Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет60/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86
Байланысты:
китап

Жоспар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы

  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары

Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы

Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағындажоғарыболады,оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдер шырмауында қалып отырады. Үлкендермен салыстырғанда балаларда сезімнің сырқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез сөнеді. Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі - баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай жағдайда балаларда сергектік

шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттегінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез-құлқы балада түрлі сезімдер - қуаныш, реніш, шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге, мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға-інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басына түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ ол кейде тым ауыр жағдайға ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына қатты ашуланады. Өзінің сүйікті кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қисынсыз мінез-құлықтарына байланысты.

Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі едеуір дәрежеде тереңдейді және нығая түседі. Ересектердің жақын адамдарын мазасыздық пен күйініштен қорғауға бағытталған шынайы қамқорлықтың белгілерін көруге болады.

Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Біріншіден, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу, батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.

Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы

Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі, қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің

талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияның ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр, кайрат, табандылық көрсетеді.

Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әлі де дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің олардың көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл- ой таразысына салмай дүрыс-бүрыстығын ойламай істей береді, өйткені олар да өздерінің ісін сана-сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады.

Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір - ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі
кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары

Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған жарасымды іс-шараларды қолдану олардың мінез-құлқындағы

кемшіліктерді жою жолдары болып табылады. Ерік кемшіліктерінің ішіндегі балаларда көп кездесетіні - қыңырлық. Қыңырлық ешқандай себепсіз өз дегенін істегісі келтіндіктен болады. Профессор Н. Д. Левитов қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын мынандай белгілерін атап өтеді. 1) қалай да өзінің айтқанын істегісі келушілік, 2) баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы, 3) басқа адамға талап қойғыш, өзінің айтқан талап-тіліктерін мойындататындығы. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа ашуланып, тез қылықтар жасайды. Мысалы, қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен туады, ол өзімшіл болады, ұжымнан шет қалады, дербестігі жойылып, өз бетімен еңбек ете алмайды. Осыдан келіп қыңырлық, өзімшілік туады. Мұндай қыңырлықты жою үшін отбасындағы тәрбие бағытын түзеу керек. Қыңырлық кейде ересек адамның балаға орынсыз ұрсып, шектен тыс жәбірлеуінен де болады немесе орынсыз ұрып-соғып жәбірлеудің нәтижесі. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің қатаң талап қоюынан үгіттеу көп болып, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен де туындайды. Осы себептер жойылса, қыңырлық та жойылады. Сонымен бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырып отырмаушылық қыңырлықтың болуының негізгі себебі. Еркелікті тудыратын негізгі себептер қыңырлықтың себебімен бірдей болғандықтан, еркелікпен күресу де қыңырлық сияқты. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші мынандай шаралар қолдану керек: ерке балаға көңіл бөліп, арыздарына құлақ сала бермей, қатаң талап қоя білу керек. Егер еркелік денсаулығына байланысты болса, маман- дәрігерлерден кеңес алу керек. Еркелікті жою үшін үйде де, бақшада да баланың айтқанын істеуді қою керек, жылайды екен деп айтқанын істей беруге болмайды.

Ұжыммен тапсырманы орындатуда өзінің жауапкершілігін сезу өзімшілдікпен күресудің ең жақсы жолы. Мектеп жасына дейінгі балаларда әлі де болса кездесетін жаман әдеттен біреуі - бақырып жылау. Жылау көбінесе белгілі бір қажеттілігінен орындалмауынан туады. Бала бұны басқа жолмен білдіре алмайды, өйткені онда шыдамдылық пен ұстамдылық сияқты ерік сапасы әлі жетілмеген. Мұндай жағдайда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету керек. Үйдегі, топтың ішіндегі өнегелі балаларды үлгі етіп, кітаптағы өнегелі балалардың мінез- құлқына еліктету жақсы нәтиже береді. Егер де бала жылап отырғанда тілегін қанағаттандыратын болса, бала «жылауды» үйдегілерге әсер етудің тиімді бір құралы деп есептейді де, әдетке айналдарады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсығу да жиі кездеседі. Бірдеңені олай істеме деп айтсаң, ерегесе түседі. Ашуланып, қарсылық көрсететіндері де болады. Мұндай қылықты көбінесе, жүйке жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Ол табиғатынан осындай қасарыспа емес, жүйке жүйесінің қозғыштығына байланысты. Жалқаулық та ерік-жігерінің аздығын көрсетеді. Баланың белсенділік пен еңбек сүйгіштік қасиетінің болмауы, жалқаулықты жою үшін сол әдеттен шығудың жолдарын іздестіру керек. Жалқаулықтың басты себебі баланың ойынға айналып кетуі. Жауапкершілігінің жоқтығы және мақсатсыз әрекет етуге байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет