Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет49/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Мектеп жасына дейінгі бала психикасын дамытушы іс-әрекет түрлеріне тоқталып өтіңіз

  2. Оқу іс-әрекетінің баланың ақыл-ойы мен сана сезімін дамытудағы ролі қандай?

  3. Ойын - бала психикасын дамытушы басты құрал

  4. Бала психикасын жан-жақты дамытушы ойын түрлері

  5. Еңбек іс-әрекетінің бала психикасын дамытуға ықпалы

  6. Жетекші іс-әрекеттердің баланың психикасын дамытуға ықпалы

  7. Балада оқу ынтасының пайда болуы

  8. Баланың оқу іс-әрекетін меңгеруі.

  1. тапсырма

Алмастың маскүнем әкесі оның көзінше анасын жәбірлейді. Ол бейнелеу өнері сабағында сүйкімсіз адам бейнесін салды. Тәрбиешінің «Бұл кім?» деген сұрағына, ол өз әкесін салғанын жасырып, жалтарып жауап берді: «Бұл маскүнем, арақ ішу - жаман әдет» деді.

Алмастың мінез-құлқындағы негізгі ниетті анықтаңыз.



  1. тапсырма

Екі баланың анасы өзара сөйлесіп отыр:

  • Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің Ғалымжанымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты салуды көрсетсем де бәрібір нашар салады.

  • Ал, сіз балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?

  • Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ оның сурет салуға қабілеті мүлде жоқ па деймін.

Сұрақ: Ғалымжанның анасының пікірі дұрыс па? Балалардың бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?

  1. тапсырма

Балалардың салған суреттеріне талдау жасап, оған өздерінің қатысын, ерекшеліктерін анықтаңыз. Баланың салған суретіне қарай отырып, оның анасына, әжесіне, әпкелеріне, құрбы-құрдастарына деген қарым-қатынасын түсінуге бола ма? Суретте бұл қалай көрініс береді?

  1. тапсырма

Құрастыру әрекетінің бала психикасының дамуына ықпалы қандай?

Құрылыс материалдары мен құрастырудың бірнеше түрі мен типі болса да, балалардың құрастыру ісімен кем шұғылданатынын қалай түсіндіруге болады?

Тест сұрақтары:


  1. Құрастырудың басты кезеңі қалай аталады?

  1. үлгіні тексеру

  2. үлгіні кесу

С) үлгіні құрастыру

Д) үлгіні жасау

Е) үлгіні кескіндеу


  1. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор - ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» сөзінің авторы

  1. А. С. Макаренко

  2. А. П. Усова

  3. В. А. Сухомлинский

Д) Л .С. Выготский

Е) Л. И. Божович



  1. «Ойын басқа тәрбие формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді»

  1. А. П. Усова

  2. В. В. Давыдов

  3. Ю. А. Левин

Д) Е. Е. Кравцова

Е) Е. Г Сапогова



  1. «Ойын дегеніміз - орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз - бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын»..

  1. В. А. Сухомлинский

  2. Т В. Тарунтаева

  3. Л. П. Болтунов

Д) А. Н. Леонтьев

Е) Д. Б. Эльконин



  1. Әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір- бірімен келісімді болуын жоспарлайтын ойын түрі.

  1. құрылыс ойыны

  2. ұлттық ойын

  3. қимылды ойын

Д) дидактикалық ойын

Е) сюжетті-ролді ойын



  1. Қандай ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады.

  1. ұлттық қимылды ойында

  2. құрылыс ойынында

  3. стол үсті ойынында

Д) дидактикалық ойында

Е) сюжетті-ролді ойында

7) Қандай ойын арқылы балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді?


  1. ұлттық ойын

  2. шығармашылық ойыны

  3. қимылды ойын

Д) дидактикалық ойын

Е) сюжетті-ролді ойын



  1. (өнімді еңбек жөнінде сөз болып отыр) қогамга пайдалы өнімдерді - адамзатқа қажетті материалдық және рухани байлықтарды жасауза бағытталған іс-әрекет түрі

  1. еңбек

  2. оқу

  3. ойын

Д) қарым-қатынас

Е)тәрбие


  1. Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:

  1. үлгі бойынша құрастыру;

  2. шарттар бойынша құрастыру;

  3. ойлау арқылы құрастыру.

Д) ойлау, үлгі арқылы құрастыру

Е) барлық жауап дұрыс



  1. Үлгі бойынша құрастыру, шарттар бойынша құрастыру, ойлау арқылы құрастыру типтері қандай іс-әрекетке жатады?

  1. құрастыру

  2. ойын

  3. оқу

Д) еңбек

Е)тәрбие




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет