100
– барлық қызметкерлерді сапаны арттыру мәселесіне тарту стилін,
атап айтатын болсақ, сапа саясаты мен сапаның мақсаттарын білуді,
мақсаттар негізінде басқару әдістерін енгізу, белсенді қызметкерлерді
көтермелеу, біліктілікті арттыру жөнінде іс-шара жүргізу;
– үздіксіз жақсарту үдерісі, мысалы, нақтылаушы және алдын ала
тексеру іс-шараларын жүргізу, сапаны арттырудың қазіргі заманғы
әдістемелерін қолдану;
– үдеріске бағдарлану, мысалы, клиент жеткізуші ішкі қатынастарын
анықтау;
– үдерістің сапасын өлшеуге арналған мүмкіндіктер, мысалы,
статистикалық әдістер;
– тұтынушылардың тілектерін анықтау мен оларды іске асыру, мы-
салы,
социологиялық сұрақтамалар, QFD әдісі.
Аудит жүргізу үшін кәсіпорын басшылығы кіретін арнайы оқытыл-
ған топ құрылады. Аудит жүргізген кезде мына ережелерді басшылыққа
алу керек:
– әріптестік қатынастар –
аудиттің маңызды талабы;
– аудиттің нәтижелері есеп түрінде көрсетіліп, талқылауға ұсынуға
тиіс;
– нақтылаушы және ескерту іс-шаралары барлық мүдделермен
бірлесіп
әзірленуге тиіс;
– аудит –
бұл бір жолғы акция емес, тұрақты үдеріс.
Аудиторлардың бағаларын, яғни басшылардың бағаларын тек-
серілетін бөлімшенің өзіне берілген бағасын салыстырудан қызықты
нәтижелер алуға болады. Келіспеушіліктер мен ұқсастықтар пікірталас
тудырады, өнертабыс іс-шараларын әзірлеуге негіз болады. Аудитор-
лық тексерістің басшылар мен қызметкерлердің жеке ұсыныстары бар
нәтижелері қатаң құпия болып табылады және жарияланбауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: