Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет17/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Жоспар:

  1. Баланың психикалық дамуы және факторлары.

  2. Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі.

  3. Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В. Штерн, Ж. Пиаже,

Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері

  1. Жетекші іс-әрекеттер және оның бала психикасының қалыптасып дамуындағы маңызы.

Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму үдерістерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру үдерісі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым- қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру үдерісі болып саналады.

Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.

20-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсалюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

А. В. Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлеуметтік факторларды логикадағы дизьюнктиптік «мынау не?, анау не?» үдерістері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында биологиялық не әлеуметтік факторлардың біреуі ғана шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай рөл атқармайды деуге болмайды, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі. Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі рөл атқарады. Осылай деу әлеумет ортасының соның ішінде тәрбиенің рөлін бірден-бір жоққа шығара алмайды.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв үдерістерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбініесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

Осыдан физиологиялық қарапайым тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму үдерісінің негізгі мазмұны мен механизмдер көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.

Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына тигізетін әсеріне келсек, осы 2 фактордың қайсысы баланың жеке басының дамуында шешуші рөл атқарады деп айтуға болмайды.

Бұл екеуі бірінің жұмысын бірі толықтырып отыратын және бір- біріне тәуелді. Бұл туралы бірнеше психологтар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның бірі А.В. Брушлинский. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды. Дегенмен де мінез- құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп- жетілуіне шешуші рөл атқарады. Бала алғаш рет дүниеге келгенде органикалық қажеттіліктер жиынтығымен оттегімен тыныс алуға,

қоршаған ортадағы белгілі бір температураға, тамақтануға деген қабілеттілік пен өз қажеттілігін қанағаттандырудағы белгілі бір рефлекстік механизммен дүниеге келеді.

Қоршаған орта әсерінен балада қорғану, бейімделу, икемделу рефлекстері болады. Ол баланың психикалық дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол сыртқы орта әсерін қабылдап, қорытындылаудың негізін құрайды. Ал, әлеуметтік фактор тек қана осының дамуына себепші болатын түрткі. Шартсыз рефлексті оятып әрі қарай дамытуда шешуші рөл атқарады. Бірақ осыған қарап, әлеуметтік фактордың рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Ал, биологиялық факторды жоққа шығарып отырған шетел психологтары мына мысал негізіне сүйенеді. Психолог В. Перьоның естелігінен: ХХ ғасырдағы Франция этногрофы парагвай орманындағы көшіп-қонып жүрген гуайкал тайпасымен кездескіміз келді. Бірақ экспедиция жақындағанын сезіп гуайкалдар көшіп кетеді. Асығыста жұртта 2 жасар қызы қалып қойып, оны Виллар Франциядағы шешесіне тәрбиелеуге береді. Арада 20 жыл өткенде гуайкал қызы француз, парагвай, испан тілін біліп шығады және атақты этногроф болады. Ол осы мысалға сүйеніп тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық фактордың ешқайсысының да мәні жоқ деп есептеді. Олардың айтуынша бала психикасының дамуы түгелдей әлеуметтік ортаға байланысты болды.

Бұл оқиға дұрыс болғанымен баланың жеке басының қалыптасуында тұқым қуалаушылықтың ешқандай әсері жоқ дегенге дәлел бола алмайды. Өйткені, біріншіден гуайкалдар тұқымы жағынан француздардан кем емес, ал екіншіден егер де сол қыз орнында маймылдың немесе хайуанның баласы болса, француздар қанша мәдениетті, жан-жақты болғанымен де одан адам жасап ала алмайтын еді. Сондықтан да мәселенің мәні тек қана әлеуметтік ортада емес, гуайкал қауымында да іштен туа берілетін тұқым қуалаушылық шартсыз рефлекс бар. Соның нәтижесінде қыздың француздық мәдениеттің жетістігін меңгеруіне мүмкіндігі болды. Гуайкалдардың да, басқа ортаның да тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті бірдей болғанымен олардың әлеуметтік ортасы әр түрлі.

Әрине, бастапқы кезде гуанкал қызында ұрпақтан-ұрпаққа берілген шартсыз рефлексі ұқсап жатты. Оның бойындағы басты қасиет францияға келген соң сол әлеуметтік ортаның ықпал арқылы өзгеріске ұшырады. Өйткені Парижде гуайкалдарға қарағанда мәдениет те, білім де жоғары. Осы түрткі нәтижесінде қыз үлкен дәрежеге жетті.

Егер қыз өз руының ортасында болғанда осы ұрпақтан-ұрпаққа берілген мүмкіндікті түгелдей оята алмай, психикасы ойдағыдай дамымаған болар еді. Дегенмен де әлеуметтік ортаның әсер мүмкіншілігін мойындай отырып, барлық туа біткен қасиетті жоққа шығаруға болмайды.

Балалардың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Міне, біздің алдымызда бес жасар бала тұр. Ол түсініксіздеу етіп бірнеше сөздерді айта біледі, қолына берген қуыршақты аузына апарады, қарындашпен қағаз бетіне әлдене шатпақтар сызады. Мұның себебі неде? Мүмкін бала миынан мықтап ауырған шығар? Мүмкін оған ешқандай педагогикалық тәрбие берілмеген болар, яғни онымен ешкім ешқашан сөйлеспеген, ойнамаған оны ешнәрсеге үйретпеген шығар? Осы болжамдардың қай-қайсысы да рас болуы ғажап емес және де осылардың қай-қайсысы да психикалық даму шарттары жөніндегі білімімізге негізделеді.

Дамуы күрт бұзылған балалар, әрине ерекшелік сияқты. Ал, психологияны алдымен ережелер қызықтырады. Сондықтан да ғылымның басты міндеттерінің бірі жекелеген оқиғаларға байланысты пайда болатын дамудың ерекше жағдайларын емес, нәтижесінде кез келген бала адам болып қалыптасатын және онсыз қалыпты даму мүмкін болмайтын жалпы шарттарының маңызын бөліп көрсету болып табылады.

Адамдардың әр ұрпағы өзінің тәжірибесін, өзінің білімін, іскерлігін, психикалық қасиеттерін өз еңбегі арқылы көрсетеді. Оларға материалдық мәдениет бұйымдары (бізді қоршаған бұйымдар, үйлер, машиналар) сияқты рухани мәдениет шығармалары да (тіл, ғылым, өнер) жатады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінен бұрын жасалғанның бәрін қабылдайды, адамзат іс-әрекетін бойына сіңіріп, өмірге енеді.

Осы дүниені адамзат мәдениетін игере отырып, бірте-бірте оны жасауға сіңірілген тәжірибені, адамға тән білімді, іскерлікті, психикалық қасиеттерді бойына жинайды.

Баланың психологиялық өзгешеліктері қалай болса, солай пайда болмайды.

Баланың табиғи қасиеті, психикалық қасиеттер тудырмай-ақ оның жасалуына қажетті шарттар құрайды. Бұл қасиеттер өздері әлеуметтік мұраның арқасында пайда болады. Мысалы, адамның маңызды психикалық қасиеттерінің бірі сөздің дыбысын айыруға және білуге мүмкіндік беретін сөзді (фонематикалық) есту болып табылады. Бірде- бір хайуанатта бұл қабілет жоқ. Сөзбен берілген бұйрықты естігенде хайуанаттар тек қана сөздің ұзақтығын және дауыс ырғағын сезеді де,

сөздік дыбыстың өзін айыра алмайтыны белгілі болды. Бала табиғаттан есту аппаратының құрылысын және сөздік дыбыстарды ажыратуға жарамды нерв жүйесінің тиісті учаскелерін иемденеді. Бірақ сөзді естудің өзі тек ересектердің басшылығымен нендей бір тілді меңгеру процесінде ғана дамиды, оның үстіне сөзі ана тілінің ерекшеліктеріне бейімделген болып шығады.

Балада туған бойда ересек адамға тән мінез-құлық түрі болмайды. Дегенмен, мінез-құлықтың кейбір қарапайым формалары - шартсыз рефлекстер балаға туа бітеді де, олар баланың аман өсіп жетілуі, онан әрі психикалық дамуы үшін де өте-мөте қажет. Бала органикалық қажеттіліктер жинағымен оттекке қоршаған ауаның белгілі температурада болуына, тағамға т.б. деген қажеттіліктермен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған рефлекторлық механизмдермен туады. Қоршаған ортаның әр түрлі әсер етуінен балада қорғану және бейімделу рефлексі пайда болады.

Шартсыз рефлекстер негізінде балада ерте кезден-ақ сыртқы әсер мен олардың күрделіленуіне, реакцияның ұлғаюына апаратын шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Қарапайым шартсыз және шарты рефлекторлық механизмдер баланың сыртқы дүниемен тұңғыш байланысын қамтамасыз етеді және үлкендермен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәжірибенің әр түрлі формаларын игеру сатысына өтуге жағдай жасайды.

Қоғамдық тәжірибені түсіну процесінде жекелеген рефлекторлық механизмдер күрделі жүйеге - мидың функциональдық органына бірігеді. Мұндай жүйенің әрқайсысы біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейді, оны құрайтын буындардың міндетінен өзгеше жаңа қызмет атқарады. Сөзді есту, музыкалық дыбысты есту, логикалық ойлау, адамға тән басқа да психикалық қасиеттерді қамтамасыз етеді.

Балалық шақта балдырған ағзасы, атап айтқанда, оның нерв жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына баланың миының массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалық даму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс-әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Мидың жетілу барысы баланың сыртқы әсерді жеткілікті дәрежеде ала-алмауына, ересектердің, мидың белсенді қызмет жасауы үшін қажетті тәрбие жағдайын қамтамасыз ету-етпеуіне байланысты. Ғылым мидың жаттықпайтын бөлігі дұрыс жетілуден қалатынын және

тіпті жансызданып, семіп қалуы (жұмыс істеу қабілетін жоюы) мүмкін екенін дәлелдеді.

Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы біртектес іс- әрекеттен туатын ауыртпалықтарды ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионы қосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған.

Сонымен, баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шарттардың осы үдерісте атқаратын рөлі бірдей емес. Табиғи шарттар ағзаның құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі - психикалық даму үшін қажетті, онсыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.

Қоғамдық тәжірибе психикалық дамудың қайнар көзі болып табылады, бала ересектердің араласуымен одан психикалық сапалары мен жеке бастың қасиеттерін қалыптастыру үшін материал алады.

Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым
қуалаушылық рөлі

Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады: биологизаторлық және социологизаторлық.

Биологизаторлықбағыттаадамдытабиғаттанбелгілібірқабілеттерін, мінез-қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын, оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін, дарындылығын анықтайды. Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион (адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады. Оның басы және құйрығы болады; екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында

эмбрионда адамның беті пайда болады. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды.

Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.

Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі - XVII ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.

Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:


  1. Тұқымқуалаушылық

  2. Орта

  3. Тәрбие

Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие - флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.

Бала дамуына әсер етуші екінші фактор - орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.

Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.

Бала дамуына әсер етуші екінші фактор - тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.

Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды, бірақ та табиғи қабілетінің рөлін яғни жеке адамды туғаннан бастап бір-бірінен ерекшелейтін ми мен нерв системасының анатомиялық және физикалық ерекшеліктерін жоққа шығаруға болмайды.


  1. 3 жастан бастап кейбір балада дербестік, қарсыластық байқалады. Енді біреулері осы жаста тек қана үлкендердің айтуымен ғана әрекет етеді. Баланың табанына біткен қасиеттері күнделікті өмірге өзінің іс-әрекетінде сырттан әсер еткен ықпал мен тәрбиенің әсерінен көп жағдайда дамып, өзгеріп отырады. Баланың жеке басының дамуына тұқым қуалаудың қасиетінің мәні болғанымен бүкіл болашағын

  2. анықтайтын ол емес. Балаға көп әсер ететін қоршап тұрған әлеуметтік ортаның әсері.

Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л. С. Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым- қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С. Выготский енгізген.

Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.

Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі - берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі - жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.

Л. С. Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар - адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Сонымен, тұқымқулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі - бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму үдерісінде өзгерістерге ұшырайды. Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай?

Л. С. Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп көрсетті.



  1. Циклділік

  2. Дамудың бірқалыпты еместігі

  3. Бала дамуындағы метаморфоздар

  4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет