Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


ИСО 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ)



Pdf көрінісі
бет28/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

2.3 ИСО 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) 
негізгі жайы 
Халықаралық деңгейде ИСО 9000 сериясының стандарттары сапа 
менеджмент жүйесінің негізін құрайды.
Сапа  менеджменті  –  сапа  жүйесін  бірыңғай  басқару.  Сапа  жүйесі 
–  тұтынушыларға  жоғары  сапалы  өнімді  шығаруына  кепіл  беретін 
техникалық шаралар.
Халықаралық  ИСО  9000  сериялы  шаралар  сапа  жүйесі  қалай  бо-
луына  әдістемелік  нұсқау  болып  табылады.  Сапа  жүйесі  мекемелердің 
экономикалық жағдайына себеп болып келеді. Сапа жүйесінің мақсатта-
рын орындау техникалық және адам факторларына байланысты.


48
  Сапаны  басқару  халықаралық  тәжірибесі  ИСО  9000  сериялы 
халықаралық стандарттар пакетінде негізделген, ол 1987 ж. наурызда 
стандартизация бойынша халықаралық ұжыммен қабылданды және пе-
риодты түрде жаңарады. 1994 ж. осы сериядағы стандарттардың екінші 
басылымы  шықты,  2000  ж.  бұл  стандарттардың  үшінші  басылымы 
шықты.
ИСО 9000 сериясындағы стандарттар талаптар жиынын құрайды, 
олар  әртүрлі  дәрежеде  барлық  өнеркәсіптерде  орындалады  (контракт 
анализі,  құжаттаманы  жүргізу,  шығарылатын  өнімді  бақылау).  Бұл 
жұмыстар жүйелі түрде емес, бөлім ретінде өткізіледі. Стандарттар бұл 
жұмыстардың  жүйелі  түрде  өткізілуін,  құжаттандырылған  үдерістер 
негізінде нәтижелердің бекітілуін талап етеді.
Бұл стандарттардың ерекшелігі еркіндік болып табылады, дайындау-
шы ИСО 9000 бойынша сапа жүйелік құру немесе құрмауды өзі біледі, 
бірақ  мұндай  шешім  қабылданғаннан  кейін  стандарттың  талаптарын 
орындауға міндетті. 
Егер  тиімді  тапсырыс  болса,  онда  контракт  құру  талабы  серти-
фикатталған сапа жүйесі бар болса, жиі өнеркәсіп басқарушысы сапа 
жүйесін  тапсырыс  беруші  талабымен  енгізеді.  Ал  сертификаттау  бір 
нәрсеге сәйкестендіру бойынша жүргізіледі. ИСО 9000 сериясындағы 
стандарттар өнеркәсіптің жеке жұмыс сферасынан. Бұл стандарттардың 
маңыздылығы  олардың  әмбебаптылығы,  яғни  жұмыстың  шектеусіз 
барлық  түрінде  қолданылуы.  ИСО  9000  стандарттарында  минимал-
ды  талаптар  қойылған,  өнеркәсіптің  көрсететін  қызметтері  немесе 
өндіретін өнімдеріне қарамастан ұжым сапаны қамсыздандыру талап-
тарына  сәйкес  болу  керек.  Егер  сапаны  басқару  жүйесі  көрсетілген 
стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда ол өнеркәсіптің көрсететін 
қызметтерінің немесе шығарылатын өнімдерінің сапасы талаптарға сай 
екенінің нақты дәлелі болып табылады.
ИСО  9000  стандарттарының  ерекшелігі  сапа  жөнінен  ұжым 
басшылығының  жауапкершілік  дәрежесі  болып  табылады.  Ұжым 
басшылығы  сапа  жағынан  саясаттың  жүргізілуіне,  сапаны  басқару 
жүйесінің жұмыс істеуіне, енгізілуіне, құрылуына жауап береді және 
осының бәрі құжаттарда нақты хатталуы керек. Басшылық міндеттері-
не: мамандарды таңдау және өнімді өлшеу, бақылау, сынау жабдықтары 
үшін қажетті ресурстардың бөлінуі, сонымен қатар ақпараттық қамту 
үшін  компьютерлік  техника  кіреді.  Сонымен  қатар  осының  бәрі 
құжаттарда нақты хатталуы керек.
Басшылық  біліктіліктің  керекті  деңгейін  орнату  керек  және 
мамандардың уақытылы мамандығын жоғарылатуды бақылау керек.
– халықаралық ИСО 9000 стандарттары Қазақстанда СТ РК ИСО 
9000-2001 жеке стандарттары ретінде барлық жерде енгізілуде.


49
Қазіргі таңда стандарттар санын едәуір азайтты.
ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесі – Талаптар. 
ИСО  9004:  2000  Сапа  менеджменті  жүйесі  –  жұмысты  жақсарту 
үшін  ұсыныстар.  Осы  екі  стандарт  сапа  менеджменті  жүйесін  енгізу 
және жетілдіру үшін негізгі болып табылады.
ИСО  9000:  2000  Сапа  менеджменті  жүйелері  –  Негізгі  жайлары 
және сөздік.
ИСО 10011: 2000 Сапа жүйесінің құжаттарының құрылымы. Сапа 
менеджменті жүйесінің құжаттамасына кіреді. 
Сапа менеджмент жүйесінің құжатнамасына мыналар кіреді: 
1.  Сапа  облысындағы  мақсат  пен  саясат  туралы  арыз.  Өндірістің 
сапа аумағындағы қызметі және жалпы бағыттары және ол жоғарыда 
негіз ретінде енгізілген. 
Ереже бойынша ол келесі аумақтарда қолданылады. 
жаңа техника мен технология
– өнімді жаңарту немесе жаңа өнім; 
– тұтынушыны қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;
– әлеуметтік сұрақтар және қызметкерлердің канағаттануы; 
– жабдықтаушылар, қалдықтарыдың төмендеуі, ресурстардың эко-
номикасы. 
Мақсаттар тек қана декларация ғана емес, ол нақты, қол жеткізуге 
болатын,  тексерілген  болуы  тиіс.  Оның  жан-жақты  бағыттарын 
«Саясатқа» қоса бермеу керек. Жоғарғы басшылықтар приоритеттерін 
анықтап,  3-4  мақсат  беруге  міндетті.  Осыған  қарай  бұл  басқа  да 
бағыттарын қарастырмауға болмайды деген сөз емес, жәй ғана саясатқа 
кірмеу. Егер «Саясатқа» кірген жағдайда ол бірінші орында болатыны-
на күмән болмайды. Осыдан кейін жоғары басшылықтар қол қойғаннан 
кейін сол «Саясаттың» міндеттерін орындауға мұқтаж болады. 
2. Сапа басқармасы.
Барлық  сапа  жүйелеріне  жалпылай  мәлімет  беру.  Құрылымдары 
ИСО 9001 стандарт құрылымына сәйкес болу керек. 
Сапа  басқармасын  тағайындаудың  маңыздысы  оның  жүйе  құрау-
шыларынан тұрады. Сапа басқармасы – концепті басты құжат, ол ме-
кеме жайлы түсініктеме беретін визит картасы болып табылады. Сапа 
басқармасы  сапа  жүйесін  енгізуде  әрдайым  анықтамалық  функция-
сын  орындайды,  жұмыс  күйін  қолдайды.  Ірі  мекемеде  сапа  басқарма 
иерархиясы болуы мүмкін:
жалпы сапа басқармасы;
– әртүрлі бөлімдерге сапа басқармасы;
– әртүрлі өндіру үдерісімен, сонымен байланысты жобалау функ-
циялары, материалдық-техникалық жабдықтау сапа басқармалары.
4–8683


50
ИСО 9001 стандартына сай, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрып, 
әр қайсысы сапа басқармасының (4 пункті) бөлімінде жазылады:
1. Басқарманың жауаптылығы;
2. Ресурс менеджменті;
3. Өмірлік циклдің үдерісі;
4. Өлшем, анализ, жақсару.
Процедуралар
Процедуралар,  бөлімдермен  орындалатын,  сапа  жүйесі  доку-
менттерінің  2-деңгейін  құрайды.  Әрбір  процедура  құжат  болып  та-
былып,  жалпы  процедураны  сипаттайды.  Мұндай  құжат  бөлімнің 
құрылымдық схема мен функционалдық міндеттері кіреді. Құрылым-
дық  бөлімдер  бір-бірімен  функционалдық  байланысы  мен  міндетті-
лігін көрсететіндіктен, мұндай процедураларды енгізу өте пайдалы.
ИСО 9001 стандарттарының талабына сай мекеме міндетті құжат-
тық процедураларды тағайындап, жұмыс барысында қолдау керек:
1. Құжаттаманы басқару;
2. Сапа жазбаларын басқару;
3. Ішкі аудиттерді өткізу;
4. Сәйкес келмейтін өніммен басқару;
5. Жөнделетін амалдар;
6. Алдын алатын шаралар. 
1. Құжаттаманы басқару
Мекемеде құжаттаманың тәртібін басқару қамтамасыз етеді. Олар 
анықталған жүйемен жасалынып, бір-біріне төлнұсқау және бір-біріне 
қарма-қарсы болмауы керек.
2.  Нақты  халықаралық  стандарттарының  талаптарына  міндетті 
құжаттамалар  үдерістер  (құжаттама  деңгейі,  түсініктеме  жазбаның 
тереңдігі  мен  нақтылығы)  өз  мекемесінің  айналысатын  қызметі 
мен  көлеміне  байланысты  анықталады,  үдерістің  қиындығы  және 
өзара  қызметтері  және  қызметкерлердің  дәрежесіне  байланысты). 
Құжаттамаларды басқару, сапа жайындағы жазбалар, ішкі тексерулер-
дің  өтуіне,  өнімнің  сәйкестік  еместігін,  ескерту  қызметі  және  тағы 
басқалары үдерістерге енеді. 
3. Мекемеге үнемді жоспарлау үшін қамтамасыз ететін құжаттама-
лар,  үдерістермен  жұмыс  істеу  және  оларды  басқару;  (бөлімшелер 
туралы  жағдайлар,  қызметкерлердің  нұсқаулары,  регламенттер, 
технологиялық нұсқамалар).
4. Сапа туралы жазбалар, оларды қатаң түрде мекеме талап етеді, 
жиналған тәжірибені, яғни мекеме жиналған жинақтарды қандай түрде 
сақтайтынын  өзі  біледі.  Кестеде  біршама  мысалдар  келтірілген,  яғни 
сол жазбалар ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін көрсетеді. 
 


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет