Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Мектеп жасына дейінгі балаларда таным үрдістерінің дамуы



бет50/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
12. Мектеп жасына дейінгі балаларда таным үрдістерінің
дамуы


Жоспар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі бала түйсігінің дамуы

  3. Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы.

  4. Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамыту

  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың суретті қабылдауы

  6. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы

Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы

Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс- әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.

Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінде бөлінеді. Бала жұмысты егер таң қалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаға үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», «назар аударып көр» деп айтады. Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет. Басқарылған қасиет басқарылған зейіннің дамуымен тығыз байланысты. Бұл

біріншіден сыртқы қасиетті басқару үлкендердің бұйрығымен орындалады. Мектепке дейінгі жаста бала өзінің функциясын жоспарлап, сөзге тоқталатын қасиетке ие болады. Бала хайуанаттар бағындағы жолда «мен бірінші маймыл, одан кейін қолтырауын көргім келеді» деп айтады. Ол алдына қызықты объектіні назар аударып көруді мақсат етеді. Бұл зейіннің дамуы өзінің қылықтарымен, әрекеттерімен байланысты. Мысалы: бала басқа балалармен араласқысы келеді, бірақ болмайды. Ол бүгін асханада кезекші. Ол біріншіден үлкендерге стол жасауға көмектесу керек. Бала жұмысты тұрақты істеуге дайындалу керек. Біртіндеп ол кезекші болуға үйрене бастайды, оған ұнайды. Оған құралдардың дұрыс қойылғаны ұнайды. Бұған зейін қоюдың қажеті жоқ.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Баланың бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейіні шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Д. Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс- әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгерілеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс- әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, ол өзіне суреттің қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке

дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.

Мектепке дейінгі шақта бала зейінін дамыту үшін сөзді қолданудың ықпалы ерекше. Баланың мінез-құлқын реттеуде сөзді қолданудың ықпалына байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді деген. Балаларға өздері үшін тартымы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі, сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс- әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор Бұл пікірді мектепке дейінгі жастағы балаларға да қолдануға болады.

Зейін қою қызығумен де тығыз байланысты. Қызыққан нәрсеге адам ілтипатын түсіріп зейін қояды. Бірақ қызықтырған нәрсе барлық

зейінді тәрбиелей бермейді. Сондықтан қызыққанға ғана зейін қоюға баланы әуестендірмеу керек, керісінші қызықтырмайтын жұмысқа қайрат-күш жұмсап, зейін қоя білуге тәрбиелеген мақұл. Мұғалім мен тәрбиеші мұны мұқият ескергені жөн. Ырықты зейінді үйреншікті зейінге тезірек айналдыру үшін, қалтқысыз беріліп жұмыс істеу керек.

Баланың зейіні өмірінің бірінші айларында көрінеді. Әуелі ырықсыз зейін орнығады. Бөбек әшекейлі нәрсеге көзін, әуезді дыбысқа құлағын салады. Тәрбиенің ықпалымен, дамып келе жатқан сезімімен, қызығуымен сабақтасып, ойын іс-әрекетінде жас балаларда ырықты зейін пайда болады.

Үлкендердің нұсқауымен түйінделетін ырықты зейін 3-5 жас аралығындағы балаларда болады. 3-7 жас аралығындағы баланың зейінін дамытуға ойынның ықпалы зор. Бала ойнағанда алдына мақсат қояды, ойынның айла тәсілін өздері таңдап, қиын әрекетін өздері ұйымдастырып, біреуі екіншісінің істегенін бақылайды. Бұл көріністерде ырықсыз да ырықты зейіннің қызметі бар.

Мектеп жасына дейінгі баланың ырықты зейінін дамытуға үй еңбегіне қатысуының, өзін-өзі күте білуінің пайдасы зор. Ырықты зейін мектеп жасында едәуір дамиды. Бала жасының толуына қарай зейіннің жеке-жеке қасиеттері - көлемі, ауысуы, бөлінуі, күші мен тұрақтылығы дамиды. Жасына толмаған баланың зейін көлемі өте тар болады. Бір қолына алма ұстап отырған бөбектің екінші қолына ойыншық тәтті ұстатсаң, алманы тастап жібереді. Өйткені зейінін екі жаққа бірдей бөле алмайды. Зейіннің бөлінуі баланың ойында, оқу үдерісінде, еңбекке қатысында үлкендердің басшылығымен жетіледі. Зейіннің белгілі дәрежедегі күші мен тұрақтылығы оқу оқуға, ақылдың әсіресе ойлаудың дамуына көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңде зейіннің күші мен тұрақтылығы баланың сезіміне бағынады. Олардың сезімі ұзаққа созылмайды, тұрақты емес. Сондықтан баланың зейіні де онша тұрақты болмайды. Сонда да олар ұзаққа созылмаса да біраз уақытқа тұрақты болып көрінеді. Мектеп жасындағы балаларда сезімнің тұрақтылығы арта түседі. Тәрбиеші баланың сезімін оятатын тәсілдер қолданып, зейіндерінің күші мен тұрақтылығын тәрбиелеп отыруға тиіс. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш - ерік. Зейіннің кейбір қасиеттері ерікпен бірге дамиды.

Мектеп жасына дейінгі бала түйсігінің дамуы

Бала жарық дүниеге келгеннен бастап, үлкендер сияқты қоршаған дүниені танып біледі деуге болмайды. Балаларда сезім органдары

бірте-бірте дамиды, олардың түйсінулерге қабілеттілігі тәжірибеге және тәрбиеге байланысты жетілдіріледі. Кішкене сәбидің нені түйсінетіндігі туралы біз тек қана олардың белгілі тітіркендіргіштерге жауап реакцияланын айта аламыз. Осы реакциялары бойынша өмірінің алғашқы күнінен бастап сәбиде жылылық пен салқындыққа тері түйсіктері қалыптасқандығын аңғаруға болады. Сәби көздері алғашқы күннен жарықтың өзгеруін бағдарлай бастайды. Түстерді ажырату баланың бір айлығында аңғарылады. Бала дүниеге келген алғашқы күндері естімейді. Оның себебі жаңа туған баланың ортаңғы құлағы ерекше жарғақпен бітелген, ол дыбысты өткізуге кедергі келтіреді. Алғашқы аптада бүбүл дене үгіліп түсіп қалады да, сәби дыбысты бағдарлайды. Бірте-бірте дыбысқа сезгіштігі қалыптасып, 2-3 айда дыбыстың бағытын айырады, басын дыбыс шыққан жаққа бұрады. Алғашқы екі-үш айлығында баланың барлық сезім орғандарының қызметі қалыптаса бастайды. Одан әрі бұл органдардың дамуы және түйсінулердің жіктелуі айырма сезгіштігінің күшеюіне байланысты іске асады. Мысалы, бала 4 жасында көптеген түстерді ажыратады. Ал есту түйсігі 2-3 жасында дамығандығы соншама, балалар кейбір адамдардың дауысын жеңіл айырып қана қоймайды, сонымен қатар жекелеген заттардың дыбысын және күрделі музыкалық әуендерді ажырата алады. Мектепке дейінгі кезеңде барлық түйсінулерге баланың абсолюттік сезгіштігі өте жоғары деңгейге жетеді. Үлкен адамдармен немесе мектеп оқушыларымен салыстырғанды мектепке дейінгілерде айырма сезгіштігі өте жоғаны дамыған. Мектеп жасындағы балалардың түйсіктері одан әрі дами түседі. Ал шәкірттеде ең алдымен айырма сезгіштігі жақсы дамиды. Күшті қарқынмен көру және есту сезгіштіктері жақсы дамиды. Психологтардың арнайы зерттеулері көрсеткендей 7-ден 10-жасқа дейінгі шәкірттерде түстердің белгілеріне сезгіштігі 45% артады, ал 10-нан 12 жасқа дейінгілерде 60% дейін арта түседі. Түйсіктердің түске саралануына сурет салуға үйретудің мәні орасан зор. Мектеп жасында шәкірттедің есту түйсіні жан-жақты дамиды. Әсіресе ән-күйді есту сезгіштіктерін дамытуда алатын орны ерекше. Түйсіктерді дамытуда дұрыс ұйымдасқан тәрбиенің мәні өте зор.

Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау іс-әрекеттерінің дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру, заттардың қасиеттеріне баланыңбағдарлануы дамудың тек бір ғана жағы. Біріншімен тығыз байланысты екінші жағы - қабылдау іс-әрекетін жетілдіру.

Бала мектепке дейінгі шаққа сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс-әрекетін меңгере отырып өтеді. Бірақ бұл іс-әрекеттер әлі тым жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс-әрекетінің жаңа

түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан қатынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, аттардың күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс- әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралығы табысты іс-әрекеттер үшін мүлде жеткіліксіз болып шығады.

Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы-жаманды етіп сала алады, бірақта ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша текшелерді құрастыру үдерісінде белгілі форма мен өлшемдегі текше жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып алады, әйтсе де қажетті текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс-әрекетпен байланысты балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін көрсетеді.

Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгеруі туралы әр түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жаңа заттармен танысуын байқап отырып қорытынды шығаруға болады. Мектепке дейінгі үш жастағы балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның қандай екенін және не қызмет атқара алатындығын анықтауды сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай бастайды. Олардың затты қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды: заттың қандай екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт жастағы балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді, көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда бір-бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен белгілерді атайды.

Бес, алты жасар балаларда затты неғұрлым жоспарлы да тұрақты тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай-бұлай аударып-төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра белгілі ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді. Тек алты-жеті жасқа жеткенде (сонда да балалардың бәрінде емес) заттарды толықтай жүйелі, жоспарлы қарайтындықтарын бақылауға болады. Бұл балалар

затты қолында ұстауға құмартпайды, олар тікелей көру қабылдауын пайдалана отырып, заттың қасиеттерін ойдағыдай толық сипаттайды.

Осы байқаулардан, әуел баста бала заттардың қасиеттері жөніндегі мағлұматтарды қабылдаудан гөрі олармен практикалық іс-әрекет істеуден алады. Сосын қабылдау практикалық іс-әрекетпен ұштасады, олар бір-біріне жәрдемдескен секілді болады. Тек мектепке дейінгі балалық шақтың соңына таман қабылдау іс-әрекеті бірқатар ұйымдасқан әрі тиімді бола бастайды.

Эксперименттердің бірінде балаларға қарап көру және кейін тани білу үшін бұрыс формалы фигуралар берілді. Фигураға көз жүгірту киноға түсіру арқылы бақыланды. Үш жастағы балалар фигураның ішіне көз жүгіртеді, кейде осьтік бағыт бойынша да көз салады. Көз жүгірту саны онша көп болмайды. Төрт жастағы балалардың көз жүгіртуі көбінесе фигураның ішкі жағымен өтеді. Контур бойынша көз жүгірту мүлде жоқ деуге болады. Әйтсе де баланың фигураны көзбен өлшегісі келгендей алымды, мол қамтушы көз салулар пайда болады. Сонымен бірге фигураның ерекше белгілеріне көз тастайды, бір-біріне жақын орналасқан көз салуды жазу топтары да пайда болады. Көз жүгіртудің жалпы саны фигураны қараған кезде үш жастағы баланың көз жүгіртуімен салыстырғанда екі есе артады. Таңдау нәтижелері жақсара түседі. Бес жастағы балалар да фигураны төрт жасар балалар сияқты қарап шығады, бірақ олармен салыстырғанда, нұсқаның бір ерекше бөлігін тексереді. Таңдау кезіндегі қателер мүлде дерлік жойылады. Ақырында алты жастағы балалардың көз жүгіртуі мүлде дерлік фигураның нұсқасы арқылы өтеді. Көз жүгірту саны айтарлықтай көбейеді. Фигураны таңдауда қателер болмайды.

Заттардың формаларын қабылдау тәсілдеріндегі ұқсас өзгерістер фигуралармен сезіну арқылы танысу үдерісіндегі бала қолының қозғалыстарын зерттегенде осыны байқауға болады (бала фигураны қарап көрмей қолымен сипап көреді). Үш жастағы балалар қолына фигураны ұстап сілкіп қояды, бірақ сипап қарамайды. Төрт жаста фигураның нұсқасын бір қолымен, бірақ саусақтарымен емес, алақанымен сипап қарау әрекеті пайда болады. Бес жасар балалар фигураны екі қолымен сипалайды жеке ерекше белгілерін (ойыңқы, шығыңқы жерлерін) мұқият тексереді. Алты жастағылар фигураның нұсқасын саусақтарының ұшымен біршама толықтай сипалап шығады. Мұнда сезіну қабылдауының дамуы көру қабылдауынан кейін қалыптасады және оның нәтижелері біраз төмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет