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтаудағы алғашқы шарты — дағдарыс болуы қажет. Осы тұжырымды ұсыну барысында анықталған жайт «дағдарыс» ұғымына берілген анықтамалардың осы құбылыстың мазмұнын толық ашпайтындығы. Мысалдар келтірейік: «бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтаған дамудың біршама баяу, бірте-бірте өзгеретін кезеңдері және сол психикалық белгілердің құрып бітуімен, сондай-ақ жаңа белгілер пайда болуымен байланысты, кейде баланы неғұрлым тез, секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі даму дағдарысы деп аталады. (Л.С.Выготский); «дағдарыс дегеніміз бала дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне өту құбылысы; дағдарыс екі жастың түйіскен жерінен туындап, дамудың бір кезеңінің аяқталып, екіншісінің басталуымен сипатталады; дағдарыс кезеңінің негізгі мағынасы жеке бастың түбірімен өзгеруімен анықталады» (Л.М.Фридман) «жас дағдарыстары бір жас кезеңінен екіпші жас кезеңіне өтудің шартты атауы ...» (психологиялық сөздік). Берілген анықтамалардың барлығында бір жас кезеңінен екіншісіне өтудің дағдарыс деп аталатындығы, оның жаңа кұрылымдардың пайда болуымен сипатталатындығы, әрі дамудағы секірмелі құбылыс екендігі баяндалады. Бұл анықтамаларда:



  1. осы психикалық өзгерістің неліктен дағдарыс деп аталғандығы ашылмайды;

  2. дағдарыс кезінде байқалар теріс қылықтардың табиғаты көрсетілмейді.

Мектепке даярлаудың психологиялық мәселелерін қарастырғанда баланың мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңындағы дағдарыстан өткен-өтпегендігі анықталуы керек. Дағдарыс диагностикасы түрлі әдістемелер мен бақылау, сауалнама әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, дарыстың өтуін жеделдету үшін қалыптастыру сынақтарын жүргізуге болмайды. Мұндай тәжірибенің ғұмыры қысқа болатынын 1984-жылғы білім беруді реформалау ісіндегі 6 жастан

1-сыныпқа қабылдау эксперименті дәлелдеп берді. Ендеше, мектепке дейінгі шақтың соңында көрінетін, психологияда «7 жас дағдарысы» деген атауға ие болған мектептегі оқуға психологиялық даярлықтың алғышартын құрайтын ағзаның сапалық өзгерісі сипатына тоқталайық.

Даму дағдарысы белгілі бір жас сатылары арасындағы секірмелі өзгерісі. Мінез-құлық, ішкі қайшылықтармен қоса кең әуелі адамның сырт пішіні кенеттен айтулы өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің алдында баланың бойы қарқынды түрде ұзарып, қозғалыс мәнері бұзылады. Оның себебі - дене бітімінің үйреншікті қалпынан күрт өзгеріп, өсуі салдарынан кеңістік пен тұлғаның ара қатынасының уақытша өзгерісі, бойын еркін игере алмауы. Баланың сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.

Бұл үдеріс - тісеу деп аталады.

Әйткенмен де өзгерістер баланың сырт келбетінде ғана емес, мінез- құлқында да да айқын байқалады. Бала ешбір себепсіз, жасандылыққа бой ұрып оғаш қылықтар көрсете бастайды: дауысын «шырылдатып», жүрісін өзгертіп, орынсыз жерде қай-қайдағыны айтады. Бұның бәрі үлкендер тарапынан таңқалыс тудырып, бала мінез-құлқының «біртүрлілігіне» секеммен қарауға итермелейді. Бала бойындағы осы оғаштықтар белгілі психолог Л.С.Выготский былай анықтаған «Бала аңқаулығының жойылуының» нақ өзі. Ал, бұл баланың психикалық өмірінің өзгеруіне байланысты туындайтын жағдай.

Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, баланың сыртқы мінез- құлқынан үлкендер оның не ойлап тұрғанын, сезімін, көңіл-күйін біле қояды. Ал, бала аңқаулығы жойыларда оның көңіл-күйіне, мінез- құлқының арасына ақыл-ой ене бастайды. Нәтижесінде, бала өзіне жаңа бейне жасап, жоқ нәрсені бар етіп көрсетуге құмар болады. Осы кезеңде баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында қиындықтар туындайды. Бұрындары тіл алғыш, тәртіпті бала енді ересектердің нұсқауын естімегенсіп, қиқарлық танытып, күнделікті орындалар мәдени-гигиеналық дағдылардан бас тартып, сонымен бірге өз мінез- құлқын ақтап, дәлелдей бастайды. Өзінің сырт келбетіне ерекше мән

Мекгепалды дағдарысының психологиялық мазмұны.

Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері Л.С.Выготский «Жас мәселесі» еңбегінде (1984. 4-т.) өткен ғасырдың басында-ақ ғалымдардың 7 жастағы балалардың мінез-құлқында түсіндіруге келмейтін теріс қылықтардың көрінетінін байқағанын, оның баланың психикалық дамуындағы заңды, іспеттес, «7 жастағы дағдарыс» деген атау алғанын баяндай отырып, дағдарыстың дамудағы өтпелі кезең

екендігін, оның нақты, айтарлықтай шекарасы жоқтығын, шартты түрде белгіленетіндігін жазды.

Белгілі балалар психологы, атақты теоретик Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский тұжырымына сүйене отырып, балаларды мектепке қабылдау ісін 6 жастан жүргізу әрекеті жаппай сипат ала бастаған тұста «7 жастағы дағдарыс» мәселесіне шүбәлана қарайды: «7 дағдарысы сол күйінде қала ма, әлде 6 жас дағдарысына ауыса ма?». Д.Б.Элькониннің бұл күдігі, әрине, мектепке қабылдау жасының өзгеруіне байланысты туындайды. Әйтсе де, 7 жас дағдарысы белгіленген уақыт пен бүгінгі кезең арасындағы уақыт алшақтығын баса көрсете отырып, замана өзгерісін, биологиялық түр, психикалық даму өзгерістері нәтижесінде, әсіресе акселерацияның арқасында, мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңындағы дағдарыс 6 жасқа ауысқан болар деп тұжырымдайды да, 6-7 жас аралығын меңзейді. Белгілі ғалым мұндай қорытындыны құрғақ теория арқылы жасамаған, әрине. Зерттеу жұмысын ізбасарлары мен шәкірттерінің (Т.А.Нежнова, М.Р.Гинзб; Е.З.Басина, Е.В.Филиппова, Е.А.Бугрименко, Л.В.Берци К.Н.Поливанова) көмегімен жүргізілген эксперименттік-зерттеу нәтижесін қорытындылау арқылы тұжырымдайды.

Д.Б.Эльконин тұжырымы мен Л.С.Выготскийдің дағдарыс кезеңінің айқын шекарасы жоқтығы туралы ескертуіне, әрі даму, даралық ерекшеліктер факторына сүйенер болсақ, мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғындағы дағдарыстың организмнің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр балада түрлі жаста көруге болады. Сондықтан қазақ психологиялық терминологиясына осы дағдарыс атауы «мектеп дағдарысы» деген атпен енгізілген.

Зерттеушілердің пікірінше мектепалды дағдарысындағы басты жаңа құрылым - ырықтылықтың дамуы. Ырықтылық - мектепке дейінгі кезеңнеи оқушылық өмірге көшудегі мектепке психологиялық даярлықтың негізі болып табылады. Ырықтылық өз алдына психологиялық мақсат қойып, оны орындау болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың
бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары

Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргізілген іс-әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда және т.б. процестерінде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі

оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен зейінінің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейінінің ролі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейінінің анықтау обьектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады. Зейін - барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Бірақ, өте тығыз байланыс ырықты зейінмен ес процесінің арасында оқуға даярлығын қалыптастырудың алғашқы кезеңінде көрінеді. Мұғалім бала алдында тек зейінін дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар, оқыту материалдарын есте сақтау қажет деген мақсат қояды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балаларда ырықты зейін басымырақ қалыптасады және сөздік қоры дами бастайды, бұл құбылыстар әдістердің жиынтығы мен нақты қимылдар арқылы іске асады. Ол мектеп жасына дейінгі ересек балалардың ырықты зейіні мен ырықты ес процесінің әрі қарай дамуына көмектеседі, оған себеп әрекеттер - ойындар болады. Ойын кезінде балалар көп нәрсені есінде қалдырады және бір нәрсені көздеуі нақты болады. Ал, жасанды жағдайларда, ойнау әрекеттері арқылы, олардың ырықты зейіні мен ырықты ес процесі тежеліп қалады. Әдістер арқылы ырықты зейін мен бала есінің дамуы жақсы жүреді. Мұндағы саналы мақсат - баланың ойын арқылы зейінін нақтылап, есте қалдыру, еске түсіру оңай және ерте орындалады. Ойын барысында көрсетілген көріністер мен әрекеттердің мазмұнын да нақтылау керек. Балаларда жүргізілетін ойындар шартына немқұрайылықпен қарап, ойынға араласуы әлсіз болса, онда құрбыларына кері әсерін тигізеді, сондықтан ойын алаңына кетуі қажет. Бұл жағдай, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен эмоционалды кеңею мақсатының бағытына және есте қалдыруға итермелейді.

Балаларды мектептегі оқуға даярлауда, сөйлеу процесінің дамуы, балалардың мектептегі оқу жағдайын жақсартатын бірден-бір әсер болып табылады, өйткені сөз - ол мұғаліммен сөйлесу, сол арқылы білімді игеру және психикалық процестердің дамуы мен жетілуі болып табылады.

Психологиялық қасиеттердің негізін анықтаған Л.С Рубинштейн баланы мектептегі оқуға қалыптастыру, тұтас қасиеттердің даму деңгейі болатынын және оқу әрекетіне қалыптасуы, күрделі структураға, икемділігіне немесе жеке адамдық сананың даму қорына кіретінін айтты. Белгілі шарттар бойынша сана дамуының негізгі белгілері жайлы С.Л.Рубинштейн, біріншіден, жеке қасиет ретіндегі белгілерді анықтап, тұтас икемділіктерді үйренуге қалыптасуындағы темпті бөлді және үйренудің оңайлығы, қозғалудың

жылдамдығы және тасымалдаудың кеңдігін анықтады. Н.А.Менчинская «дамыту» ұғымының мағынасын ашып, « бұл ұғым бойынша білімді қалыптастыру және оқу әрекетінің түрлерін дамытып, кабылдауды көрсетті». Балаларды мектептегі оқуға дайындау, авторлардың айтуынша - адамның жеке тұлға ретінде дамуының көрсеткіші. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындаудағы оқу деңгейінің дамуы мен қалыптасуының әдейілеп қарастырылмағанына байланысты, біздің жұмысымыздағы, балаларды мекептегі оқуға дайындау деңгейінің бағытына әсер етеді. Біздің анықтауымыз бойынша, мектепке дейінгі жастағы балалардың функционалды дайындығының деңгейі жеткіліксіз болғандықтан, көрсеткіштегі белгілер бойынша көру аппаратының қалынтаспауы мен төменгі интеллектуалды дайындықтың оқуға ешқандай негізсіз әсер ететіндіктен, білімді меңгергенде қабылдаудың төмендігінен, балалардың танымдық әрекеті мен психологиялық процестерімен, зейін, қабылдау, ойлау, ес, қиял және т.б. байланысты.

Адамның көру жүйесі - көбінесе жоғары ұйымдасқан сенсорлық жүйемен, қоршаған дүниені активті танудан, белгілі қабылдау процесін хабарлауы мен оны миымен көруді меңгеруі үлкен рол атқарады.

Заттарды көру, формаларды және түстерді ажырату, мектепке баратын балаларда болады және осы жаста оның құрылысы қалыптасады. Балалар мектептегі оқуға дайындығын дамытуға және қалыптастыруға, қандай қарым-қатынаста болатындығын анықтау үшін, салыстыра талдау жүргіздік. «Балалардың мекептегі оқуға даярлығын дамыту және бірінші сынып оқушыларын оқуды қабылдау деңгейін», ал, екінші жағынан - көру аппаратының қалыптасуы, моторикалық дамуы және вербальды ойлауы, баланың оқуға деген жеке компоненті және т.б. және вербальды ойлауда, оқуды қабылдау «мектепте ер жету» деңгейіне әсер етеді.

Осы жастағы балалармен жұмыс барысында баланың қиялын оятатын шығармашылық тапсырмаларыға көңіл аудару керек.

Психалогиялық ахуалына келетін болсақ, бұл жаста балада бір шама білім қоры болады және ол күннен күнге толып отырады.

Бала өзінің тәжірибісімен құрдастарымен бөліседі, соның арқасында қарым-қатынасында танымдық мативтері қалыптасады. Бала өз алдындағы қиындықтарды шамасы келгенше өзі шешіп, өз мативтерін ересектердің мативтеріне бағындыра бастайды (үлкендер дем алып жатқанда шулы ойыннан бас тарта алады) оқуға және есепке қызығушылығы туындайды. Мақсатты түрде есте сақтап қала алады. Каммуникативтік дамуымен қатар жоспарлы сөйлеуге, яғни бала өз әрекетін жүйелі және логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға

тырысады. Осы жаста адами эмоцияның барлығын ажырата отырып, оның өз бойында да интелектуалдық, адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына жол береді.

Баланың интелектуалдық сезіміне мыналар жатады: білімпаздық, бәрін білуге құштарлық, қалжыңды көтере білу, немесе көңілділік, таңғалғыштық.

Эстетикалық сезіміне: сұлулықты сезе білу, ержүректілік сезімі.



Адамгершілік сезіміне: табандылық сезімі, ар-ождан сезімі, достық сезімі. Осы жаста балаларда өтірік айту, яғни өз іс-әрекетін ақтау үшін мақсатты түрде шындықты бұрмалау пайда бола бастайды. Мұндай қасиеттің дамуы бала мен ата-ананың шектен тыс қатал болуы баланың өзіне деген сенімін жояды да, бала ересек адамның алдында беделін жоғалтып алмас үшін өз әрекетіндегі келеңсіз жағдайларды және өзінің әрекетін басқа біреулерге аудара салуға дайын тұрады. Міне осы кезде адамгершілік нормаларды үйрету ата-анаға жүктеледі.

  1. 7 жастағы балалар ойын барысында келісімшарт құрып, бір-бірінің көзқарасымен санасып, өз эмоциясының жәй-күйлерін ұстамдылықпен игере отырып ойнауға үйренеді. Берілген тапсырманы сапалы орындайды, егер қате кеткен болса, тез арада жөндеуге тырысады. Бала әр-түрлі танымдық әдебиеттермен танысады, оларды өз бетінше қолдануға тырысды. 6-7 жастағы көрнекі бейнелі ойлауы дамып, оған абстрактілі ойлау элементері кіреді. Сонда да көп нәрсенін ішінен бір затты бөліп алу кезінде, әсіресе, қиындықтар да байқалып тұрады.

Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды.Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сурет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек. Негізгі жұмыстар:

  1. Баланың қажеттеліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

  2. Балаға субъективті қарым-қатынас жасау;

  3. Баланың жақын ардағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым-қатынас жасау;

  4. Баланың қызығушылығынтудыратын, оларды жандантыратындай сабақтарының көпшілігін ойын түрде жүргізу;

  5. Балалармен қарым-қатынас достық түрде мейрімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс-әрекетіне қолданбау;

  6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек ғана сандық, 1,2,3,4, 5 баға бермей, істелген жұмысының жақсы және жаман жақтарына талдау. Ең алдымен ересек адам балаларға жұмысты талдау жасауды өзі көрсетеді. Ол әр жұмысты мейлінше, мейрімділікпен әңгімелей отырып, қателіктерін баланың жанына ауыр тигізбей жеткізуге үйретеді. Мұндай талдау бала мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынастың сақталуына және баланың өзін-өзі ұстай білуіне көмегін тигізеді.

Бірінші кезекте тәрбиеші мұғалім немесе психолог балаларды өзінің эмоциясымен қызықтыруы керек. Эмоционалды тұрғыдан берілген сабақ баланың бүкіл берілген мағлұматты үлкеннен тез қабылдап, оны есіне сақтап қалуына көп әсерін тигізеді. Сондықтан да сабақтар да, қойылымдар да қолдану, әуенді пайдалану, сурет салғызу баланың жан- жақты ашылуына көп көмегін тигізеді. Топтарда баланың саны жұп болуы шарт. Өйткені көбінесе сабақ командалық жарыстар түрінде өтеді. Сонымен қатар егер бұл топтардағы балалардың психалогиялық ауытқулары болса немесе тіл кемістігі бар балалар болса, топ 6-8 адамнан тұратындай болуы қажет. Сабақ арасында 10 минуттық демалыстар немесе сергіту сәттері, ойындар міндетті түрде керек. Осы кезде ең қиыны - баланың танымдылық қабілетін арттыру. Егер ондай қабілеттері болмаған күнде оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын болады.

Танымдық қызығушылықты біз жанып тұрған «алаумен» теңеуімізге болады. Ол жанып тұру үшін жаңа білімдері мен дағдыларды отын ретінде беріп отырмасақ, «алау» бықсып немесе сөніп қалуы мүмкін. Бұл көбінесе дамуында ауытқуы бар және тіл мүкістігі бар балаларға қатыстысты. Өйткені олардың көбінде медициналық жағынан ауытқулар болады. Бұл танымдылық қабілеттері мүлдем дамымай қалады деген сөз емес, шала қалады деген сөз. Міне осы кезде бізге тағы да ойын көмекке келеді. Бала ойын барысында жеңіске жетуге тырысады да берілген тапсырманы тиянақты орындап шығады. Әрекет әр-түрлі болғандықтан, қиын кездерде бала жеңістен де бас тартатын кездері болады. Сол кезде көмекке үлкен адам келуі қажет. Көмек арқылы жеңістің дәмін сезіп, екінші қайтара жеңілмеуге бел буады.

Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы мектепке дайындау, мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш- жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педогогикалық- психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызықушылықтары жоғары деңгейге көтеріледі.


  1. кесте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет